Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жол сапасына айрықша назар аударып келеді. Мемлекет басшысы Үкіметке, жергілікті әкімдерге республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Шымкент аумағындағы жол инфрақұрылымын жақсартуда, жолдардың сапасын арттыру бағытында қабылданған 2021-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары жоспары кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Қаламыз үшін ең маңызды мәселенің бірі —жол сапасы мен көшедегі көлік қозғалысын реттеу. ...
Читать далее »Көкейтесті
Келесі жылдан бастап емханаларға талап күшейтілмек
Алдағы жылдан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 10 мыңнан аз тіркелген халқы бар алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдармен шартқа отырмайды деп жоспарлануда. Бұл медициналық мекемелер арасында қаржыны тиімді бөлуді қамтамасыз етіп, пациенттердің қолжетімді, сапалы және уақтылы медициналық көмекке құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді. Өзгертілген бұйрық жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Олар құп көрсе, Қормен жұмыс жасайтын медициналық ұйымдарды да айналып өтпейді. Бұл ...
Читать далее »Қызылша мен қызамық – біріне бірі өте ұқсас жұқпалар
Қызылша мен қызамық – біріне бірі өте ұқсас жұқпалар. Екеуінің де қоздырғышы вирус. Ауру ауа арқылы жұғады. Екеуіне тән негізгі белгі- денеде бөртпелердің пайда болуы. Қызылша. Вирус адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы енеді, онда көбейіп, қанға енеді. Қан арқылы әртүрлі ағза мүшелеріне тарап, тамақ безін, бауырды,өкпені, жілік майын зақымдайды. Қызылша қалай өтеді? Тұмау ауруларына ұқсайтын белгілерден басталады(дене қызуының көтерілуі,жөтел,көздің ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ-ТАШКЕНТ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТА ТҮСЕДІ
Мемлекет басшысы туризм саласына ден қою керегін үнемі тапсырып келеді. «Тағы бір маңызды мәселе. Үкімет және Парламент туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс. Еліміздегі туризмнің әлеуеті зор, көрікті жерлеріміз өте көп. Бірақ сол жерлерге барып, демалуға әлі де жұрттың қолы жете бермейді. Бұл салаға тың серпін беру үшін, ең алдымен, инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту ...
Читать далее »БАСҚОСУДА БІЛІКТІ МАМАНДАР ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ, ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕСТЕРІН ҰСЫНДЫ
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы» шымкенттік аналармен кездесуін жалғастыруда. Кезекті басқосу «Бақытты жанұя» орталығына қарасты әлеуметтік осал санаттарға жататын аналар арасында өтті. Іс-шараның мақсаты – қиын жағдайға тап болған әрбір әйелге психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету. Сонымен қатар, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету, ең маңыздысы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, ...
Читать далее »Қызылша ауруы туралы не білеміз?
Қызылша – ауа жолы арқылы өте жылдам таралатын вирусты жұқпалы аурулардың бірі. Бұрын қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен байланыста болса, жұқтырып ауырып қалу мүмкіндігі өте жоғары. 1963 жылы қызылшаға қарсы вакцина егуге және вакцина егу кеңінен тарағанға дейін, қызылша ауруының ірі эпидемиясы 2-3 жылда қайталанып, жылына 2,6 миллионға дейін өлім жағдайлары тіркелген. Ауру байланыс және ауа арқылы ...
Читать далее »Ботулизм ауруы және оның алдын алу жолдары
Ботулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық ауру түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин – органикалық улардың ең күш¬тілерінің бірі, адам үшін өлтіретін мөлшері болып 0,035 мг токсин саналады. Токсин физикалық және химиялық факторлардың әсеріне төзімді, оны 10-20 минут қайнатқанда бұзылады, ол натрий хлориді концентрациясы көп ортада жақсы сақталады. Ботулизмнің ...
Читать далее »Құтыру ауруы қауіпті ме?
Құтыру (лат. rabies) — құтырған хайуанаттардың: иттің, мысықтың, түлкінің, қасқырдың шакалдың қабуынан немесе тістеуінен пайда болады. Жарқанат және басқа хайуандар да құтыруды таратушы болуы мүмкін. Төзімділігі Құтыру вирусы 60 градус кезінде 10 минут өткенде 100 градустан бірден белсенділігін жоғалтады. Төменгі температураға төзімді болады да, тоңазылтқыш қатырылған күйде айлап сақталады. Шіри бастаған материалда 2-3 апта бойы тіршілігін жоймайды. Қолданып жүрген дезинфектанттардың ...
Читать далее »«АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ, АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕ»
Түркістан қаласында тізе буын артрозына ота жасалатындығын естіген бойда маман дәрігерге жолықтық. Бұл көбіне бау-бақшамен, мал өсірумен айналысатын түркістандықтардың, оның ішінде егде жастағылардың жиі ауыратын сырқаты. Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиника диагностика орталығында жоғарғы санатты травматолог, ортопед маманы, медицина ғылымдарының кандидаты Алмасбек Ахметов мырза халықтың жан айқайына айналған ауру жайлы толығырақ тарқатып берді. ХКТУ клиника диагностика орталығындағы жоғарғы санатты травматолог- ортопед, ...
Читать далее »«Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді
Шардара аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне аурухананың инфекционист дәрігер Б.Ахметов, эпидемиолог дәрігер Г.Алдабергенова «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – табиғи-ошақтық аса қауіпті жұқпалы ауру. Аурудың негізгі табиғаттағы резервуары мен оның көзі, иксод кенелері болып табылады. Вирустың уақытша резервуары – жануарлар. Облыс аумағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағы болып саналады. Ауруды жұқтыру қаупі ауру ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары