Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет (страница 20)

Әлеумет

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

Түркістан қаласында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Маңызды іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган басшылары, қоғам белсенділері, спортшылар, жастар және тұрғындар жиналды. Салтанатты рәсім барысында Мемлекеттік Ту көкке көтеріліп, жиналған жұртшылық Мемлекеттік Әнұранды шырқады. Бұл – ел бірлігі мен мемлекеттік нышандарға деген құрметтің ...

Читать далее »

ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДА ЕРТЕ АНЫҚТАУ МЕН ВАКЦИНАЦИЯ МАҢЫЗДЫ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алдағы жылдары жатыр мойны обырының таралуы мен одан болатын өлім-жітім көрсеткіші артуы мүмкін екенін болжап отыр. Бұл дерттің негізгі себептерінің бірі – адам папилломасы вирусы. Қазақстанда жатыр мойны обыры көбіне 45 пен 54 жас аралығындағы әйелдер арасында анықталады. Күн сайын елде осы аурудың беске жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Мамандардың айтуынша, ауруды ерте кезеңде анықтау арқылы оны ...

Читать далее »

ВАКЦИНА ЖӘНЕ СКРИНИНГ: ӘЙЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУДЫҢ ЕКІ ТІРЕГІ

Адам папилломасы вирусы (АПВ) – әлемде кең таралған инфекциялардың бірі. Мамандардың мәліметінше, 25 жасқа дейінгі әйелдер мен ерлердің басым бөлігі осы вирусты жұқтырады. АПВ-ның кейбір түрлері жатыр мойны обырының дамуына себеп болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары Турымбетова Айгуль Мелесқызы айтты. Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының шамамен ...

Читать далее »

АҒАЙЫНДАУ БОЛМАСА, ТАҒАЙЫНДАУ БОЛМАЙ МА?

Педагогикалық тәжірибесі мол, іскер маман Гүлнұр Сүлейменова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «eQyzmet» арқылы «бөлім басшысы (Р-4) Түркістан облысының білім басқармасының «Ордабасы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (1014164.5119276961) мемлекеттік лауазымына орналасуға өткізілген конкурсында жеңіске жеткеніне келесі дүйсенбіде тура бір ай толады. Túrkistan oblysynyń Білім Басқармасының жеңімпазды лауазымды орынға тағайындау туралы бұйрығы әлі жоқ! Неге? Бұл созбалаңда қандай гәп жатыр? Бұл ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕГІ ТУТАЛАҚАЙ!

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінен оның басшысы және Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ержан Қарымсақов қол қойған Ордабасы ауданының білім бөлімінің басшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына жарияланған конкурс қорытындысына қатысты Гулнур Батырбайқызы Сулейменоваға үшбу хат келді. Қысқасы, мемлекеттік мекеме осыдан бір ай бұрын шығарған өз шешімін оп-оңай бұза салды. Кім біледі, Гүлнұрдың «биографиясы» ...

Читать далее »

ТУРАЛЫҒЫ ЖОҚ ТҮРКІСТАН!

Қазақта: «Шымшық сойса да, қасап сойсын» деген тәмсіл бар. Бір күн балаларға сабақ бермеген Ғалымжан Орын біраздан бері Түркістан облыстық Білім басқармасының басшысы қызметін атқарып жүр. Қалай атқарып жүргенін осы саладағы көбейген дау-дамайдың өршуінен аңғаруға болатындай (ол жайында дайындаған саралауымыз бар, кейін жария ете жатармыз). Ал, бұл азаматтың еңбек жолын зерделесек: Қазығұрт ауданының Салық инспекциясы, Заңды тұлғаларға салық салу бөлімінің ...

Читать далее »

САЙРАМДА АЙЫНА 20 МИЛЛИОН ЖӨРГЕК ШЫҒАРАТЫН ФАБРИКА ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

Түркістан облысы Сайрам ауданының Ақсукент ауылында орналасқан отандық жөргек шығаратын фабрика өндіріс көлемін едәуір ұлғайтты. «Capable Group» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі іске қосқан кәсіпорын бүгінде айына 20 миллион дана жөргек шығарып отыр. Өндіріс орны алғаш рет 2021 жылы жұмысын бастаған. Кейін жапон және италиялық технологиялар негізінде жаңа желілер іске қосылып, кәсіпорын қуаты бірнеше есе артты. Қазір мұнда 360 адам еңбек ...

Читать далее »

САЙРАМНЫҢ ТӘТТІ ӨНІМІ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛАДЫ

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы «Наурыз-5» кәсіпорны алғаш рет Қытайға өнім экспорттауға дайындалуда. «Korkem» брендімен танылған отандық өндіруші табиғи шырындар мен тосаптарды шетел нарығына шығармақ. Кәсіпорын басшысы Джурат Игембаевтың айтуынша, қытайлық серіктестермен жасалған алғашқы келісімшарт аясында төлем қаражаты түсіп үлгерген. Енді алдағы күндері өнімдер Қытайға жөнелтіледі. Шетелдік мамандар әсіресе өнімнің табиғилығы мен дәмдік сапасына жоғары баға берген. Ақсукент ауылында орналасқан өндіріс ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА АҒЗА ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫНАН ӨТКЕН АЗАМАТТАР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТЕДІ

Түркістан қаласында 2-6 маусым аралығында ағза трансплантациясынан өткен және бүйрек қызметін алмастырушы ем қабылдап жүрген азаматтар арасында республикалық спартакиада өтеді. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында «Өмір тынысы» трансплантацияланған науқастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жәнібек Оспанов мәлімдеді. «Өмір – ең қымбат құндылық» ұранымен ұйымдастырылған спорттық додаға еліміздің әр өңірінен қатысушылар жиналды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғам назарын ағза донорлығы мен трансплантация мәселелеріне ...

Читать далее »

Рухани серпіліс: Тіл мамандары Санжар Керімбаймен жүздесті

Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің қызметкерлері журналист, қоғам қайраткері, тіл жанашыры Санжар Керімбаймен мазмұнды кездесу өткізді. Кездесу барысында қонақ тілдің қоғамдық өмірдегі рөлі, оның қазіргі жағдайы мен болашағы туралы ойларымен бөлісіп, тіл саясатын дамыту бағытындағы өз тәжірибесін ортаға салды. Іс-шара еркін форматта өтті. Қатысушылар қонаққа көкейде жүрген сұрақтарын ...

Читать далее »