Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы (страница 6)

Аймақ тынысы

ОТЫРАР АУДАНЫНДА «МУЗЕЙ ТҮНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Отырар ауданында Халықаралық музей күніне арналған «Музей түні» акциясы өтті. Мәдени іс-шара — ұлттық тарихи-мәдени мұраны насихаттап, көне Отырар өркениетінің тарихи құндылығын кеңінен таныстыруға бағытталған. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмахан қатысып, музей саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерді Алғыс хатпен және музей-қорықтың 45 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапаттады. Сонымен қатар, жиынға Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Айбек Жандосов, ...

Читать далее »

СОЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДЕ «ЖАСЫЛ МЕКТЕП» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

Созақ ауданындағы бірқатар білім ошақтарында ‘KATKO» компаниясының бастамасымен «Жасыл мектеп» экологиялық бағдарламасы жүзеге асырылуда. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы жоба оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруды көздейді. 2025-2026 оқу жылында 5 мектепті қамтыған жоба аудан орталығындағы А.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектептен басталды. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру — бүгінгі күннің ...

Читать далее »

САУРАН АУДАНЫНДА БАЛМҰЗДАҚ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

Сауран ауданына қарасты Еңбекші Диқан елді мекеніндегі «Дәморда» өндіріс алаңында жалпы құны 200 миллион теңгені құрайтын балмұздақ шығаратын өндіріс орнын салу бойынша келісім жасалды. Осыған орай, ЖК «TRK Trade» директоры Жарқынбек Момбеков пен Сауран ауданының кәсіпкерлік бөлімі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат аясында тараптар өндірістік жобаны тиімді іске асыру, инфрақұрылымдық қолдау көрсету және инвестициялық ахуалды дамыту бағытында бірлесіп ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ АКВАПАРК КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысында туризм саласын дамыту бағытындағы ірі жобалардың бірі – заманауи аквапарк кешенінің құрылысы басталды. Жоба облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен шетелдік инвесторлар арасындағы келіссөздер нәтижесінде жүзеге асуда. Түркістан қаласында бой көтеретін демалыс кешенінің жалпы аумағы 120 мың шаршы метрден асады. Жоба аясында су аттракциондары бар аквапарк аймағы, кемпинг форматындағы қонақ үй, қабылдау орталығы мен банкет залын салу жоспарланған. Кешен ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА САММИТ ҚАРСАҢЫНДА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ИТТЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ

Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті аясында «Жеті қазынаның бірі – ит» тақырыбында асыл тұқымды иттердің көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шарада түркі мемлекеттеріне тән және Қазақстан аумағында таралған ит тұқымдары таныстырылды. Көрмені ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева арнайы тамашалады. Көрмеде әзірбайжандық гурдбасар, анадолылық ақбаш, қырғыз тазысы тайған секілді көпшілік біле бермейтін ит түрлерімен қатар, ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ САММИТТЕ ТҮРКІ ТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЖУРНАЛИСТЕРІ ЖЕМІСТІ ЕҢБЕК ЕТІП ЖАТЫР

Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтіп жатыр. Маңызды жиынға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің басшылары қатысуда. Саммит барысында мемлекет басшылары түркі интеграциясын нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту бағытында маңызды баяндамалар жасап, өзекті мәселелерді талқылады. Басқосуды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізді. Мемлекет басшысы Түркістанның түркі әлемі үшін тарихи әрі рухани маңызына тоқталып, ...

Читать далее »

Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан президенттері Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев түркі дүниесінің әйгілі рухани және тарихи-мәдени киелі орындарының бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды. Мемлекеттер басшылары ұлы ғұлама, әулие Қожа Ахмет Ясауи мен кесене аумағында жерленген басқа да белгілі тарихи тұлғалардың рухына зиярат етті. ...

Читать далее »

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары Turkistan визит-орталығының жұмысымен танысты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің рухани мұрасымен танысты. Мемлекеттер басшылары XIV-XV ғасырларға тиесілі cирек жәдігерлер көрмесін тамашалады. Ол Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолы мен кесененің тарихынан сыр шертеді. Соның ішінде XIV ғасырдан бері сақталған қабірхананың ағаш есігі бар. Есік ...

Читать далее »

Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді

Бүгін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары жаңа орталықтың қазығын қағып, іргетасын қалады. Кешеннің негізгі идеясы – түркітілдес халықтарды әлем тарихында елеулі орны бар, терең философиясы мен мемлекеттілік дәстүрі қалыптасқан ұлы өркениет ретінде дәріптеу. Мұнда ортақ тарихи мұраны ғылыми тұрғыдан зерделеуге, жүйелеуге, мәдени туризм мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән берілмек. Орталықтың архитектуралық шешімі ерекше символикалық мәнге ие. Кеңістікте түркі ...

Читать далее »

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Төлеби ауданы Аққұм ауылында «Мұхит Әлі» атындағы спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Қуанышты сәтке аудан және облыс тұрғындарымен қатар көршілес Жамбыл, Қызылорда облыстарынан, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларынан арнайы келген қонақтар қатысып, ақжарма тілектерін жеткізді. Аққұм ауылының тумасы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұхит Оралбайұлы Әлі еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, бірнеше аудан мен қаланы басқарды. Әр жылдары Шымкент қаласы әкімінің ...

Читать далее »