Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Білгенге - маржан » Жүректің ишемиялық ауруы

Жүректің ишемиялық ауруы

Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) – бұл жүрекке қан мен оттегіні жеткізетін шағын қан тамырларының (коронар тамырлары) тарылуынан пайда болатын ауру.

Себептері. Жүректің ишемиялық ауруы ерлер мен әйелдер арасындағы өлімнің жетекші себебі болып табылады. Жүректің ишемиялық ауруының себебі болып коронар тамырланың атеросклерозы табылады. Бұл процесс коронарлы тамырларының қабырғаларының қатаюына алып келеді.

Процесстің басында майлардан тұратын түйіншектер пайда болады. Олардың кесірінен қан тамырлары тарыла бастайды. Тарылған коронарлы тамырлар қажетті деңгейде жүрекке қанды жеткізе алмайды.

Жүрек-қан тамырлар ауруларының қауіп қатер факторлары деп осы аурулардың даму қауіпін жоғарлататын факторларды атаймыз. Олар модификацияға бағынатын және бағынбайтын факторларға бөлінеді.
Жүрек ұстамасы немесе жедел миокард инфарктісі жүректің бұлшық етіне қан жеткізетін артерияның зақымдануынан пайда болады. Бұл процесс артериялардың спазм немесе атеросклерозынан дамиды. Нәтижесінде, миокардтың тіні зақымданып, оның жиырылғыш қызметі жоғалады.

Симптомдары. Кейде жүректің ишемиялық ауруы білінбей өтуі мүмкін. Бұл, әсіресе, аурудың дамуының бастапқы сатысына тән. Жүректің ишемиялық ауруының басты симптомы ретінде ауырсыну болып табылады. Аурудың пайда болу орыны, таралымы стенокардияға ұксас болып, көбіне төс немесе жүрек аймағында пайда болады. Ауырсунудың басты себебі жүрекке оттегі мен қанның қажетті көлемде жетпеуі. Ауырсынудың бірнеше түрлері болады. Төс немесе жүрек аймағы басып, сыздап, ашып аурады. Ауру әдетте сол қол, иық, мойын, жауырын кейде екі қолға да, жақ сүйегіне таралады. Әдетте ауырсыну шамадан артық физикалық немесе эмоционалды белсенділік фонында пайда болады. Ауырсыну демалған соң немесе нитроглицеринді қабылдағаннан кейін өтуі мүмкін.
Жүректің ишемиялық ауруының басқа симптомдары: Демікпе; Шаршағандық; Жалпы әлсірегендік.

Диагностикасы Дәрігер диагнозды дұрыс қою үшін бірнеше диагностика тәсілдерімен пайдаланады:

  • Коронароангиография – бұл жүректің қан тамырларының рентген көмегімен инвазивті зерттеу тәсілі;
  • Стресс – эхокардиография
  • Электрокардиография (ЭКГ)
  • Электронды-сәулелі компьютерлік томография (ЭСКТ) – кальцийдің артерия қабырғаларында жиналуын анықтайтын диагностика тәсілі;
  • Жүректің компьютерлік томографиясы; Нуклеарлы стресс-тест.

Емі. Дәрігер жоғары қан қысымының, қант диабеті және қандағы холестерин деңгейінің коррекция мақсатында, сізге бірнеше препараттарды тағайындауы мүмкін. Жүректің ишемиялық ауруының емінің мақсаттары: Қан қысымының деңгейі 140/90 тең немесе одан төмен болуы тиіс; HbA1cқалыпты деңгейінде ұстау; Төмен тығыздықтағы липопротеидтердің деңгейі 100 мг/дл тең немесе одан төмен болуы тиіс.

Дәрігердің рұқсатысыз препараттардың қабылдауын тоқтатуға болмайды. Бұл стенокардияның шырқалуына және жүрек ұстамасына алып келуі мүмкін. Жүректің ишемиялық ауруының хирургиялық ем тәсілдерінің бірнеше түрлері болады: Ангиопластика және стенттеу; Коронарлық шунттау; Минималды инвазиялық жүрек операциясы

Болжамы. Қалпына келу процессі әр түрлі өтуі мүмкін. Кейбіреулеріне диетаны ұстау, темекі шекпеу және препараттарды дер кезінде ішу жылдам қалпына келу үшін жеткілікті Ал басқалары хирургиялық әрекетті талап етеді. Бұған қарамастан, басты профилактика тәсілі ретінде жүректің ишемиялық ауруын дәл уақытында анықтауы саналады.

Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс. Егер сізде жүректің ишемиялық ауруының қауіп қатер факторлары болса, онда дәрігерге қаралуыңыз тиіс. Ал жүректің ишемиялық ауруының симптомдары (төс немесе жүрек аймағындағы ауырсыну, демікпе және жүрек ұстамасының симптомдары) пайда болса, онда дереу жедел жәрдем шақыруыңыз керек.
Жүрекше фибрилляциясы. Жүрекшенің фибрилляциясы– бірқалыпты емес, тұрақты түрде жүрек соғысының бұзылысы. Жүрекшелердің фибрилляция кезінде жүректің жоғарғы камералары – біркелкі соқпауынан, жүректің бұлшықеттеріне және басқа бөліктеріне қан келуі бұзылады. Жүрекшенің фибрилляция кезінде қанда тромб түзілуіне бейім болуына байланысты, ишемиялық бұзылысқа әкелуі мүмкін. Жүркетің ырғақыт емес соғуы өздігінен қалыпты болуы мүмкін немесе препараттар, электрошок (кардиоверсия) қолдану арқылы ем жүргізуге болады. Егерде жүрек соғысы өздігінен ырғақты бола алмаса және ишемиялық бұзылыстын және басқа да асқынулардың алдын алу мақсатынада қанды сұйылтқыш препараттарды қолданады.

Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі
Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде жүрек организмнің қажеттіліктерін өтеу үшін қанды толық көлемде айдай алмайды. Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің дамуы жүректің тоқтап қалуын немесе енді тоқтап қалу мүмкіндігін білдірмейді.  Бұл дегеніміз – жүрек қажеттілікке сай қанды айдай алмайтындығын білдіреді. Бұл кезде жүректің бір және екі жағы да зақымдануы мүмкін. Жүректің айдау қызметінің әлсіреуінде пайда болады: Өкпеде қан мен сұйықтықтың жиналуы Аяқтың ұшының, тобықтың және аяқтың аумағында сұйықтықтың жинақталуы, олар ісінулер аталады Шаршау және ентігу пайда болады.

Себептері. Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің себептері – жүректің ишемиялық ауруы, жоғары артериалдық қысым, қант диабеті және басқа бірқатар аурулар. Ол көбінесе, 65 жастан асқан адамдарда, артық салмағы бар адамдарда, бұрын жүрек талмасы болған адамдарда жиі кездеседі. Әйелдерге қарағанда ерлерде жүрек қызметі жеткіліксіздігінің даму қаупі жоғары келеді.

Диагностика. Дәрігер жүрек қызметінің жеткіліксіздігін медициналық тексеру және бірқатар кардиологиялық тексерулер арқылы анықтайды. Емдеу Емдеуге жүрек қызметі жеткіліксіздігінің негізгі себептерін емдеу, дәрілік құралдарды қабылдау және басқа әдістер тиімсіз болғанда жүректің трансплантациясын (алмастыруды) жасау кіреді.

Т.Нұридін, Б.Ағабек

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*