Шардара ауданының 60 жылдығына орай композиторларға арналған облыстық «Кел, досым Шардараға» атты байқау өтті. Шараға келген аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков қатысушыларға сәттілік тіледі. Мәдени шарада ҚР мәдениет саласының үздігі, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, композитор Бекжігіт Сердәлі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Әлібек Шегебай, «Казимпэкс — Ақтау» қорының директоры, ақын Дайрабай Үсіпбаевтар қазылық жасады.
Облыстық композитор байқауына әрбір аудан-қаладан келген талантты композиторлар қатысты. Нәтижесінде бас жүлдеге Мақтаарал ауданынан келген Серғазы Байдуллаев ие болса, 1-орынды Түркістан қаласынан Анарбай Тұрманов жеңіп алды. Жүлделі 2-орынға шардаралық Ахмет Молдағұлов пен келестік Заман Нұрханов ие болды. Сондай-ақ, Кентау қаласынан Ерғали Шырынбеков, Шардара ауданынан Роза Шығанақова, Сауран ауданынан Шерхан Әлібековтер 3-орынды иеленді. Шара соңында барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі