Қазақта «Денсаулық – зор байлық» деген тәмсіл бар. Бекер айтылмағаны анық. Дамушы елдердің бәрінде адам денсаулығы бірінші орында тұрады. Ата заңымызда да мемлекеттің өлшеусіз байлығы адам екені дәріптеледі. Нақтылап айтсақ, Мемлекеттің басты басымдығы әрқашан адам денсаулығын сақтау болып табылады. Адам денсаулығын сақтау құқығына Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабы кепілдік береді.Сондықтан да болар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды. Бұл ретте Президент тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы бекітіліп, жүзеге асырылуда.
Жобаның мақсаты – әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, ол 2025 жылға дейін есептелген және төрт түрлі бағытта жүзеге асырылмақ:
Бірінші бағыт – медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.
Екінші бағыт – эпидемиялық болжау мен ден қоюдың заманауи жүйесін қалыптастыру.
Үшінші бағыт – отандық фармацевтика саласының дамуына ықпал ету.
Төртінші бағыт – салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған іс-шаралар. «Дені сау ұлт» ұлттық жобасының қабылдануы да тегін емес, себебі қазіргі коронавирустық пандемия әсерінен туындаған экономикалық залал, еліміздің қиын кезеңге аяқ басуының белгісі болып табылады. Осындай қиын-қыстау кезеңде ұлттың денсаулығын көтеру ел экономикасын дамытуға байланысты. Егер елдердің табыс деңгейі мен өлім арасындағы корреляцияны қарастыратын болсақ, онда байланыс тікелей байқалады: ел неғұрлым бай болса, өлім деңгейі соғұрлым төмен және өмір сүру ұзақтығы жоғары болады.
Ұлттық жобаның бірінші бағытын жүзеге асыру үшін халықтың медициналық қызмет сапасына қанағаттану деңгейін 80%-ға дейін арттыру көзделген. Ауылдық елді мекендер, оның ішінде тірек және спутниктік ауылдар бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен толықтай қамтамасыз етіледі. Ұлттық жоба аясында жүкті әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау үшін бірнеше шара қарастырылған. Біріншіден, жүкті әйелдерді босанғанға дейінгі бақылаумен қамту көзделген. Екіншіден, 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қамтамасыз ету қарастырылған. Үшіншіден, 8 өңірде балаларды оңалтуға арналған 8 орталық және 2 ерте араласу орталығын қосымша ашу жоспарланған. Бұл мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалтумен қамтуды 3 есеге (18%-дан 60%-ға) дейін арттыруға мүмкіндік береді. «Дені сау ұлт» жобасы аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде елімізде өлім-жітім деңгейі төмендеген. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарынша 2022 жылы елімізде өлім-жітім 15,5 пайызға азайған. Мемлекет үшін басты байлық адам болған соң, азаматтардың өмір сүру жасының өсе беруі оң нәтиже болары анық. 2022 жылдың 7 айында «Дені сау ұлт» жобасы аясында жүргізілген жұмыстардың арқасында ел тұрғындары арасында қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 21,4 қатерлі ісіктерден 8,7, тыныс алу ағзаларының сырқаттарынан 23 пайыз және туберкулез сырқатынан болатын өлім 12 пайызға азайған көрінеді. Мамандардың пайымдауынша, халықтың жалпы алғандағы өлім-жітімнің көрсеткіші 15,5 пайызға төмендеген екен. Денсаулық сақтау министрлігі биылғы жылы да қараша халықтың денсаулығын көтеруге бағытталған ұлттық жобаның жұмыстары мен іс-шараларын еліміздің барлық аймағында кезең-кезеңімен жүргізіп жатқанын мәлімдеуде. Қай аймақта болса да бірінші кезекте халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру маңызды. Сонымен қатар дәрігерлік көмек халыққа сапалы жасалуы тиіс.
Ұлттық жобаның екінші бағытында биоқауіпсіздік және сәйкестікті бағалау саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін санитарлық-эпидемиялық сараптама зертханаларының үлесін үштен бірге дейін арттыру жоспарланған.
Аталған жобаның үшінші бағытында Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында айтылған тапсырмалар ескерілген. Қолданыстағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ішінде отандық өндірістің үлесін 50%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу арқылы медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектің 50%-ын отандық өндірістен қамту көзделген. Халықаралық стандарттарға сәйкес аккредиттелген зертханалар мен орталықтардың үлесі 100%-ға жеткізіледі. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару бойынша кемінде отыз жаңа өндірісті іске қосу жоспарланған.
Ал, Ұлттық жобаның төртінші бағытын іске асыру арқылы темекі шегу көрсеткіші 19%-ға төмендейді, сондай-ақ азаматтардың 45%-ы салауатты өмір салтын ұстанып, 50%-ы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады деген үміт бар. Бұл үшін халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етуді мың адамға шаққанда 53%-ға дейін арттыру көзделген. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға да жағдай жасалады.
Денсаулықтың қадірін, әдетте, адам ауырғанда ғана білетіні өкінішті-ақ. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне де байланысты. Дегенмен оған қоршаған ортаның, жүтқан ауаның, ішкен-жеген тамақтың, судың қүрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінетін болсақ, адам денсаулығының 40 проценті экологияға, 40 проценті өзінің өмір сүру дағдысына байланысты болса, 18-20 проценті ғана дәрігерлік-медициналық көмекке тәуелді екен.
Сондықтан Президентіміздің Жолдауында көрсетілгеніндей, экономикалық ілгерілеу біздің азаматтарымыздың игілігіне өздігінен кепілдік бере алмайды. Адамдардың өз денсаулығын дүрыс күтпеуінің және коршаған ортаның ластануы салдарынан науқастар саны жылдан-жылға өсіп отырғаны да рас. Бүған ресми деректерге («Казахстан. Отчет по человеческому развитию 1995″. Программа ООН Алматы, 1995, 31-35 с, 42-44 с.) жүгініп көз жеткізу қиын емес.
Ауруханаларда өлген адам саны 1984 -1991 жылдар аралығында әрбір 10000 аурудан 50 болса, ал 1991-1994жылдары410-ға өскен.
Қатерлі ісіктермен ауыратын адамдардың саны 1970 жылғы деңгейден 1993 жылы 22 процентке көтерілген.
Өкпе құрт (туберкулез) ауруы соңғы жылдары үдеген. Әсіресе жас босанған әйелдер арасында 3-5 есеге өскен.
Әйелдердің жалпы денсаулық көрсеткіші орта есеипен 30 процент, әрбір екіншісі қанның аздығымен (анемиямен), әрбір алтыншысы бүйрек ауруымен ауырады. Жылына 200 келіншек босану үстінде жан тапсырған.
1993 жылы Алматы қаласы бойынша босанған әйелдер санын 100 процент десек, бала түсіру (аборт) 104 процентке жеткен. Бала түсіруден жылына 40 келіншек өлген.
Балалар ауруының жалпы саны 5 миллионнан асьш кеткен. Әрбір 100 бала 95 түрлі ауру түрлерімен ауыруда. Ал 1993 жылы туған әр 1000 баланың 28-і шетінеген.
Қазақстанда мерез ауруы 1990 жылмен салыстырғанда 77 есе өскен.
Бекер обалы не керек, кезінде кеңестік жүйеде медицина саласы, әсіресе профилактикалық шаралар түрғысынан қарағанда, дүние жүзінде ең таңдаулылардың қатарында болатын. Осыдан тура жиырма жыл бұрын Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымы өткізген конференцияға қатысқан белгілі ғалым-мамандар Қазақстандағы медицина саласының озықтығын атап айтқан да еді. Амал қанша, бүгінде ол деңгейімізді төмендетіп алғанымыз ешкімге де жаңалық емес.
Денсаулықтың мықты болуы көбіне адамның өзіне байланысты. Қаншама адам зардап шегіп, әр түрлі ауруға шалдығып жүр десеңізші! Ол бейшаралар қазіргі кезде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтардай қаптап кеткен емші-экстрасенстарге алданып, ауыруларын әбден асқындырып алып, емханалар мен дәрігерлердің бірінен екіншісіне жүгіріп, әуре-сарсаңға түсуде. Өз денсаулығын өздері бүзып жүрген осындай адамдарды көргенде, шарасыз жағдайларына жүрегініз сыздап, қапаланып қаласыз.»Денсаулық — зор байлық» дейді дана хал-қымыз. Тек ойлап қарасаныз, денсаулық -адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлық. Сау кезімізде сол теңдесі жоқ табиғат сыйының бағасы мен қадірін білмейтінімз өкінішті-ақ!
Мордва халқының: «Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін, енді қайтып толтыра алмассың есесін» деген мақалы бар екен. Сол айтылғандай, денсаулықты оп-оңай жоғалтып алуға болады, оны қайта қалпына келтіріп түзету өте қиын. Себебі адам организмінің қалыптасқан қызметі бұзылған соң, тез арада жөнделе салуы мүмкін емес. Ол үшін әуелі
диагнозын дүрыс қойып, сонан соң сабыр сақтап, тағаттылық танытып, байыппен емделу қажет. Еш уақытта тозған машинаның бөлшектері сияқты адам организмінің бір ғана мүшесі ауруға шалдықпайды. Оның машинадан айырмашылығы — барлық мүшелерінің бір-бірімен тығыз байланыста болып, жоғарғы нерв жүйесі арқылы, адам миынын тікелей басшылығымен жүйелі жүмыс атқаратындығында. Адамның ішкі агзаларының жүйелі жүмысын қалып-тастырып, іске асыратын — оның миы мен нерв жүйелері болса, организмнің «жанармайы» -тыныс ағзалары арқылы қанға сіңетін және қанның қызыл түйіршіктері (эритроциттер) арқылы организмге тарайтын оттегі мен қоректік заттар: белок, май және көмірсулар (углеводтар). Ал гормондар мен витаминдер адам организмінде үздіксіз жүріп отыратын зат алмасу процесінің «катализаторы» болып саналады. Сонымен қатар адам организмінде керексіз немесе пайдасыз бірде-бір «бөлшек» жоқ екені де дәлелденіп отыр.
Өкінішке орай, көптеген адамдар әрқилы «білгіштердің» ақыл-кеңесімен өздерінше түрлі ем-домын жасап, керексіз дәрі-дәрмектер ішіп, қашан төсек тартып қалғанша жүре береді. «Осы неліктен сырқатқа душар болдым?» деген сүрақ олардың ойына да кіріп шықпайды.
Ал, егер, ой елегіне салып көрсек, бүл сүрақтардың жауабын табу оңай. Қай уақытта ұйықтайсыз? Қалай және немен тамақтанасыз? Жаяу көп жүресіз бе? Жүмыстан бос уақытыңызда қалай дем аласыз? Миыңыз шаршағанда, түнде үйықтай алмағанда нендей шаралар қолданасыз? Арақ-шараппен және темекімен «достығыңыз» қандай? Осыларды ой елегінен өткізгенде ғана не себепті дертке үшырағандығыңызды түсінесіз.
Денсаулықты сақтаудың бірден-бір дүрыс жолы — зиянды, жат қылықтарға (арақ ішу, темекі тарту, т.б.) үйренбей, салауатты өмір сүру, аурудың айықпас сырқатқа айналуына жол бермеу немесе алдын ала сақтандыру шараларын қолдану болып табылады. Медицинаның түпкі мақсаты да осы. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімдірек.
Ғылыми-техникалық даму қоршаған ортаны ғана емес, сонымен бірге адамның өмір сүру жағдайын да өзгертеді. Яғни, олардың жаңа жағдайға бейімделу қажеттілігі де артты. Дегенменадам организмінің қоршаған ортаның зиянды әсерлерімен күресу шамасы әбден таусылғанда ғана барып, гипертония (қан қысымының артуы), жүрек инфаркты, невроз, вегетодистония, рак, қант диабеті және семіздік сияқты аурулардың пайда болатынын зерттеулер көрсетіп отыр.
Адамдардың көпшілігі өз организмінің кез келген ауруға қарсы күресетін табиғи кү-ш і бар екенін ескере бермейді. Әрбір адам аурудың алдын алып немесе ауруды асқын-дырмай түрып, табиғи күштерді толықтырып, шынықтырып, дер кезінде ауруға қарсы жүмылдыра білгені жөн. Өз организміне билік жүргізіп үйрену — кез келген аурудың алдын алудың бірден-бір кілті. Әрине, оған жас кезіңнен әрекет жасауың керек. Бүл тәсілді медицина тілінде — адамның өзін-өзі шынық-тыру немесе тәрбиелеу тәсілі («аутогенная тренировка») деп атайды. Ол туралы орыс тілінде соңғы жылдары бірнеше кітаптар басылып шықты. Бірақ, өкінішке қарай, көп адам күнделікті тіршілікте өз организмінің осы қасиеттерін сақтап, дамыту орнына, керісінше, оған өзі қиянат жасайды. Тіпті кейбіреулері оны өздері бүлдіріп, организмнің бейімделген жұмысын берекетсіздендіреді.
«Егер әр адам ақылға салып, табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін ррынды пайдаланып, гигиеналық тәртіпті бүзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей үзақ өмір сүрген болар еді… Сол себепті адамзатты гигиеналық режимдерді аса бүзбай, дүрыс өмір сүруге баулып, сондай өмірдің қажеттілігіне көздерін жеткізу керек», -дейді белгілі ғалым, жүрек хирургиясының әйгілі маманы, академикН.М.Амосов.
Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін жан кемде-кем. Тіпті ол мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Неге? Оның басты себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық пен тоғышарлықты жеңетін күш-жігердің әлсіздігі. Әрине, күнде таңертең 30-40 минуттай ертерек тұрып, шама келгенше жүгіріп-секіріп, әр түрлі қимыл-әрекеттік жаттығулар жасауға, соңынан салқын сумен шайынып, шынығуға болады ғой. Көпшілігіміз жас кезімізде бүл мәселеге көңіл бөлмей, есейген соң жалқаулықтың қүрсауынан тағы босай алмай, жасымызға жетпей қартайып, әр түрлі созылмалы ауруларға шалдығып, қайғы-қасірет пен өлім қорқынышынан қалтырап күн өткіземіз. Әрине, уақтысында емделмей, созылмалы болған сырқаттан айыға қою да оңай емес. Соның үшін де, тағы қайталап айтамыз, ауырып ем іздегенше, сау кезінде салауатты өмір сүріп, ауырмаудың жолын іздеген анағүрдым тиімдірек. Енді сол ауырмаудың жолдарына тоқтала кетейік.
Қазір аурулар жайында әр түрлі кітаптар көп. Әсіресе кез келген кеселге «өз зәріңді іш» деп, ақыл айтқыштар көбейіп кетті және соны оңды-солды ішіп жүргендерді де білеміз. Дәрігер ретінде менін айтарым: «адамның кіші дәретін тектен-тек «зәр» демегенін ескерген абзал, онда әр түрлі улы заттардың болатынын үмытпаған жөн.
Менің дәрігер ретінде бір байқағаным, әсіресе біздің халықтың, денсаулықжөніндегі сауаты шамалы. Сол себепті де кез келген ақыл-кеңеске сенгіш және содан өзі кейін зардап шегіп жүреді. Осыны ескеріп, жоғары оқу орындарында, бірінші курс студенттеріне, жоспарға енгізіп, «Денсаулық тағылымы» деген сабақ жүргізсе жақсы болар еді. Ол сабақта жастарға, теледидардан көріп жүрген «911»-дегі сияқты, денсаулық жайында сабақ беріп, өмірге қауіпті кезде қандай жедел медициналық көмек көрсету керек екенін үйретуге болады.
Рас, бізде аурулар туралы кітаптар баршылық, бірақ денсаулық және салауатты өмір туралы кітап жоқ. Бар кітаптар: дене шынықтыру, диета, аутотренинг (өзін-өзі жаттықтыру), иогтар туралы ақыл-кеңестер береді. Әрине, бүлар аздық етеді.
Қазір жасы сексеннен асқан, әйгілі кардиохирург, академик Н.М.Амосов өзінің «Раздумья о здоровье» деген кітабында денсаулық жайында мынадай тоғыз қағида ұсынады.
1 Аурулардың болуына көбше табиғат та, коғам да кінәлы емес, тек адамның өзі ғана кінәлы. Көбінесе ол жалқаулықтан, қомағайлықтан, ал кейде өзінің қисынсыз қылықтарынан ауырады.
2. Медицинаға сене бермеңіздер. Ол көптеген ауруларды жаман емдемейді, бірақ адамды сауықтырып та жібермейді. Әзірше ол тіпті адамды сау болуға да үйрете алмайды. Онын үстіне„дәрігерлердің қармағына түсіп қалудан сақ болыңыз! Кейде олар адамның әл-сіздігі мен өз ғылымының қуат-күшін көтер-мелей, әсірелеуге бейім келеді және адамдарға жоқ ауруды таңып, өтеуге мүмкіндік жоқ вексельдер (міндеттемелер) береді.
3. Дені сау болуы үшін адамның өз басы ұдайы және айтарлықтай күш жүмсау керек. Бұларды ештеңемен алмастыруга болмайды. бақытына қарай, адамның жетілгендігі сонша, ол денсаулығын әрқашан дерлік қалпына келтіре алады. Бірақ қартаю мен аурудың ұлғаюы дәрежесіне қарай, қажетті күш жүмсауда арта түседі.
4. Күш жұмсау мөлшері, негізінен, ынталандыру арқылы анықталады, ынталандырулар — мақсаттың маңыздылығы-мен, уақытпен және оған жету мүмкіндігімен анықталады! Әрине, ол әрбір адамның мінезіне де байланысты. Өкінішке қарай, адамның сырқаты асқынып, өлім жақында-ғанда ғана денсаулық, аса маңызды мақсат ретінде, адамның көз алдына келеді. Алайда әлсіз, баянсыз адамды өлім де ұзақ уақыт үрейлендіре алмайды. 5. Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бүлжытпай орындау қажет: дене еңбегі, тамақ ішуді, уақытты дүрыс пайдалану, шынығу және демала білу. Оның бесінші шарты — бақытты өмір сүру! Өкініштісі, алғашқы шарттарсыз бақыт та денсаулықты баянды ете алмайды. Егер өмірде бақыт болмаса, алғашқы төрт шартты орындауға да қүштарлық шамалы болады. Әттеген-айы осы.
6. Табиғат ана мейірбан ғой: қимыл-әрекет жасап, біраз алқынып, терлеп-тепшіп, қан тамырыңыз екі есе қатты соғатындай етіп, күніне 20-30 минуттан дене шынықтырумен айналыссаңыз жетіп жатыр, .Егер осы уақытты екі есе көбейтсеңіз, тіпті жақсы.
7. Адам өзін тамақ ішуде шектеуі керек. Салмағыңызды бір қалыпты сақтаңыз, ол орта есеппен бойыңыздың үзындығынан 100 сантиметрді алып тастағандағы санға тең болғаны тиімді.
8. Өзін-өзі босаңсыта білу де — ғылым, бірақ оған қосымша, мінез-құлықтың да тәуір (салмақты) болғаны дүрыс. Егер солай болса, қандай жақсы десеңізші!
9. Бақытты өмір туралы. Денсаулық отбасында да, жүмыста да бақытты болуға өз үлесін қосады, бірақ оны белгілей алмайды. Бір нәрсе ақиқат: ол — кез келген аурудың адамды бақытсыз ететендігі.
Сонымен, денсаулық үшін күресу керек пе, жоқ па? Ойланыңыздаршы?!!
Жастар үшін тағы бір арнайы айта кететін нәрсе бар. Әрине, сіздің қазірше деніңіз сау, қайдағы бір келешекте б.олуы мүмкін ауру-сырқаулармен басты қатыру сізге әлі ерте
сияқты. Дегенмен уақыт тез өтеді… Осыны естеұстаңыз!