Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент (страница 21)

Шымкент

Инкубациялық бағдарламалардың финалы өтті

Шымкентте Startup Orda инкубациялық бағдарламасының Demo Day финалдық кезеңі өтіп, үздік стартап жобалар көпшілікке таныстырылды. Үш айға созылған білім беру, тәлімгерлік және өнімді әзірлеу кезеңінен кейін жас кәсіпкерлер өз идеяларын қорғай отырып, инвесторлар мен сарапшылар алдында кәсіби деңгейде жобаларын көрсетті. Іс-шара барысында Шымкент HUB аймақтық менеджері Құрманғазы Мұратов бағдарламаның өңірдегі маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, биылғы инкубацияға жалпы 82 жоба тіркеліп, ...

Читать далее »

ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс Шымкент қаласы тұрғындары және энергетика саласы өкілдерімен кездесу өткізді. “Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС мекемесінде өткен басқосуда атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Бақытжан Нәссенұлы министрлік тарапынан газ инфрақұрылымын дамыту, электр және жылумен жабдықтау, халықты мұнай өнімдерімен және сұйытылған газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды баяндады. Оның мәлімдеуінше, 2025 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ...

Читать далее »

 САЗГЕР БЕКЖІГІТ СЕРДӘЛІ ӨНЕРСҮЙЕР ҚАУЫМҒА ЖАҢА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІН ТАРТУ ЕТТІ

Шымкент қаласында Мәдениет саласының үздігі, сазгер әрі журналист Бекжігіт Сердәлінің «Жапырақтар вальсі» атты шығармашылық кеші өтті. Ұлттық өнер мен заманауи музыканы үйлестірген бұл кеш миллионды қаланың тыңдармандарын ерекше әсерге бөлеп, өнерсүйер қауымға көңілді кеш сыйлады. Кеш барысында сазгердің өнеріне құрмет білдіріп Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші Абылайхан Оспанов және көптенен танымал өнер адамдары ән шырқады. Дәстүрлі әнші Абылайхан Оспанов, ...

Читать далее »

ВОЛОНТЕРЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

5 желтоқсан – Халықаралық волонтерлар күні қарсаңында қаламызда ерікті жастар арасында арнайы волейбол турнирі ұйымдастырылды. Мерекеге орай өткізілген спорттық шараға қаладағы түрлі колледждерден құралған 12 команда, жалпы 150-ге жуық жас қатысты. Шараның негізгі мақсаты – еріктілер қозғалысын дамыту, жастардың белсенділігін арттыру, олардың достық байланысын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау. Волонтерлар күні жыл сайын қоғамға пайдасын тигізіп жүрген жас еріктілердің ...

Читать далее »

Жаратылыстану пәнін оқытудағы жаңа әдістер талқыланды

Бүгін Шымкент қаласында «Жаратылыстану пәндерін оқытудағы зерттеу әдістері: тәжірибе мен нәтиже» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға жоғары оқу орындарының ғалымдары, мектеп директорлары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары, жалпы орта білім беру мекемелерінің мұғалімдері қатысты. Сондай-ақ Астана, Шымкент қалаларынан және Солтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарынан онлайн және офлайн форматта қосылғандардың жалпы саны 300 адамды ...

Читать далее »

 ҚАТЫНКӨПІР ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Қатынкөпір тұрғын алабындағы №52 мектеп-лицейінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған кездесу өтті. Іс-шараға Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев, сондай-ақ тұрғын алаптың беделді билері мен ақсақалдары — Тоқтамұрат Қорғанбаев және Надир Кадыров қатысты. Кездесу барысында қоғам тұрақтылығын сақтау, ел ішіндегі бірлік пен өзара сыйластықты арттыру, жастар тәрбиесі, ...

Читать далее »

Қоғамдық қабылдау Шымкент қаласының Департаментінде өтті

Шымкент қаласы бойынша сауда жəне тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшы орынбасары Әбиев Оспан Оразбайұлы «СР Қазақстан лигасы» қоғамдық бірлестігінің өкілі мен қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдау аясында 11 тұтынушыға кеңес беріліп, ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Кодексінің нормаларына сәйкес тұтынушылардың өтініштері қаралды. Тұтынушылар қоғамдық қабылдау барысында тауарларды айырбастау және қайтару, сапасыз қызмет көрсету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы бірқатар мәселелермен ...

Читать далее »

Студенттер МӘМС жүйесінде сақтандырылған

Қазақстанда немесе шетелде күндізгі бөлімде оқитын студенттер жеңілдік санатына кіреді. Яғни, орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімінде оқитын студенттер мен шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандықтар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді. Егер студент ресми түрде жұмыс істесе, жұмыс беруші оның жалақысынан жарна ұстамайды және өзі де аударым жасамайды. Студенттер үшін медициналық ...

Читать далее »

 Шымкентте қос журналдың тұсаукесері өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында қазақ тарихы мен руханиятына арналған жаңа басылымдардың тұсаукесері өтті. Оқырман қауымға «Аңыз бен Ақиқат» және «Жаңғырық» атты тарихи-танымдық, әдеби-көркем журналдар таныстырылды. Жаңа журналдардың бас редакторы, белгілі қаламгер, баспасөз саласының майталманы Қаршығабек Қамбарбек іс-шараға келушілерге алғысын білдірді. Сондай-ақ тұсаукесерге зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, жазушылар, журналистер мен кітапхана оқырмандары қатысты. Қатысушылар жаңа жобаның маңыздылығына тоқталып, ...

Читать далее »

 Шымкентте «Инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында семинар өтті

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында өткен семинарға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Закирьянов, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ департамент директорының орынбасары Марат Есенов, Шымкент қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының, Кәсіпкерлер палатасының басшылығы, бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. Семинар барысында кәсіпкерлік қызметінің, оның ішінде инвестициялық бағыттағы, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары туралы егжей-тегжей айтылды. Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Мұрат ...

Читать далее »