Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам (страница 301)

Қоғам

«ШАРЫҚТАЙ БЕР, ШЫМҚАЛАМ!» КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Үшінші мегаполистегі Қала күніне арналған іс-шаралар гала-концертпен қорытындыланды. Әл-Фараби алаңында өткен мерекелік кешті Айгерім Қалаубаева, Ғазизхан Шекербеков, Ләйлә Сұлтанқызы және Нұрсұлтан Құрман жүргізіп отырды. «Құрметті шымкенттіктер, қадірлі достар! Бүгін барлығымыз Шымкент қаласының туған күнін атап өтеміз. Сондықтан, бүгін барлығымыз шымкенттікпіз, жерлеспіз» деген жүргізушілер түрлі қызықты сұрақтар қойып, естеліктер айтып, көпшіліктің көңіл-күйін көтеруге атсалысты. Қорытынды кешке Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЗДЫҢ «ЕҢ ТӘТТІ» ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Шымкентте қала күні мерекесіне орай екі күнге жалғасатын «Balmuzdaq Fest» фестивалі басталды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған іс-шара Шымкент қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Оған қаладағы 35 кәсіпкер өтінімін білдірген. Оның ішінде, балмұздақ, салқын сусындар мен тағамдар бар. Қала үшін айтулы күнге орай гастрономиялық туризмді дамытып жүрген кәсіпкерлер балмұздақтардың сан ...

Читать далее »

ҮЛГІЛІ ОТБАСЫЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Шымкентте қала күніне арналған кереметтей іс-шараның бірі шаһарымыздың сүйікті демалыс орны Абай саябағында өтіп жатыр, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Шымкент келбеті газетіне сілтеме жасап. Алдын ала іріктеуден өткен  он алты отбасы «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтайтын «ОтбасыFest» байқауында бақтарын сынауда. Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарының қуанышымен бөлісуге келген шаһарымыздың бас ұстазы, қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы Тәжиева сайыскерлердің ...

Читать далее »

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕСІ ӨТУДЕ

Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Қала күні» мерекесіне орай 17 шағынаудандағы Қ.Жандарбеков аллеясында аудан тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік іс-шара өткізілді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Еңбекші ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қаламыздың экономикасы мен әлеуметтік дамуына сүбелі үлес қосқан кәсіпкерлер, көше, үй комитет төрағаларын жиында алғыс хаттармен марапатталды. Ауданнан сайланған мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес төрағалары мен мүшелері және ...

Читать далее »

БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУГЕ БЕС ЖҮЗДЕН АСТАМ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ҚАТЫСТЫ

Шымкент қаласы күніне орай бұқаралық жүгіру, сондай ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Қала күніне арналған жалпықалалық бұқаралық жүгіру сайысына 500-ден астам қала тұрғыны қатысты. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Пернебайұлы Исахов саламатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. 5 шақырымдық жаппай жүгіру сайысы  Royal фитнес клубының алдынан басталып, Наурыз алаңында қорытындыланды. Саламатты ...

Читать далее »

Түркістанда бизнесті қорғау және қолдау бойынша форум өтті

Түркістан қаласында облыс прокуратурасы мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы бірлесіп «Бизнесті қорғау және қолдау» тақырыбында Форум өткізді, деп жазады облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Өңірдегі бизнес-климатты жақсарту бойынша ұсыныстарды мемлекеттік органдардың басшылары ғана емес, облыстық мәслихат депутаттары да, кәсіпкерлердің өздері де ұсынды. Форум жұмысына мәслихат депутаттары, құқық қорғау және фискалдық органдардың, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Түркістан облысының прокуроры ...

Читать далее »

Созақта «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы өткізілуде

Тұрмыстық зорлық-зомбылық бүгінде қоғамда жиі талқыға түсетін тақырыптардың біріне айналды. Соңғы кездері бұл қылмыс түрімен күресуге мемлекеттік емес ұйымдар тартылуда. Ал осы мәселеге қатысты Ішкі істер органдарының қызметкерлері түрлі профилактикалық шаралар ұйымдастыруда. Осы орайда, облыс аумағында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» республикалық акциясы басталды. Полиция қызметкерлері отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2022 жылғы 13-21 маусым аралығында елорда ...

Читать далее »

«Жолда қабылдау» акциясында 1100-ден астам тұрғынның мәселесі тыңдалды

«Жолда қабылдау» акциясының екінші күнінде Түркістан облысы ПД-нің Азаматтарды қабылдау кеңсесіне Салтанат Бағланова есімді тұрғын келіп, жол белгілеріне қатысты сұрағын қойды. Жас қыздың айтуынша: «Мен облыс орталығындағы Төлеби көшесінің тұрғынымын. Біздің көшедегі балабақша жанына жасанды жол белгісін орнату керек. Өйткені кейбір жүргізушілер көліктерінің жылдамдығын шектен тыс асырып жүреді, былайша айтқанда балалар үшін қауіпті» деген ұсынысын білдірді. Бұл бойынша Әкімшілік полиция ...

Читать далее »

Түркістан облысының бас полицейі жаңадан салынып жатқан демалыс орнын аралады

Бүгін жұмыстан тыс уақытта Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов демалыс аймағына барып, аралап, тексеріп қайтты. Бұл сапардың басты мақсаты –туристер мен тұрғындарға қызмет көрсететін аймақта демалушылардың қандай да бір оқыс оқиғаға, апатты жағдайға ұшырамасы үшін алдын ала қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын қарастырып, полицейлерді бекіту. Облыстың бас полицейі Мұрат Талапұлымен бірге құрылыс басына Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков, Сауран ...

Читать далее »

Полицейлер ашық аспан астында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясын өткізді

Түркістандық полицейлер ашық аспан астында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясын өткізді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпарттық агенттігі. Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясын өткізді. Акцияның негізгі мақсаты –әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, қабылданып жатқан шаралармен таныстыру. Сондай-ақ, ана мен баланы қорғап қана қоймай, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту. Аталған акция барысында әлеуметтік ...

Читать далее »