Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Білгенге - маржан » Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ)

Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ)

Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) — әлемдегі тұмауды ең кең тараған тобы .Тұмау пайда болуына қарай вирустық ауру бактериялық инфекцияға асқынуы болып бөлінеді. Ауру қоздырғыштары ағзаға ауа-тамшы жолдарымен – тыныс алу жолдары арқылы жұғады. ЖРВИ кезінде бірінші кезекте тыныс алу ағзаларын зақымдайды. Жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде ауа арқылы науқас адаммен байланыс жасаған кезде жұғады.
ЖРВИ кезінде не болады?
ЖРВИ-мен балалар және иммундық жүйесі төмен адамдар жиі ауырады. Иммунитет төмендеген соң әр адам жыл сайын 3-4 және одан да көп ауруы мүмкін.
Ауырар алдында адамда мына белгілер болады: шаршау сезімі, әлсіздік, ашуланшақтық. Асқынған жағдайда бас ауырады, қатты әлсіздік, бұлшық еттер сырқырайды, дене қызуы жоғарлауы мүмкін, терлегіштік. Тұмау кезінде , тамақтың ауруы, жөтел пайда болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда тыныс алу жолдарының зақымдануымен конъюнктивит-көздің зақымдану белгілері болуы мүмкін.
ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу:
Тұмауды алдын алудың 3 түрі-жолы бар:
Екпесалдыру арқылы алдын алу;
Дәрімен дер қабылдау арқылы алдын алу (вирусқа қарсы дәрілер);
Жеке және қоғамдық гигиена (ақпараттандыру жолымен) ережесін қадағалау.
Өзіңіздің ауырып қалмауыңыз және айналадағыларға жұқтырмау үшін не істеу керек:
Науқас адамдармен байланыста болмау.
Науқасқа 1 метрдей алшақ болу.
Науқас адамдармен қарым қатынас кезінде бетперде кию.
Таралуын алдын алу үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы ерітіндімен жуу.
Бір реттік қол орамалынды қолдану, жөтелген және түшкірген кезде мұрын мен ауызды жабу.
Адам көп жиналған жерге бармау.
Бөлмеде терезе көздері мен жиі желдету.
Салауатты өмір салтын ұстану .
Егер отбасыда науқас адам болса:
Мүмкіндігінше науқас отбасының басқа мүшелерінен мүмкіндігінше оқшаулау.
Науқасқа бір адам күтім жасау.
Отбасының барлық мүшелері бетпердені қолдану, қолды жиі жуу.
Науқастан кемінде 1 метр ара қашықтықта болу керек.
Науқасқа бөлек ыдыс-аяқ бөлу.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*