Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам (страница 153)

Қоғам

ОҢТҮСТІК АЙНАЛМА ЖОЛЫ — ТРАНЗИТТІК КӨЛІКТЕРДІҢ ҚАЛА СЫРТЫМЕН ЖҮРУІНЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жол сапасына айрықша назар аударып келеді. Мемлекет басшысы Үкіметке, жергілікті әкімдерге республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Шымкент аумағындағы жол инфрақұрылымын жақсартуда, жолдардың сапасын арттыру бағытында қабылданған 2021-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары жоспары кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Қаламыз үшін ең маңызды мәселенің бірі —жол сапасы мен көшедегі көлік ...

Читать далее »

Дерматомикоздың алдын алу

Дерматомикоздар – микроскопиялық дерматофит саңырауқұлақтарынан туындаған тері ауруы. Инфекцияның негізгі көзі – үй жануарлары, әсіресе қаңғыбас жануарлар (мысық, иттер), сондай-ақ ауру адамдар. Инфекция науқас адаммен және жануармен тікелей (тығыз) немесе жанама байланыста, қол арқылы (қол алысқан кезде), жалпы пайдаланатын заттар арқылы жұғады. Аурудың инкубациялық кезеңі бір аптадан бір айға дейін созылады. Саңырауқұлақтың теріні зақымдануының белгілері қоздырғыштың түріне және зақымданудың орналасуына ...

Читать далее »

Шымкентте «Рульдегі маскүнем — қылмыскер» айлығы өтті

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған «рульдегі маскүнем – қылмыскер» айлығы аясында Шымкент қаласының жергілікті әскери басқару органдарының жеке автокөлік иелерімен профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесу барысында Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің қызметкерлері, психолог пен психиатр-наркологтың, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша сабақ өткізді. Сабақ барысында тыңдаушылардың басты назары қоғамдық орындарда ...

Читать далее »

ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысы, Жетісай ауданында жеке инвестор есебінен заманауи медициналық орталық салынады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бүгін инвесторлармен кездесіп, жаңа жобаны жүзеге асыру жолдарын талқылады. «Al-Razi Medikal» ЖШС-ң өкілдері 3 гектар жерге емхана мен көпбейінді реабилитациялық орталық салуды көздеп отыр. Жоба құны – 7 миллиард теңге. 800 келушіге арналған емханада диагностикалық орталық орналасады. Екіқабатты ғимараттың жалпы аумағы — 5 мың шаршы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ЖАС САРБАЗДАР САЙЫСҚА ТҮСЕДІ

Шымкент қаласында «JAS SARBAZ – 2023» әскери-патриоттық лагері өз жұмысын бастады. Екі күнге жалғасатын іс-шара барысында қаладағы 12 мектептің «Жас сарбаз» сыныптары арасында әскери-патриоттық турнир өтеді, деп хабарлайды jetpisbaikz ақпараттық агенттігі. Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелейтін жарысты қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы білім басқармасымен бірлесе ұйымдастырып отыр. –Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан ортақ үйіміз. Елімізді қорғау барлығымыздың азаматтық парызымыз», ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ АЯСЫНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ГИДРОМАССАЖ БӨЛМЕСІ АШЫЛДЫ

Төлеби ауданында жаңа 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту үшін мемлекеттік гранттар берілуде. Жобада жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мен қатар жеке кәсіпті дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау мен дамыту жұмыстары жолға қойылған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі, ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ САУМАЛМЕН ЕМДЕЙТІН ОРТАЛЫҚТАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Бүгінде Төлеби ауданында саумалмен сауықтыру орталықтарының саны жыл сайын артып келеді. Соның бірі «Диханкөлдің қымызы» брендімен танылған Қоғалы ауылдық округіндегі екі шипажай ел игілігі жолында қызмет көрсетіп келеді. Тау баурайының қоңыр салқын таза ауасымен тыныстап, бес мезгіл саумал ішіп, демалуды көздегендер еліміздің әр өңірінен келуде. Орталыққа дертіне дауа, жанына шипа іздеп келгендерге төрт мезгіл ас, атпен серуендеуге де мүмкіндіктер қарастырылған. ...

Читать далее »

Шымкентте әскери қызметшілерге діни экстремизм туралы айтылды

Діни экстремизм идеясының армия ортасына таралуына жол бермеу мақсатында 10216 әскери бөлімінің базасында Шымкент қаласы дін істері басқармасының теологы әскери қызметшілермен кездесті, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Семинарға қатысушылар түрлі діни ағымдармен танысты. Шымкент қалалық дін істері басқармасының теологы Икрам Айтаев тыңдаушыларға тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда діни институттардың айтарлықтай сандық және сапалық өсуі болғанын хабарлады. Ол семинарға қатысушыларды түрлі діни ағымдармен ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ 5 АДАМНЫҢ БҮЙРЕГІН АЛМАСТЫРДЫ

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында 5 науқасқа бүйрек трансплантациясы отасы жасалды. Алғашқы ота мамыр айында жасалып, сәтті шыққан еді. Осы уақыт ішінде бес науқастың бүйрегі алмастырылды. Алғашқы ота А.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығының басшысы, профессор Б.Баймахановтың қатысуымен өткен. Трансплантацияланған науқастар жазылып, қалыпты өмірлерін жалғастыруда. Қазіргі таңда бақылауда жатқан екі науқас бар, олар жақын арада үйлеріне оралады. Бүгін аурухананың бас дәрігері, конструкторлық ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: АЛҚА МӘЖІЛІСІНДЕ ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысында туберкулезден негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштер 2022 жылмен салыстырғанда 17,9%-ға төмендеген. Былтыр 315 жағдай тіркелсе, биыл 263 жағдай еніп отыр. Аурудың таралуы бойынша да көрсеткіш өткен жылға қарағанда 18,9%-ға азайған. Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы кезекті алқа отырысында осы және өзге де өзекті мәселелер талқыланды. Алқа отырысының жұмысына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысты. Жиынды облыстық денсаулық сақтау басқармасының ...

Читать далее »