Түркістан қаласында білім беру саласын дамыту, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл үдерісте білім алушылардың академиялық жетістіктерімен қатар, олардың бойында азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық белсенділікті қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Осы ретте мектептерде тәрбиелік бағыттағы жобаларды тиімді ұйымдастыру арқылы ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын ұрпақ тәрбиелеуге басымдық беріліп отыр.
Қоғамның дамуы мен мемлекеттің болашағы ең алдымен өскелең ұрпақтың тәрбиесіне тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі таңда жас буынға сапалы білім берумен қатар, олардың бойына ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді сіңіру – білім беру ұйымдарының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасының маңызы ерекше.
«Адал азамат» бағдарламасы – жас ұрпақты елін сүйетін, ұлттық рухы жоғары, еңбекқор, білімді әрі жауапты тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған кешенді тәрбие жобасы. Бағдарлама аясында оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік, құрмет пен еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттерді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Бүгінгі оқушы – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат. Сондықтан олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау мәдениетін орнықтыру аса маңызды. «Адал азамат» бағдарламасы осы міндеттерді жүзеге асырудың тиімді тетігіне айналып отыр.
Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі – ұлттық құндылықтарды заманауи талаптармен ұштастыра отырып, жас ұрпақтың рухани дүниесін байытуында. Оқушылар туған жердің тарихын танып, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге, өз елінің дамуына үлес қосуға ұмтылады. Мұндай тәрбие олардың азаматтық ұстанымын нығайтып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады.
Біздің мектепте де «Адал азамат» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Түрлі тәрбиелік іс-шаралар, патриоттық кездесулер, қайырымдылық акциялары мен қоғамдық жұмыстар арқылы оқушылардың бойында адалдық пен жауапкершілік сияқты құндылықтар қалыптастырылуда. Әрбір шәкірттің өз қабілетін дамытуына және қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына барлық жағдай жасалуда.
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелі болуы педагогтердің кәсіби білімі мен оқушыға үлгі боларлық тұлғалық қасиеттеріне де тікелей байланысты. Осыған орай педагог кәсібінің беделін арттыру, ұстаз еңбегін қоғамға кеңінен таныту және жас ұрпақ арасында мұғалім мамандығының маңызын насихаттау – білім беру саласындағы маңызды міндеттердің бірі. Ұстазға деген құрметтің қалыптасуы оқушының білімге, еңбекке және жауапкершілікке деген көзқарасына да оң әсер етеді.
Өскелең ұрпақ арасында педагог кәсібін танымал ету бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының да маңызы зор. Мемлекеттік тілде әзірленген мазмұнды ақпараттар, педагогтердің жетістіктері мен озық тәжірибесін насихаттайтын материалдар жастардың ұстаздық мамандыққа қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте мұғалімнің қоғамдағы орны мен жас ұрпақ тәрбиесіне қосатын үлесін көрсету маңызды.
Мектепке дейінгі және орта білім беру кезеңдерінде баланың бойындағы негізгі құндылықтар қалыптасатыны белгілі. Сондықтан білім беру ұйымдарында оқу мен тәрбиенің өзара сабақтастығын қамтамасыз ету, баланың жас ерекшелігіне сай рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту және ұлттық тәрбие негіздерін нығайту тұрақты назарда болуы қажет. Мұндай жүйелі жұмыс баланың мектеп қабырғасынан бастап жауапты азамат ретінде қалыптасуына берік негіз қалайды.
Түркістан қаласындағы білім беру ұйымдарында осы бағыттағы жұмыстарды ақпараттық сүйемелдеу мен қоғамға түсіндіру де маңызды рөл атқарады. Білім саласындағы оң өзгерістерді, педагогтердің еңбегін, тәрбиелік бастамаларды және оқушылардың жетістіктерін мемлекеттік тілде кеңінен насихаттау ата-ана, мектеп және қоғам арасындағы байланысты нығайтады. Бұл өз кезегінде білім беру саласына деген қоғамдық сенімді арттырып, жас ұрпақ тәрбиесіне ортақ жауапкершілікті күшейтуге ықпал етеді.
Елдің ертеңі – білімді де тәрбиелі жастар. Сондықтан «Адал азамат» бағдарламасы арқылы қалыптасқан жас ұрпақ адал еңбек етіп, қоғамның дамуына өз үлесін қосатын, мемлекетіміздің сенімді тірегіне айналатынына сенім мол.
Мектеп директоры М. Божбанбаев
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары