Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).

Ежедневные архивы: 07.07.2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында аудан бойынша жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, ерікті жастар мен ауыл тұрғындары жұмыла кірісіп, аялдамаларды, ішкі көшелерді, саябақтар мен арық-атыздарды тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ Түркістан бағытына шығар жол бойындағы “Жасыл белдеу” аумағындағы тал көшеттері суарылып, арам шөптер оталды. ...

Читать далее »

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫНА 900 АДАМ АТСАЛЫСТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың 8 сәуірінен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Акцияны қолдау мақсатында сонымен қатар, «6 шілде Астана қаласының күні» мерекесіне орай, бүгін Сарыағаш ауданында ауқымды сенбілік жұмыстары өткізіліп, республикалық маңызы бар А-15 тасжолының бойы, облыстық және аудандық маңызы бар тасжолдарының бойымен ...

Читать далее »

ТАЗАЛЫҚ — ЖАННЫҢ САУЛЫҒЫ, ІШКІ МӘДЕНИЕТТІҢ БАСТАУЫ

Отырарлықтар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясында белсенділік танытуда. Ауданда өткен тазалық жұмыстарына 1000-нан аса адам қатысып, 6 арнайы техника жұмылдырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жалпыхалықтық сенбілік барысында аудан орталығында және елді мекендерде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке мекеме қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестік өкілдері, ерікті жастар мен ауыл ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫРМАНҒА ОРАҚ ТҮСТІ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 873 мың гектарға егілді. Оның ішінде жаздық дақылдар – 497 мың гектар, күздік егіс – 202 мың гектар, ескі жоңышқа 175 мың гектарға егілген. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданына барып, осы саладағы жұмыстарды бақылады. «Қазығұрт ...

Читать далее »

ҚАДІРМЕНДІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Баршаңызды әсем қаламыз Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен осынау аз ғана жылдың ішінде Елордамыз дәулеті тасып, сәулеті асқан жер жаһандағы сұлу шаһарлардың біріне айналды. Тарихқа сәл шегініс жасап, Елордамыздың жылнамасына көз жүгіртер болсақ, сонау 1997 жылдың 20 қазанында Президентіміздің Жарлығымен Ақмола қазақ елінің астанасы болып жарияланған күн еске түседі. Сол жылдың қара күзінде Тұңғыш Президентіміз ...

Читать далее »

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНДЕ АНА МЕН БАЛАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ұлттық домбыра мерекесі қарсаңында аудан әкімі Азизхан Исмаилов аудандық перзентханаға арнайы барып, аналармен кездесіп, әр сәбиге салтанатты түрде домбыра сыйлап, гүл шоқтарын табыстады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғыртатын айтулы мерекенің әрбір қазақ баласына берері мол екенін тілге тиек етіп, жаңадан дүние есігін ашып жатқан сәбилердің бабаларымыздай батыр, күйші, шешен ...

Читать далее »

ЕЛ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков Төлеби ауданына арнайы іс-сапармен келді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астана төрінен таулы аймаққа жұмыс сапарын арнаған Мәжіліс депутаты елді мекендерді аралап, ел жағдайымен танысып, оларды толғандырған мәселелерді тыңдады. Аудан әкімі Төлеген Телғараев аймақтағы инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар барысын баяндады. Тасарық елді ...

Читать далее »

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: «СЕНБІЛІККЕ ТҰРҒЫНДАР ДА ҮЛЕСТЕРІН ҚОСУЫ ТИІС»

Aуданда “Таза Қазақстан” акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Тазалық акциясына аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей арнайы қатысып, елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру жұмыстарына үлес қосуға келген азаматтарға алғыстарын білдірді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар аудан әкімі қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты ...

Читать далее »

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

Сіздерді «Астана күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Астана – еліміздің мақтанышы, мерейі, мәртебесі. Бірлік пен берекенің, Отанымыздың телегей табыстарының символы. Отанымыздың жүрегі – Елордамыз Астананың жұлдызы әрқашан жарық болсын! Мереке қарсаңында баршаңызға амандық, зор денсаулық, жақсылық және жаңа жетістіктер тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! © Ізгі ниетпен, Еңбекші ауданының әкімі Досбол Күздікбайұлы!

Читать далее »

АРНАЙЫ БЕЛГІЛЕРДІ ОРНАТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Тұран аудандық Төтенше жағдайлар басқармасымен бірге Тұран ауданы әкімі аппараты тарапынан аудан аумағында шомылуға тиым салынған су айдындарында арнайы белгілерді орнату жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құрметті ауданымыздың тұрғындары мен қонақтары! Шомылуға тиым салынған су айдындарында шомылу өзіңіздің және жақыныңыздың өміріне қауіпті екен ескертеміз! Сонымен қатар апта сайын арнайы рейдттік шаралар ...

Читать далее »