Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » «Оқитын ұрпақ – ойлы ұрпақ, адал азамат – жарқын болашақ кепілі!»

«Оқитын ұрпақ – ойлы ұрпақ, адал азамат – жарқын болашақ кепілі!»

Түркістан қаласында білім беру саласын жетілдірумен қатар, өскелең ұрпақтың рухани және зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған тәрбиелік жұмыстарға да ерекше мән берілуде. Қала мектептерінде білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және қоғамдық ортада белсенді болуына жағдай жасау бағытындағы бастамалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл жұмыстардың барлығы сапалы білім мен саналы тәрбиені қатар қалыптастыруға бағытталған.

Жас ұрпақтың бойында білімге, ізденіске және кітап оқуға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыруда педагогтердің еңбегі ерекше. Ұстаздың жеке үлгісі мен кәсіби ұстанымы оқушының оқу мәдениетіне тікелей әсер етеді. Сондықтан педагог кәсібінің беделін арттыру, мұғалім еңбегін қоғамға кеңінен таныту және ұстаздық мамандықтың жауапкершілігі мен маңызын өскелең ұрпаққа түсіндіру білім беру саласының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Педагог кәсібін жастар арасында танымал ету мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізудің де маңызы зор. Ұстаздардың кәсіби жетістіктерін, шығармашылық ізденістерін және шәкірт тәрбиесіндегі нәтижелі тәжірибесін мемлекеттік тілде кеңінен насихаттау арқылы мұғалім мамандығына деген құрметті арттыруға болады. Бұл ретте мектептегі білім мен тәрбие үдерісінің сапасын арттыруға үлес қосып жүрген педагогтерді қоғамға таныстырудың тәрбиелік мәні жоғары.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және мектеп қауымдастығы!

Н.Төреқұлов атындағы №8 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың рухани-адамгершілік дамуына, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – өз Отанын сүйетін, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, білімді, еңбекқор, жауапты әрі адал азамат тәрбиелеу. Осы мақсатта мектебімізде түрлі тәрбиелік жобалар мен бастамалар табысты жүзеге асырылуда.

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында жұмыс істейтін «Талқылайық» оқырмандар клубы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, оқылған шығармалар бойынша ой бөлісуге, пікір алмасуға және әдеби талдау жасауға мүмкіндік беріп келеді. Клуб жұмысы арқылы оқушылардың сөздік қоры дамып, сыни ойлау дағдылары қалыптасуда.

Сонымен қатар, мектеп ұстаздарынан құралған «Үлгі» оқырмандар клубы кітап оқуды насихаттап, педагогтердің кәсіби және рухани дамуына ықпал етуде. Ұстаздардың кітап оқу мәдениетін дәріптеуі оқушылар үшін өнегелі үлгі болып табылады.

Ал бастауыш сынып оқушыларынан құрылған «Ғибрат» оқырмандар клубы жас оқырмандардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттырып, олардың оқу сауаттылығын жетілдіруге бағытталған. Клуб мүшелері ертегілер мен балалар әдебиетін оқып, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруде.

Мектебімізде этносаралық келісім мен қоғамдық татулықты нығайту мақсатында «Шаңырақ» балалардың кіші ассамблеясы да белсенді жұмыс жүргізуде. Ассамблея аясында өткізілетін мәдени-танымдық іс-шаралар, достық кездесулері мен шығармашылық жобалар оқушылардың өзара сыйластық, бірлік, толеранттылық және қазақстандық патриотизм құндылықтарын терең түсінуіне мүмкіндік береді. Бұл жұмыстар жас ұрпақтың бейбітшілік пен келісімді басты құндылық ретінде қабылдауына ықпал етуде.

Сонымен қатар, оқу жылы барысында «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» «Еңбекқорлық пен кәсіби бағдар», «Жасампаздық және жаңашылдық», «Бірлік және ынтымақ», «Әділдік және жауапкершілік» бағыттары бойынша сынып сағаттары, қайырымдылық акциялары, экологиялық жобалар, патриоттық кездесулер, пікірталастар мен мәдени-көпшілік іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

Бағдарламаны жүзеге асыруда ата-аналар қауымдастығы мен әлеуметтік серіктестердің қолдауы ерекше маңызға ие. Себебі сапалы тәрбие – мектеп, отбасы және қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі.

Біз «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, білімді, мәдениетті, кітапсүйер, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын жас ұрпақты тәрбиелеуді басты міндетіміз деп санаймыз.

Түркістан қаласы, Н.Төреқұлов атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп директоры Ж.Орынбаева

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*