Зиянды дағдылардан аулақ болу
1. Темекінің зияны.
2. Есірткі адамзаттың соры.
3. Арақтың түрлері.
“ Темекі шегу – адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық” – деген болатын орыстын белгілі фармакологы И. М. Догель. Өйткені адам баласында темекіге деген табиғи қажеттілік жоқ.
Еуропаға темекіні Колумбтың матростары әкелгені тарихтан белгілі. 1992 жылы еуропалықтар осы қайғылы датаның 500 жылдығын атап өтті. Ал африка халқы оның дәміе бірнеше ғасыр бұрын тартқан болатын. Темекінің Еуропада кеңінен таралуына француз халымы Жан Нико да себепкер болды. Ол теңізшілер әкелген темекі дәндерінен бірінші рет темекі өсіріп, өзінің атымен аталған “барлық ауруға қарсы ем ”- никотинді тапты.
Темекі түтіні – темекінің жауынан пайда болған өнімдер, олар ауада қалықтаған өте майда құрғақ тозан және миллимикронмен өлшенетін көлемдегі сұйықтық тамшылары түрінде болады. Темекі түрінің құрамы бірнеше жүздеген заттардан тұрады. Оның ішінде өте улы никотин, көміртетігі тотығы, аммиак, күкіртсутегі, формальдегит,фенол, түрлі қышқылдар, қорғасын мышьяк, сынап, кадмий, кобальт, радиоактивті элементтер құрамында канцерогенді бензопирен бар темекі шайыры сияқты элементтер бар.
Осы аталған заттардың кез келгені адам ағзасына зиянын тигізбей қоймайды.
Темекі құрамындағы заттар.
Темекі түтігінде 4000-нан астам химиялық элементтер бар, оның 40-тан астамы онкологиялық ауруларға себеп болатын улы заттар.
Шайыр – түтін арқылы адам өкпесіне түседі. Түтін конденсация ұшырап, 70% шайыр өкпеде қалады.
Никотин – адамның тәуелділігін жылдам қалыптастыратын есірткелік зат. Темекі түтіндегі никотиннің қанға сіңуінен физиологиялық эффект пайда болады, бұның нәтижесінде жүректің соғуы жылдамдап, қан қысымы жоғарлайды.
СО көміртегі – исі мен дәмі жоқ улы газ. Оны адам еш сезбейді, әйтсе де көп мөлшері адамға қауіпті. Ол темекіні тұтатып, ішке тартқанда пайда болады және қандағы гемоглабинмен әрекеттесіп, оттегінің орнын алмастырып қандағы оның мөлшерін төмендетеді. Мүшелер мен ұлпада оттегінің жетіспеуі, ең алдымен, жүрек қан тамыр ауруларын және қан айналымын бұзады.
Кадмий – жоғары улы металл, батарейкаға пайдаланылады.
Формальдегид — өте улы зат, өлі денелерді сақтауға пайдаланылады.
Ацетон – еріткіш, тұрмыста кеңінен пайдаланылады.
Бензол – еріткіш, химиялық өнеркәсіпте пайдаланылады.
Мышьяк — өте улы (кеміргіштерді құрту үшін пайдаланады).
Темекі шегудің зияны туралы жанжақты, әсерлі әңгімелеп беру қазіргі жасөспірімдерде оған деген тұрарқты теріс көзқарас, қабыл алмау сияқты әсерлер туғызуы неғайбыл. Қазіргі жасөспірімдерге ол жеткіліксіз. Сондықтан да ата – аналар, оқытушылар, дәрігерлер бірлесе отырып “әдемі өмірдің” сәніне айналған, денсаулыққа, қоғамдық моральға орын қалдырмай отырған темекі шегумен бітіспес күреске шығуы керек.
Темекі шегушілерге басты зиянды түтін және олардың құрамында бар канцерогендер келтіретінін ғалымдар дәлелдеді. Ал темекінің түтінсіз баламаларына өту шылым шегушілерде қатерлі ісіктің даму қаупін бірнеше есеге төмендетеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша өкпенің қатерлі ісігі – дүниежүзінде таралу деңгейі бойынша екінші қатерлі ісік. 85% жағдайда аталған қауіпті аурудың себебі темекі тартудан болады. Неліктен темекі шегушілер қатерлі сырқатқа шалдығады?
Темекі шегушінің ауруға шалдығуының себебі шылым түтінімен бірге ішіне тартатын заттардан болады. Шылым жанған кезде мыңдаған түрлі қоспалар пайда болады. Олардың көбісі өте зиянды. Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрлігі жанындағы денсалық сақтауды жақсарту жөніндегі кеңсенің шолуларының бірінде тұжырымдалғандай, дәл осылар қатерлі ісік жасушаларының пайда болу себебіне айналады.
Шолуда келтірілген деректерге сәйкес, темекі түтінінде никотиннен басқа 6 400-ден астам химиялық қосынды бар. Олардың 69-ы – қауіпті зат. Бұл – нағыз у, олар ісік жасушаларының өсуін асқындырады. Олардың ішінде, атап айтқанда, — бензопирен, тұншықтырғыш газ, аммиак.
Бұрын «Никотиннің бір тамшысы жылқыны өлтіреді» деп айтылатын, бірақ 1970 жылдардың басында-ақ темекі шегушілердің ағзасында қатерлі ісік тудыратын никотин емес екендігі ғылыми түрде дәлелденген еді. Иә, никотин әдеттенуді тудырады. Соның кесірінен адамдар темекі шегеді, ал дәрігерлер «темекі шегу – тәуелділік» дейді. Алайда никотин өзінен өзі қатерлі ісікті те, қандай да бір ауруды тудырмайды. Дегенмен темекі шегудің салдарынан адам «шылымның тұтқынына» айналады – никотиннің кесірінен тәуелділіктен арылу қиын, сөйтіп ағза жылдар бойы темекі түтінінен улана береді.
Ғалымдар зерттеу жүргізіп, темекі шегушілердің түтінсіз никотин түскендегі реакциясын көрсетті. Заманауи түтінсіз құрылғыларда жану үрдісі жоқ. Олардан никотин жанусыз және түтінсіз бөлінеді. Ал түзілетін будың зияны 90-95% азырақ. Бұл ағзаға негізгі зиянды шынымен де түтіннің бөлшектері келтіретінін растады. Түтін болмағанда, биологиялық көрініс толығымен өзгереді.
Жуырда Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрлігі түтінсіз құрылғылардың темекі шегуге қарағанда қаупі азырақ екендігін растады. Лондон корольдік колледжінің қызметкерлері 400-ден астам ғылыми зерттеу жүргізді және әдеттегі темекінің никотині бар электрон темекіге қарағанда әлдеқайда зиянды екендігін анықтады. Дегенмен вейптер абсолют қауіпсіз емес, әлі де денсаулыққа, әсіресе, кәмелетке толмаған азаматтардың ағзасына айтарлықтай залал келтіруі мүмкін.
Өзге ағылшын ғалымдары The Journal of Internal and Emergency Medicine журналында темекіден шылымды қыздыру жүйелеріне ауысқанда шылым шегушілер үшін қауіптің төмендеуін зерделеген зерттеулер нәтижесін жариялады. Шылымды қыздыру жүйелерін пайдалану, темекі шегумен салыстырғанда, улы заттардың әсер етуін бірнеше есе төмендететіні анықталды. Ал қыздыру жүйелеріне ауысқандардың көпшілігінің көрсеткіштері 2-3 айдан кейін темекі шегуді тастағандармен бірдей болды. Осылайша, қыздырмалы шылымға ауысу темекі шегуден толық бас тартқанмен пара-пар екендігі дәлелденді. Бұл – темекідегі ең қауіпті әрі зияндысы түтін екендігінің тағы бір дәлелі.
Жүздеген темекі шегушіні қамтыған, The Journal of Internal and Emergency Medicine журналында жарияланған ұзақ мерзімді зерттеулердің нәтижесіне сәйкес, түтінсіз никотині бар өнімдерге толық өту қатерлі ісіктің, атап айтқанда өкпе қатерлі ісігінің деңгейін бірнеше есе қысқарты.
Ресей онкологтары да негізгі қатер түтіннен келетініне келіседі. Олар оны темекі шегушілердің ауыс қуысында, өңеште және мойын бөлігінде, сонымен қатар өкпеде тез асқынатын қатерлі ісіктің дамуының басты себебі деп есептейді.
«Сондықтан темекіні тастай алмайтын адамдарға, сонымен бірге сырқатқа шалдыққандарға шылымды қыздыру жүйелері – аурудың даму қаупін және асқынуын төмендетудің нақты мүмкіндігі. Біз мұны өзіміздің клиникалық тәжірибемізден біліп отырмыз», – деді РОӨМОҚ президенті, онколог-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Али Мудунов.
Ғалымдар бірдей қорытынды шығарды: темекінің зияны — оның түтіні.
Есірткі қайдан алынады?
Есірткі тобындағы заттар,көбінесе көкнәр өсімдігінен екі түрлі жолмен жасалады.
1. Көкнәр өсімдігінің ұрық қабығы пісуден бұрын, пышақпен тілгенде аққан сұйықтың күнге кептірілуінен жасалатын апиын сағызынан өндіріледі.
2. Піскен ұрық қауашағының құрғақ артықтарынан өндіріледі.
Героин деген не?
Екі рет қолдан өтуі арқылы өндіріледі. Медициналық мақсатқа мүлде қолданылмайды. Жасалуы да заңсыз. Героин есірткінің 90% болып табылады. Өте қысқа уақытта тым аз мөлшері құмарлыққа апарады. Героиннің ұнтақ түрін искеу, ал суға езіндісін тамырға құю арқылы пайданылады.
Басқа да құмарлық тудыратын заттар.
Морфий мен кодеин медецинада ауру басу үшін қолданылады. Гашиш үнді сорасы өсімдігінің түбірі, жапырағы және гүдінен өндіріледі. Құрғақ жапырақтарын темекіге орап тарту ең көп көлемде қолданылатын түрі. Гашиш қолданған адамдарда мишық қызметі бұзылады. Заттар кейде үлкен, не кіші көрінеді. Сондықтан жол апаттарына көп ұрынады.
Кокайн Оңтүстік Америкада өсетін кока өсімдігінің жапырақтарынан жасалады. Ақ, мөлдір тұз сияқты ұнтақ 200 кг кока жапырағынан 0,5 кг кокайн алынады.
Есірткі адамзаттың соры.
Адамдарды нашақорлыққа баулу – қылмыстың ең соры. Олар бірлі-жарым адамды ғана қан ақсатып қоймайды, бүкіл ел мен ұлттың тамырына балта шабады. Бұл біздің жас мемлекетіміз үшін соғыс апатымен тең. Оған қарсы неге күш біріктіреміз? Неге күреспейміз?
Күні кешеге дейін нашақорлық деген атау қазақ ұғымында болған емес. Маскүнемдік те бізге жат еді. Қоғамдық орта да, табиғат та таза, тұнық болатын. Ластықтан жиіркенетінбіз. Есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Қыздырмаға ілескен сорлы аз уақытта бір жола мәңгіреді. Есірткісіз бір сәт те тұра алмайтын халге жетіп, тірі өлікке айналады. Отан, ата-ана, құрбы құрдас дегенді білмейді де сезбейді. Олардың бұл дүниеден кешетіні – азап.
Есерткі және денсаулық.
Дәрігерлердің айтуына қарағанда, есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Гашиш шеккен адамдардың жүрек соғуы мен тамыр соғуы артады. Созылмалы қан тамыр аурулары барларда (инфаркт) тамыр бітелу болды. Ұзақ уақыт апиын тартқандарда тыныс жолы аурулары пайда болады. Сонымен бірге жүрек, ми, бүйректерде де зиянды зардап туғызады.
Гашиш адамның денсаулығын зияндап қана қоймай, оны қылмысқа да итермелейді. Медициналық мақсатта мүлде қолданылмайтын есірткіні шегу адамды жындануға, тіпті өлімге дейін итермелейтін жаман әдет.Кокайн қолданған кезде орталық жүйке жүйесіне ықпал жасайды да, жүрек соғуы тездейді, қан қысымы артады және тыныс алуы жиілейді, көп қолданылса өлтіреді.
Ұзақ жылдар бойы кокайн қолданғандарда ұйқысыздықтың, рухани қалыпсыздық, өзін өлтіруге бейімделу байқалады. Кокайннің жүрек бұлшық етті және сүйек қаңқасы бұлшық еттеріне уытты ықпалы бар.
Нашақорлар жөніндегі соңғы жаңалықтар.
Соңғы мәліметтерге жүгінсек, республика бойынша 20 мыңнан аса нашақордың бар екені анықталып, тіркеуге алынған.
АРАҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ.
Алкоголъ атауы арабша термін болып, кірпіктерді бояуда қолданылатын ¥па бейнесіндегі ұнтақ мағнасына келетін «ЕЛ-КҮҰЛ» терміні, барлық батыс тілдеріне өтіп, бізге де батыс негізді тілдерден, Түрікше оқылу ф ормасымен Алкоголъ болып кірген.
Құрамында Алкоголъ бар ішімдіктерде химиялық жақтан бір неше түрлі алкоголъ болғанымен, ең бастысы Этил (еШуіе) Ал-коголъ. БҮ-Л зат химиялық жақтан Этанол, жалпылық ретінде де, Дақыл спирті (£гаіп аісоһоі) деп аталады.
Арақта болатын басқаша алкоголъ тұрі де метил алкоголъ, не-месе Метанол. БҮЛ алкоголъ халық арасында көбінесе Эгил Смирті ретінде білінеді. Метил (Меіһуіе) алкоголъ антифріздерде (қатырмайтын зат) жэне жанарзаттарда болғанындай, кейбір өмдіріс орындарында сауда мақсатында да қолданылады. Метил спирті өлтіруші бір у. Өте аз мелшерінің өзі соқырлыққа және өлімге жол ашады. Жасырын өндірілген арақтарда кейде метил спирті қолданылып, көптеген өлімге себеп болған.
Тағы бір алкоголъ түрі изопропил алкоголъы, арақтыц 6ҮЛ түрі де улы. Алайда алкоголъ (арақ) дегенде көбінесе этил спирті меңзеледі.
Мас деп аталған жағдай қалай туылады?
Алкоголь бір түрлі анистетик, яғни, жансыздарушы зат. Ол қан арқылы миға жетеді.
Миды дененім басшылық орталығы деп ТҮСІНІҢІЗ, арақ миға келген соң, мидың әрекетіне зиян жеткізеді. Ал-дымен шешім жасау немесе тергеу қуатын бүзады. Мас адам қате қарарлар береді және есептерін қате есептейді. Одан кейін, адам-дардың басты ерекшелігі болған үялу сезімін өлтіреді. Мас адам, сау кезінде қолы бармайтын ұятты қимылдар көрсеткенін аңғармайды. Арақ осыдан кейін, көруге және сөйлеуге кедергі болады. Мас адам, жалпы алғанда, дөрекі, тәртіпсіз болады, қажетсіз әрі айғайлап көп сөйлейді. Әсіресе арақ, естіу қуатына, мишыққа әсер етіп бүлшық ет-тердің тәртіпті қимылын бұзады. Сол себепті, мастар көрінгеніндей тәлтіректеп жүреді, денесінің тепе -теңдігін сақтай алмайды.
Міне, осындай КҮЙГЕ ТҮСКӨН мас адам, ойламайтын, ақылдан адасқан, сыртқы дүниемен қатысы азайган, адамға ең қажетті ұялу сезімі әлсіреген, тек қана тыныс алған, айналым, сіңіру жгйелері ав-томатты ғана әрекеттенген бір жаратылысқа айналады, бгдан да ілгерлеп ішілген арақ, жоғардағы қимылдарды да тоқтатады. Жүрегі тоқтап, тынысы тарылады да ажалға жегелейді. Асырып ішкен арақтан дастарқан басында тұра алмай өлгендер аз емес.
Мінеки, маскүнемнің халі. Қоғамға рухани және заттық ау-ыртпалық, қиындық туғызған масыл күйіне түседі. Арак ішкендердің «Маскүнем боламыз» деп араққа бастамайтыны шүбәсіз. Алайда, жүре келе маскүнемге айналып, өмірінде, ақыретінде ілікке алғысыз етеді.
Алкоголъды арақтар әуелі төте тиген жерлеріндегі органдарды зияндайды. Мысалы, ауызда рак, өңеште қабыну, тіпгі қылтамақ рагы, асқазанда бастабында запыран, біртіндеп, асқазан жарасын майданға әкеледі. Тіпті асқазан тесілуіне де жолашады. Әрі, арақ ас сіңіру жүиесін бүзады. Ұйқы безін қабындырады. Дененің «химия зертханасы» сияқты болған бауырға арақтың тигізетін зияны ерек-ше. Бауырдың майлануына, ары қарай циррозға (бауырдың қабынуы), тіпті бауыр рагына апарып соғады. Цирроз дегенде ойыңызға бірден арақ келеді. Себебі цирроз ұзақ уақыт арақ ішкендерде жиі кездесетін, соны өліммен бітетін ауру.
Арақ жүйке ЖҮЙЕСІ ҮШІН, әсіресе миға іетенше ауыр зақым келтіреді. Арак, ішкен адамның миындағы жүйке клеткалары ауруға үшырайды, тіпті өледі.
СЫРА, ШАРАП, ЛИКЕР ЖӘНЕ ДЖИН
Арақтар, спирт пен судан тыс, басқа да ләззат беретін және рең беретін заттарды қамтиды. Алкоголь құрамды арақта азықтық құн болмайды. Суретте, ішіне тең мөлшерде этил спирті қосылған түрлі арақтар көрсетілген. Бір құмыра сыра ішкен адамның денесі, бір тостаған шарап ішкендей этил спирті қабылдағанмен тең болады.
Ішімдіктің зияны
Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Араққа үйір адамның семьяда бақытсыз (тек өзі ғана емес), қызметте абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз болатыны белгілі. Олар түрлі ауруларға да шалдыққыш келеді.
Ішімдік жыныс сезімін күшейтеді, жыныс актісінің уақытын созады, адамның жыныстық қызметіне пайдалы әсерін тигізеді деген ұғым бар. Шын мәнінде солай ма? Рас, шамасыздық кейінірек басталады.
Дәрігерге жап-жас жігіттерді жетелеп әкелетін қандай жағдайлар? Әрине, маскүнемдік. Өйткені алкоголиктердің жыныс органдары әлсірейді, келе-келе арақ-шарап еркекті белсіздікке апарып соқтырады. Өкінішке орай, белсіздіктің арақтан болатынын не ері, не әйелі біле бермейді.
Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Ол көрсеқызар болады, инабаттылықты ұмытады, дөрекілік көрсетеді. Көрсе қызарлықтың, нәпсі құмарлықтың салдарынан маскүнемдер жыныс ауруларына жиі душар болады.
Алкоголь «нерв уы» деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс-қуысына өте тез жайылады да, сонан соң орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады.
Үнемі ішкілікке салынған адамның спермотозоидтары (ұрық клеткалары) азайып, олардың тұлғасы (формасы) өзгереді. Маскүнем әйелдерден туған балалардың жартысына жуығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда шетінейді. Шетінеуге нәрестенің миындағы ісікті сырқаттар себепкер болады.
Емшекте баласы бар әйелдердің маскүнемдігі тіпті өрескелдік. Олар арақ түгіл, сыра ішуге де болмайтынын естерінде сақтаулары керек. Ана сүтімен нәрестенің организміне енген алкоголь баланы тынышсыздандырады, ұйқысын нашарлатады, ақыл-есінің жетілуіне кедергі келтіреді. Сайып келгенде, ішкіліктің зияны мол екенін есте ұстаған семья мұны ұмытпағаны жөн. Талай адамның түбіне жеткен ішімдік кімнің жанын азапқа салмады дейсіз. Соған қарамастан арақ ішу дәстүріміз ғой деушілер де табылып қалуы мүмкін. Бұдан былай бұл зиянды «дәстүр» халық ұғымынан шығып, кейінгі ұрпақтың сөздік қорында болмауға тиіс. Партия мен үкімет қазір бізден осыны талап етіп отыр.
Салауаттылық — денсаулықты жақсартып, материалдық байлықты арттырудың, еліміздің күш-қуатын көтерудің бір көзі. Сондықтан да халқымыз партияның алкоголизмге, маскүнемдікке, есірткі ішуге қарсы саясатын қолдайды. Алкоголизм мен маскүнемдікке қарсы шараларды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етеді. Адам баласының алға басу жолындағы кедергі — арақ-шараптың сиқырлы сыр-сипатын тек біздің еліміз ғана ашып көрсетіп, оның әлеуметтік зиянын айқындады. Партия арақ-шараптың болашақ ұрпаққа тигізетін қырсығын, ащы шындықты айтып халықты сақтандырып отыр.
Дегенмен, жалпы адам организміне зардап тек арақ-шараптан ғана келеді десек, қателескен болар едік. Бұл күндері «сәнге» айналып жүрген темекі шегудің зияндылығы да аз емес. Тіпті оны шегуді былай қойғанның өзінде, темекі плантациясында жұмыс істеп журген кыздардың, қалыңдықтардың бала көтермей қалу қаупі тағы бар.
Әрине, алкоголизм, есірткі, темекі шегу жайындағы дабыл орынды, дер кезінде соғылды. Нашақұмарлықтың, темекіқұмарлықтың, наркотикалық есірткілерді пайдаланудың салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң нәрестелер өмірге өксіп — жылай келеді. Ал оны болдырмаудың бірден — бір жолы — осы айтылған жағымсыз жайларға, бос уақыттарын міндетті түрде сырахана, ресторан маңында көзін сүзіп, күнін өткізетін кәнігі маскүнемдердің бұрынғыдай жұбын жазбай жүру «дәстүріне» жол бермеу.
Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.
Ішкілікке үйір болып туатын адам жоқ, маскүнемділік тұқым да қуаламайды. Оған көбінесе мол дастарқан басындағы отырыстар ырду-дырду араласқан адамдар, жүрген орта себепкер болады. Маскүнемдіктен сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бұл күндері кімді болса да бейғам қалдыра алмайды. Өйткені алкоголизм мен маскүнемдіктіц артында жеке адам, семья тағдыры тұр. Оның ауыр зардабы жанашыр жақынды да, бейтаныс адамды да бейғам қалдыра алмайды. Теріс жолға түскен адамға білікті де дұрыс ақылшы керек. Ішімдік салдарынан маскүнемнің жан дүниесінде болған дағдарыстарды, өміріндегі сәтсіздіктерді көріп, түсіне, түсіндіре білетін, көзін жеткізіп айта білетін шын жанашыр адам керек.
Маскүнемдік адамдардың денсаулығын бұзып, шаңырақтың тату-тәттілігін шайқалтады, адамды әл-қуатынан, ерік-қайратынан айырады, тапсырылған іске салдыр-салақ қараушылықты тудырады, еңбек өнімінің төмендеуіне, өнеркәсіп пен транспортта жарамсыз өнім шығаруға, жұмысқа себепсіз кешігуге және апатқа ұшырауға әкеп соқтырады. Маскүнемдік ағайыншылыққа, сыбайластыкка, жең ұшынан жалғасушылыққа, тамыр-таныстыққа жол ашады, принципсіздік тудырады, қылмыс жасауға итермелейді.
“Денсаулығыңды ақсатқаның — өзіңді өзің қақсатқаның” – дегендей, әр адам өз денсаулығын қорғай білу керек. Денсаулыққа жат қылықтардан арылу үшін бүкіл елдің барлық адамының күш біріктіріп күрескені жөн деп ойлаймын.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары
Бұл – қазіргі қоғамның ең өзекті проблемаларының бірі болып отыр. Бүгінгі таңда, есірткіні ғаламтордан немесе түнгі клубтардан оңайшылықпен сатып алуға болады. Әдетте, алғашқы кезде сатушы есіркіні тегін ұсынады, ал тәуелділік пайда болған соң, көп ақша талап ете бастайды. Сондықтан, нашақорлар жаңа дозаға қол жеткізу үшін ұрлық немесе тонау сияқты қылмыстық әрекеттерге баруға мәжбүр болады.Себептері
Нашақорлық жастардың есірткіге деген қызығушылығынан басталады. Іші пысқан немесе жаңа эмоция сезінгісі келген жасөспірім, бір рет дәмін татып көрген соң, бұл әсерді тағы да сезінгісі келеді. Осылайша, тәуелділік туындайды. Жақын адамдардың тарапынан махаббат пен жылулықтың болмауы және ата-ана мен бала арасындағы түсінбеушілік, осы дертке әкелуі мүмкін. Жас балалар есірткінің көмегімен, жанұядағы проблемалардан және жағымсыз эмоциялардан арылғысы келеді. Депрессия, бақытсыздық, мазасыздық және өз күшіне сенбеушілік секілді белгілер өз-өзін төмен бағалайтын және басқаларды өзінен жоғары санайтын адамдарға тән. Олар ештенеге қызығушылық танытпай, тұйық өмір сүреді. Ішкі ауруын басатын жолдарды іздеу барысында алкоголь, есірткі сияқты «көмекшілер» сахнаға шығады.
Зияны
Жүйке жүйесі, жүрек және бауыр қатты зардап шегеді. Ұзақ уақыт пайдалану ішкі ағзалардың жұмысын бұзады. Есірткіні қабылдауды тоқтатқаннан кейін депрессия, қатты шаршау және ұйқышылдық басталады. Ағзаны қалпына келтіру үшін уландырғыш затты қайтадан қолдану керек болады. Нашақордың өмірі түбегейлі өзгереді. Ол өтірікші, дөрекі, қатал және өзімшіл адамға айналады. Бірте-бірте оның ойлау қабілеті төмендейді. Достарының сенімін жоғалтып, жақындарынан айырылады бастайды. Жанында тек өзі сияқты нашақорлар ғана қалады. Кезекті «дозаға» ақша табу үшін кез-келген әрекетке баруға дайын, тіпті адам өлтіруі де мүмкін. Зерттеулерге сәйкес, нашақорлардың жартысынан көбі – қылмыскерлер.
Күресу жолдары
Нашақор адамдардың туыстары, науқасты дәрі-дәрмектердің көмегімен емдеуге тырысады. Алайда, бұндай дәрілердің құрамында есірткі компоненттері болуы мүмкін. Бұл жағдайда ем сәтті аяқталмайды, өйткені, бір есірткі екіншімен ауыстырылады. Сондықтан, оларды үй жағдайында емдемей, арнайы емдеу мекемесіне апарған жөн. Наркологтар бұл ауруды емудеудің жаңа тиімді әдістерін іздеуде. Нашақорлықпен күресу – қиын және ұзақ процесс, оны жеңу үшін науқас және оның отбасы барлық күш-жігерін салуы керек.
Құрметті жерлестер! Жақындарымыз, әсіресе жастарымыз үшін аса абай болайық! Жеткіншектеріміздің әрбір әрекетін осы бастан қадағалайық! Келешек ұрпақтың есірткі тәуелділігіне шырмалмауы үшін Сіз болып, біз болып бірге күресейік!!!