Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ОРДАБАСЫДА МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

ОРДАБАСЫДА МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Ордабасы ауданына ҚР Ауылшаруашылығы министірлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Сәкен Қаныбеков іс-сапармен келді. Осы ретте, аудан әкімі Азат Оралбаев Бөржар ауылдық округіне қарасты алқапқа барып, зиянкестерге қарсы күрес жұмыстарының барысымен таныстырды. Кездесуде Сәкен Қаныбеков жауапты сала басшылары мен арнайы мамандарға зиянкестерге қарсы күрес жұмыстарын межелі уақытта сапалы аяқтауды тапсырды.
Биыл аудандағы 8,5 мың гектар аумаққа зиянкестердің таралу мүмкіндігі анықталып, 10-нан астам зиянкескердің ошағына химиялық өңдеу жұмыстары жүзеге асуда. Ауданда жалпы зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарына 5 дана арнайы техника, 20 дана аспалы бүріккіш құралдар мен 20 арнайы өңдеуші мамандар жұмылдырылған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*