Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Төтенше жағдай » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ!

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Жазғы шомылу маусымының басталуына орай қала аумағында Тоғыс және Бадам су қоймаларындағы «Холодильник» және «Рахат Бадам» демалыс орындарында, Қошқар ата өзенінің бастауында және қаладағы жеке аквасаябақтарда шомылуға рұқсат етілген.
Сонымен бірге шомылуға тыйым салынған 13 су айдындары ресми түрде айқындалған. Олар: «Текесу», «Ақжар» су қоймалары; «Бадам», «Сайрам», «Қарасу» өзендерінің барлық арнасы; «Шымкент магистральды каналы; «Янги-шек», «Азат», «Көкбұлақ», «Хауау», «Сасық» каналдары, «Қайнарбұлақ» жасанды көлі; «Қошқар ата» өзенінің (өзеннің бастауынан басқа) – барлық арнасы.
Ыстық ауа-райының басталуына байланысты, жазғы кезеңде су айдындарында балалардың қаза болуына жол бермеу мақсатында табиғи және жасанды су айдындарындағы мінез-құлық ережелері және оларды бұзудың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұраймыз. Бұл сіздің балаларыңыздың судағы жазатайым оқиғаларын ескертеді, балаларыңыздың бүгінгі және ертеңгі өмірі осыған байланысты.
Су айдынында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар:
— Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз;
— Суға мас күйінде түспеңіз;
— Балаларды судың маңайында қараусыз қалдырмаңыздар;
— Жүзу үшін тақтайша, камера, пенопласт, үрмелі матрастарды қолданбаңыз;
— Жүзу білмесеңіз, суға беліңізден жоғары түспеңіз;
— Түнде суға шомылмаңыздар;
— Жағалаудан алыс жүзіп кетпеңіз.
Шомылуға рұқсат етілмеген орындарда және қала ішіндегі субұрқақтарға суға түсу адам өміріне қауіпті екенін ескертеміз!
Ережені бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту қарастырылғандығы хабарлап, жеке тұлғаларға – жеті, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынатындығын еске саламыз.
 Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар, сонда су жағасындағы демалыс қайғылы болмайды.
Сіздің қауіпсіздігіңіз – сіздің жауапкершілігіңіз!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*