Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).

Ежедневные архивы: 07.06.2024

Шымкент қаласының әкімі бірнеше нысандарда болып, жұмыс барысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков кезекті қаланы аралау барысында сала мамандарымен бірге Қаратау ауданындағы Таңбалытас көшесінің жөндеу жұмыстарымен танысты. Жалпы, жауапты мердігер ұйым тарапынан асфальт төсеу жұмыстары аяқталып келеді. Жақын күндері көлік қозғалысына ашылатын да болады. Сондай-ақ әкім Тұран ауданындағы Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығында болды. Апатты жағдайдағы ескі ғимараттарды қарап шыққан қала әкімі, ондағы сүру жұмыстарын, ...

Читать далее »

​Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту – маңызды бағыттың бірі

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Іскер әйелдер кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Палата директорының орынбасары Мақсат Өткелбаев, Іскер әйелдер кеңесінің жетекшілері мен кәсіпкерлер, қаржы институттарының өкілдері қатысты. Алдымен Еуропалық Қайту құру және Даму банкінің Шымкент қаласындағы өкілі Махаббат Кабираева сөз алып, өздері ұсынатын қызметтер туралы баяндады. «Еуропалық Қайту құру және Даму банкі – халықаралық қаржы институты. Бір ерекшелігі – акционерлері жеке тұлғалар ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ҒИМАРАТЫ ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкент қаласының көркін арттырып, тұрғындар мен қонақтарға заманауи талапқа сай жайлы жағдай жасау мақсатында теміржол вокзалының ғимараты қайта жаңартылды. 10 жылға жоспарланған инвестиция қаражаты 1 жыл ішінде қарастырылып, былтыр 10 маусымда басталған жұмыстар 2024 жылдың 10 мамырында толық аяқталды. Сенімгерлік басқаруға нысанды беру арқылы қайта жаңғырту жұмыстары тиімді жүзеге асқанын атап өткен жөн. Мұнда тәулігіне 27 бағыт бойынша поездардың қызметі ұйымдастырылған. ...

Читать далее »

КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ «АТАМЕКЕННІҢ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КАРТАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы өңірлік инвестициялық картаны іске қосылғанын хабарлады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында айтылды. Брифингке Шымкент қаласы прокуратурасы басқармасының басшысы Бақытжан Байғозиев, аға прокурор Бақытбек Амалдықов, Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова, «ҚазақИнвест» өңірлік өкілдігінің директоры Дінмұхамед Зиятбеков қатысты. Жиында Сабира Адамбекова Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының тарапынан инвесторлық жобаларды қолдау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. ...

Читать далее »

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздерді «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыруға шақырамыз, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Халықты қаржылық сауаттылыққа оқыту 2024 жылдың 10-14 маусым аралығында Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында өткізіледі. Осы уақыт ішінде сіз отбасылық бюджет жүргізуді, шығындарыңызды басқаруды, қаржылай тәуелсіз болуды, депозиттер мен қаржылық жоспар құруды үйренесіз. Сондай-ақ оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары жеке ...

Читать далее »

ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТТЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза және Жылға ауылдық округтеріндегі ауыл аумағында дала өрттерінің алдын алу және сөндіру үшін елді мекендерге арналған өрт сөндіру бекеттерінің жұмыстарымен танысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өрт сөндіру бекеттерінің жұмыстарымен танысу барысында төтенше жағдайға тосқауыл қою бойынша өрт кезіндегі оқу-жаттығу өткізіліп, іс-қимыл көрсетілді. Оқу-жаттығуға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ...

Читать далее »

ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ҚОСЫМША КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Ауыл шаруашылығы дақылдарына келетін кері әсердің алдың алу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі тарапынан шегірткеге қарсы қосымша өңдеу жұмыстарын жүргізу келісілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Зиянкестермен қосымша күрес күшейтіліп, қажетті техника жұмылдырылды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты сала басшыларының басын қосып, нақты тапсырмалар берді. Зиянкестерге қарсы қосымша күрес жұмыстарын ...

Читать далее »

БАЛАЛАР АРАСЫНДА АУРУЛАРДЫ ТЕЗ АНЫҚТАУ БАҒЫТЫНДА ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

“Асар” шағынауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасы базасында «Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра басқару» ресурстық орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры М. Ембергенова қала әкімінің орынбасары С.Құранбек қатысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Орталықта медициналық қызметкерлерді оқыту, сондай-ақ балалармен стационарлық ем алып жатқан ата-аналарға 5 жасқа дейінгі ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНҒА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 300 МЫҢНАН АСТАМ ТУРИСТ КЕЛДІ

Түркістан облыс орталығы ретінде жаңа серпінмен дамып, өркендеудің алғашқы кезеңін өткерді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды қала тұрғындарымен кездесіп, қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің 2024 жылдың алғашқы 4 айдың қорытындысы және алдағы жоспарлар бойынша баяндамасын тыңдады. Түркістанның жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, ...

Читать далее »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЕКІ МЫҢНАН АСТАМ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Қоршаған ортаны қорғау баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы ретте Түлкібас ауданында 5 маусым дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен жаппай сенбілік өтуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сенбілікке аудан әкімі аппаратының қызметкерлері бастаған дербес бөлім мен ауылдық округ, кент әкімдіктерінің мамандары мен қоғамдық негіздегі жұмысшылары, мектеп ұжымдары ат салысуда. Акция барысында, ...

Читать далее »