Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2024 » Май (страница 22)

Месячные архивы: Май 2024

Төлеби: «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп»

Бүгінгі таңда әлем бойынша күн тәртібінен түспей тұрған өзекті мәселелердің бірі – терроризм. Діни білімнің аздығынан немесе арбаушылардың көптігінен жастардың арасында адасулар көптеп кездесіп жатыр. «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты іс шара Е.Сарманов атындағы гуманитарлық агро-экономикалық колледжінде өтті. Іс шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Құдайбергенов ашып беріп, аудандық терроризмге қарсы комиссия хатшысы И.Марин, ауданымыздың теологы, ...

Читать далее »

Шымкенттегі Құрсай елді мекені тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды

Бүгін Шымкент қаласындағы Тұран ауданының әкімі Берік Айдарұлының төрағалығымен Құрсай елді мекені тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Тұран ауданының прокуроры Ж.Әділбайұлы, Тұран ауданының Полиция басқармасының басшысы Н.Тілеуов, сондай-ақ, энергетика және инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру, ауыл шаруашылығы және ветеренария, Тұран ауданы Төтенше жағдайлары басқармасы және өзге де басқарма өкілдері қатысты. Кездесуде Құрсай елді мекенінің инфрақұрылымдық дамуы бойынша 2024 жылы атқарылатын жұмыс жоспары нақтыланды. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТТЕРІ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ІІІ СЛЕТІ ӨТТІ

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының Мектеп парламенттері көшбасшыларының ІІІ слеті өтті. Слеттің мақсаты: азаматтық қоғамды дамытуда қоғамдық өзін-өзі басқару ұйымдарын – мектеп парламенттерін дамыту және нығайту, қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу үшін алаң құру. Слеттің жұмысы пленарлық отырыс және фракциялар мен министрліктердің жылдық жұмысы негізінде ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №99 мектеп-гимназиясының оқушысы 6 ...

Читать далее »

МЕРЕЙТОЙ ҚАРСАҢЫНДА ТУРНИР ӨТТІ

Бүгін Шымкентте қоғам қайраткері М.Тынышпаевтың 145 жылдық мерейтойы, сондай-ақ Қазақстан темір жолының құрылғанына 120 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында футболдан турнир өтті. Еңбекші ауданы әкімдігі және Шымкент көлік колледжінің ұйымдастыруымен өткен турнирге аудандағы мектептердің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Аталған спорттық турнирдің ашылу салтанатында Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев және М.Тынышпаев атындағы Шымкент көлік колледжінің директоры Ерзат Өтепбергенов сөз ...

Читать далее »

Кез-келгенді бей-жай қалдырмайтын дерт – нашақорлық

Күн сайын дүниені дүр сілкіндіретін жаңалықтарды естігенде денең түршігетіні рас. Кісі өлімінен бастап, зорлық-зомбылық, әлемді жалмаған белгісіз дерт адамзатты жойып барады. Әлем назары сондай қасіретті болдырмау мен алдын алуға ауғанымен, айтып келмейтін тажал қаншама отбасын әбігерге салды. Сондай алаңдатарлық жағдай, кім-кімді болмасын бей-жай қалдырмайтын дерт – нашақорлық дер едім. Жамандық айтып келмейді деген сөз бар. Жаман айтпай жақсы жоқ деген ...

Читать далее »

Тәуелділікке алып барады

Жасөспірімдердің темекі шегуі қазіргі уақытта маңызды медициналық, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық проблемалардың бірі болып табылады. Жасөспірімдер темекі шегіп, кейіннен алкоголь мен есірткіге әуестеніп, девиантты мінез-құлықтың алғашқы белгілерінің пайда болуы мәселесі ерекше назар аударады. Біздің елімізде және шетелде жүргізілген көптеген медициналық зерттеулер темекі шегудің адам ағзасының барлық жүйелеріне зиян келтіретінін және физиологиялық, психологиялық тәуелділікті тудыратынын дәлелдеді. Темекінің негізгі белсенді әсері – никотин. ...

Читать далее »

«ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» ЖӘНЕ «ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ» ТАҚЫРЫПТАРЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Аққала, Жиделі, Көкжиде және Байырқұм елді мекендерінің тұрғындары мен №11 балабақша қызметкерлері арасында «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» және «Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б.Абуов, Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы А.Дүйсен және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы ...

Читать далее »

Адам саудасы әлемнің әр елінде әртүрлі формада жүреді

«Маған белгiлi бiр мағынада құл емес адамды көрсетшi» деген Сенеканың сөзі еріксіз ойға оралады. Бұл сөз – құлиеленушілк заманды баяғыда артқа тастаған, қарыштап дамыған, еркіндік ғасыры – XXI ғасырға да тән ұғым. Адам бейсаналы немесе еріксіз түрде дүниенің, құндылықтың құлына айналатынын білеміз. Бірақ өз қалауынан тыс адамның құлы болуы өткеннен қалған індет емес пе?Адам саудасы әлемнің  әр елінде әртүрлі формада ...

Читать далее »

Адам саудасы тиылар емес

АДАМДЫ ЕРКІНЕН ТЫС МӘЖБҮРЛЕП ҚҰЛДЫҚҚА САТУ, ҚҰЛДЫҚТА ҰСТАУ, ҚҰЛДЫҚТА ЖҰМЫСҚА ЖЕГУ, ЗАТ СЕКІЛДІ САТА САЛУ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ӨЗІНДЕ ӘЛІ КҮНГЕ ДЕЙІН БАР. ӨКІНІШТІСІ ДЕ СОЛ, МҰНДАЙ ЖАУЫЗДЫҚ ҚАЗАҚСТАНҒА ДА ҚАТЫСТЫ БОЛЫП ОТЫР. Strategy2050.kz аналитикалық-порталы адам саудасына байланысты көп дерек жазған. «Әлемде және Қазақстанда адам саудасына қатысты кең тараған сала жезөкшелік, яғни тән саудасы арқылы ақша табу. Қазақстаннан құлдыққа, яғни жезөкшелікке ...

Читать далее »

Алаяқтық фактілерінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Түркістан облыстық полиция департаментінің қызметкерлері азаматтарды алаяқтардан сақтандыру үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Осы орайда, Түркістан облысы Полиция департаменті «Cyberpol» тобының қызметкерлері тұрақты негізде алаяқтық фактілерінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізеді, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Бұл жолы полиция азаматтарға арнап концерттік бағдарламада түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Концертке 3 мыңға жуық тұрғын қатысты. Оларға ...

Читать далее »