Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Білгенге - маржан » В12 дәрумені — күнделікті күйзеліс жағдайындағы мықты жүйке
Lonely and depressed woman standing in front of the sea in a deserted beach on an Autumn day.

В12 дәрумені — күнделікті күйзеліс жағдайындағы мықты жүйке

Қазіргі заманда біз үнемі күйзеліс жағдайында жүреміз — тығыз график, үнемі желіде отыру, балаларды тәрбиелеуді, жеке өмір мен жұмысты қатар алып жүру. Мұндай жағдайда күйзеліске түссек, одан түскен жүктеме адам төзгісіз күйге айналады. Күйзеліс жүйкемізді жұқартып, көңіл-күйдің нашарлауына әкеледі. Демалысқа шыққан дұрыс па, әлде мұның себебі В12 дәруменінің жеткіліксіздігі ме? В12 дәрумені жеткіліксіздігінің психикалық белгілері көбіне анықталмаған болуы мүмкін, сол себепті көптеген адамдар оған мән бермейді. Сіз кейде абыржулы күйде болуыңыз, еске сақтау қабілетіңіз нашарлауы мүмкін, көңіл-күйіңіз жабыраңқы болып, тіпті күйзелісті күйде болуыңыз мүмкін. В12 дәруменінің Сіздің жүйке жүйеңіздің қалыпты жұмысын сақтап, қалай қорғайтындығын танып біліңіз!

Күйзеліс жағдайында, бізге В12 дәрумені әдеттегіден көбірек керек

Үнемі күйзелісті жағдайларға тап болатын немесе күрделі күйзеліске түсетін адамдарға В12 дәрумені әдеттегіден мол қажет. Мұндай жағдайларға психологиялық немесе физикалық күйзеліс жатады. Мысалы, маңызды емтихандар немесе күрделі сынақтар. Сондай-ақ, мынадай психикаға және жанға ауыр тиетін өмірлік жағдайлар қатты, ұзақ мерзімді теріс эмоцияларға әкеліп, мықты күйзеліске әкелуі мүмкін:

  • маңызды емтиханды тапсыра алмау,
  • қатты ғашықтық дертіне шалдығу,
  • адам жақынына бола мазасызданып, қапалануы мүмкін.

Оқыс жағдайларда В12 дәруменін көбірек тұтынуымыздың бірнеше себебі бар. Бір жағынан, В12 сияқты биофакторлардың сіңірілуі мен сіңімділігі олардың ас қорыту жүйесіне аз түсуіне байланысты өзгереді де, асқазан сөлінің құрамы қолайсыз жаққа қарай ауысады. Екінші жағынан, В12 дәруменінің көп мөлшері үнемі ойдан және қатты эмоциялар себенінен нейротрансмиттерлердің және гормондардың өндірілуіне жұмсалады. Серотонин, адреналин және норадреналин сияқты гормондардың өндірілуі В12 дәруменінің жұмсалуын барынша арттырады. В12 дәруменінің өте көп жұмсалуы оның жеткіліксіздігіне әкеліп, тұйық шеңберге ұшыратуы мүмкін.

В12 дәруменінің тапшылығы жүйке жүйемізді әлсіретеді

Электр сымдары сияқты біздің жүйке жолдарымыз қорғаныш қабықшасымен қапталған. Кәбілді оқшаулауға ұқсас миелинді қабықша жүйке серпінінің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді. В12 дәрумені жеткіліксіз болған жағдайда, жүйке қабықшаларының регенерациясы уақытша тоқтайды. Олар жойылып, біздің жүйкеміз қорғанышсыз қалады, импульстардың берілуі іркіліп, бұзылуы мүмкін, бұл да жұлын мен бас миындағы нерв жолдарына әсер етуі мүмкін.

В12 дәрумені біздің психикалық күйіміздің теңдігін сақтау үшін аса маңызды гормондардың және нейротрансмиттердің өндірілуіне жауап беретін болғандықтан, оның жеткіліксіздігі бұзушылықтардың алғашқы белгілеріне әкелуі мүмкін. Екінші жағынан, анықталған дефицит болашақта жадының бұзылуы, зейін қоюдың кемуі және күйзелісті жағдайлар сияқты тән емес салдарларға әкелуі мүмкін. Сол себепті, Сіздің күнделікті күйзелісіңізді жеңе алмауыңыздан, көңіл-күйіңіздің нашар болуы заңды! Егер бұл елеулі теңсіздік ұзақ уақыт бойына сақталса, ақыл кемдігі, ауыр күйзеліс және сал болу түріндегі ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. В12 дәруменінің жеткіліксіздігін немесе оның айқын тапшылығын қалайша анықтауға болатындығын мына жерден қараңыз.

В12 дәруменінің тозған жүйкелерге әсері

В тобының дәрумендері — ең бірінші кезекте, В12 дәрумені — “біздің жүйкемізге арналған ең тамаша ас”, себебі, олар біздің жүйке жүйеміздің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді және нервтің өсуі мен қалпына келуі процесіне қатысады. Сонымен қатар, олар энергетикалық метаболизмді сақтайды, сондықтан да В12 дәруменінің деңгейі тең болса, біз шаршау, еңжарлық дегенді білмейміз. Мельбурндегі Суинберн Аустралия Технологиялық Университетінің медициналық зерттеуі В тобының дәрумендерін (атап айтқанда В12 дәруменін) бірнеше апта бойы қабылдаған адамдардың сыналған топқа қарағанда күнделікті күйзеліске және проблемаларға 20%-ға артық жақсы төтеп бергендігін көрсетті.

В12 дәруменінің жеткілікті мөлшері ағзаға түскен кезде, адам күнделікті күйзелісті жағдайларға жақсы төтеп береді, нервтері қатты тозбайды. Жүктеме бір сәтте аса ауыр болмайды, дәруменнің жеткіліксіздігі бірден дәрумен тапшылығына айналмайды. Дегенмен, дәрумен тапшылығы анықталып үлгерсе және оның белгілері пайда болса, дәрігермен кеңескеннен кейін белгілерді жылдам жою үшін В12 дәруменімен арнайы ем жүргізуге болады. Егер нервтердің зақымдалуы тереңдемесе, олардың жай-күйі уақыт өте келе жақсаруы мүмкін. В12 дәрумені тапшылығының салдары ауыр жағдайларға әкелуі мүмкін болғандықтан, шамалы жетіспеушіліктің өзін толықтырып отыру қажет.

В12 дәруменіне қажеттілік анағұрлым жоғары

Жасы мен жынысына қарамай В12 дәруменінің дені сау ересектерге ұсынылатын тәуліктік мөлшері 3 мкг құрайды. Дұрыс тамақтанған кезде В12 дәруменінің дені сау ересектерде жеткіліксіздігі сирек кездеседі, бірақ қалыпты диета дәруменнің жетіклікті мөлшерін қамтамасыз етпейтіндіктен, үнемі күйзеліс жағдайында қайта дамуы мүмкін. Мұндайда В12 дәрумені тапшылығының алдын алу үшін тағамдық қоспаларды қабылдау ұсынылады. Егер В12 дәруменінің тапшылығы анықталса, дәрігермен кеңесіп, онымен ықтимал арнайы емдеу тәсілдерін талқылаңыз. Жүкті және емізетін әйелдерде В12 дәруменінің қажеттілігі де жоғары — оларға ұсынылатын В12 дәруменінің тәуліктік мөлшері 3,5-тен 4 мкг дейін. Жүктіліктің алғашқы айларында гинеколог барлық тағам қажеттіліктері туралы, осы ерекше өмірлік кезеңдегі барлық биофакторлардағы жоғары қажеттілікке назар аудара отырып, айтып береді. Жүктілік уақытында магнийдің маңыздылығы, сондай-ақ жүктілік пен емшек емізу кезінде темір мен фолий қышқылының маңыздылығы туралы мына жерден қараңыз.

Осы топтар В12 дәруменіне қажеттілікті әрең дегенде қанағаттандырады

В12 дәрумені, негізінен, ет, бауыр сияқты малдан алынған өнімдер мен жұмыртқа, балық құрамында болатындықтан, бұл тағам өнімдерін жемейтін вегетариандар мен қатаң вегетариандар дәрумен жеткіліксіздігі бойынша тәуекел тобында. Осы диета түрін жақтаушылардың көбі нені жеп, нені жемеу керектігін аса мұқият бақылайды, шындығында, қатаң вегетариандардың біразы В12 дәруменінің жеткіліксіздігінен азап шекпейді дейге болады, себебі, тиісті дәрумен қоспаларын қабылдайды.

Қарт кісілер, әсіресе, қарттар үйінде тұратын кәрілер дәрумендердің жеткіліксіздігіне жиі ұшырайды. Оған қоса, олардың ас мәзірі жұтаң болып, асқа деген тәбеті кемиді. Асқазан-ішек жолдарының аурулары, сондай-ақ 2 типті диабетті емдеуге арналған метформин сияқты белгілі бір дәрілерді ұзақ мерзім бойына қабылдау биофакторлардың (мысалы, В12 дәруменінің) сіңуінің бұзылуына әкеледі. Жадымыз нашарлап, жүріс-тұрысымыз тұрақсызданып, сана-сезіміміз шатасқан кезде біз В12 дәруменінің жеткіліксіздігінен, тіпті тапшылығынан екендігін біле бермейміз. В12 дәруменінің жеткіліксіздігі жүйке жүйеге қалай әсер етіп, ең бірінші кезекте неге қарт адамдардың зардап шегетіндігін мына жерден қараңыз.

Күйзеліс жағдайында В12 дәруменінің тапшылығын мақсатты түрде болдырмау

Егер ерекше өмірлік жағдайға байланысты дәрумен қажеттілігі артып, жеткіліксіздігі байқалса, қоспаларды қабылдау мүмкіндігін қарастыруыңызға болады. Алайда, тапшылықтың алғашқы белгілері байқалса, дәрігермен кеңескеннен кейін В12 дәрумені қорын толықтыру үшін тиісті препараттарды қабылдаған жөн. Ол тапшылығын анықтап, ықтимал дәруменді қоспаларды ұсынуға болады. Мұндай жағдайда, В12 дәруменінің ауыз арқылы қолданатын көп мөлшерін қабылдауға болады (1000 мкг). Дәрумен концентрация градиенті есебінен ішек қабырғасы арқылы енеді де, В12 дәруменінің деңгейі қайтадан теңеседі және ағза қорлары қайта толығады. Сіңірілмеген В12 дәрумені қандай да бір қиындықсыз, табиғи жолмен шығарылады, осылайша, дәруменнің артылуы мүмкін емес. Жалғыз ғана белгілі кері әсер — дәрумен тікелей бұлшықетке енгізілген кездегі безеудің сирек түрі.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*