АИТВ — адамның иммун тапшылығы вирусының, яғни адамның иммунды жүйесін зақымдайтын вирустың қысқартылған атауы. Адамның иммундық жүйесін зақымдай отырып, басқа инфекциялық аурулардың дамуына ықпал етеді. Өйткені адамның иммундық жүйесі әлсіз болғандықтан, ауру туғызатын микроорганизмдермен күресуге қабілеті төмендейді. АИТВ жұқтырған адам сау адамға мүлде қауіп тудырмайтын микрорганизмдерге өте сезімтал болып келеді. Иммун тапшылығы вирусы адамнан адамға жұғады. АИТВ адамнан адамға үш жол арқылы беріледі: қан арқылы, жыныстық қатынас және тігінен (анасынан баласына жүктілігі , босану кезінде және ана сүтімен). Инфекция масаның шағуы, қол беріп амандасу, сүйісу, жүзу бассейндерінде шомылу арқылы берілмейді.
Бастапқыда ауру білінбейді. Көпшілік жағдайда АИТВ жұқтырғанын және басқаға қауіп төндіретіні туралы біле бермейді. Жұқтырған адам көбіне ауру жұқтырғанын сезбей де қалады. Бірнеше апта өткен соң ғана тұмауға ұқсас белгілер пайда бола бастайды (дене қызуы көтеріледі, тері бетінде бөртпелер шығады, лимфа түйіндері үлкейеді, іші өтеді). Вирус жұқтырған адам көп жыл бойы өзін сау адамдай сезінеді. Бұл аурудың жасырын кезеңі деп аталады. Бірақ бұл кезде адам ағзасында өзгеріс болмады деуге болмайды. Ауру қоздырғыш, оның ішінде АИТВ адам ағзасына енеді, иммундық жүйе иммундық жауап құрайды. Ауру қоздырғышты жоймақшы болып әрекеттенеді. Ол үшін иммундық жүйе антидене өндіреді. Антидене ауру қоздырғышты жоюға көмектеседі. Сонымен қатар қанның арнайы ақ жасушасы (лимфоцит) ауру тудырғыш агентпен күреседі. Өкінішке орай АИТВ-мен күресуде бұл жеткіліксіз, иммундық жүйе АИТВ жеңе алмайды, ал өз кезегінде вирус иммундық жүйені бұзады.
Вирусты жұқтырған адам ЖИТС-ке ұшырады деуге болмайды. ЖИТС-ке ұласуына ұзақ жыл өтеді (орта есеппен 10-12 жыл). АИТВ инфекциясын немесе ЖИТС-пен ауырған адам «Қанша жыл өмір сүремін?» және «Ауруым асқынған ба?» деген сұрақтар қояды. АИТВ да, ЖИТС те әр түрлі асқынады және бұл сұраққа нақты жауап беру мүмкін емес. Бүгінгі күні осы аурумен ауыратын адамдар бұрынғы жылдарға қарағанда ұзақ өмір сүреді. АИТВ және ЖИТС-ті емдеу жылдан жылға нәтижесін беруде.
Емдеу нәтижесінде ұзақ уақыт өздерін сау адамдай сезінеді. Емдеудің жаңа әдістері іздестірілуде. Инфекциямен күресте тиімді жаңа дәрілік заттардың пайда болатынына күмән жоқ, әрине. АИТВ жұқтырып алмау үшін қарапайым ережелерді сақтауыңыз қажет: есірткі заттарын пайдаланбаңыз және бірнеше адам пайдаланған шприцті қолдануға болмайды, қорғаныс құралдарынсыз кездейсоқ жыныстық қатынасқа түспеу керек, жыныстық қатынас арқылы берілетін ауруларды емдеу қажет, жүктілік кезінде дәрігердің бақылауында болу, өзіңіздің статусыңызды білу үшін АИТВ тестіден өту. Зерттеуді емханада анонимді түрде өтуге болады.
АИТВ адам ағзасын әр түрлі инфекциядан қорғайтын қорғаныш (иммунды) жүйені зақымдайды. АИТВ қоғаныш жүйесінің белгілі клеткаларын (CD4 клеткаларын) зақымдайды. CD4 клеткаларынның азаюына қарай ауру деңгейі анықталады. АИТВ мен өмір сүретін адамдарды АИТВ-жұқтырғандар деп атайды.
АИТВ адам ағзасын әр түрлі инфекциядан қорғайтын қорғаныш (иммунды) жүйені зақымдайды. АИТВ қоғаныш жүйесінің белгілі клеткаларын (CD4 клеткаларын) зақымдайды. CD4 клеткаларынның азаюына қарай ауру деңгейі анықталады. АИТВ мен өмір сүретін адамдарды АИТВ-жұқтырғандар деп атайды.
ЖИТС дегеніміз не?
ЖИТС (СПИД) – жұқтырған қорғаныш тапшылығының белгісі. Қорғаныш жүйесі әлсіреген кезде адам кез-келген ауруға, әсіресе жұқпалы ауруларға (құрт ауруы-туберкулез, өкпе қабынуы) қабылдағыш болады. Ондай жұқпалы аурулар «оппортунистік» (қолайлы жағдайларды пайдалана білетіндер) деп аталады, себебі олар аам қоғаныш жүйесі әлсіреп ауру қоздырғышына қарсы түру қабілеті әлсіреген кезде пайда болады.
Қазіргі кезде АИТВ жұқпасының даму қарқынын тоқтататын дәрі-дәрмектер бар. Басқа дәрі-дәрмектермен «оппортунистік» жұқпаларды алдын алу немесе емдеуге болады. Егер ерте анықтаса оның алдын алу және емдеу мүмкіндігі көбірек болады.
АИТВ жұқтырған адамда бір немесе бірнеше оппортунистік ауру анықталып және CD4 клеткаларының мөлшері белгілі деңгейге дейін төмендесе, ЖИТС деген диагноз қойылады.
АИТВ қалай жұғады?
Қанға АИТВ қажетті мөлшерде түскенде жұғуы мүмкін. Құрамында АИТВ-ның жұғатын мөлшері бар организм сұйықтары, олар:
Қан;
Қынап сұйықтығы;
Шәуіт;
Ана сүті.
Сілекей, тер, несеп құрамында қоздырғыш жұқтыратын мөлшерде болмайды. АИТВ зақымдалмаған тері арқылы немесе ауа арқылы тұмау қоздырғышы сияқты берілмейді.
АИТВ жұқпасының бірнеше жұғу жолдары бар:
АИТВ жұғудың 3түрі
1) ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС АРҚЫЛЫ-сақтанбаған (мүшеқапсыз) терең жыныстық қатынас;
2) ҚАН АРҚЫЛЫ
Шприц, ине және басқа да инъекция құралдарын ортақ қолдану;
Тату пирсинг үшін залалсыздандырылмаған құралдар қолдану;
Бөгде адамның қырынатын заттарын, көзге көрінетін қан қалдықтары бар тіс щеткаларын қолдану нәтижесінде;
Жұқпасы бар қан тапсырушының қанын құйғанда.
3) АИТВ-ОҢ НӘТИЖЕЛІ АНАДАН БАЛАҒА- жүктілік, босану және емізу кезінде.
АИТВ жұқпайтын кездер
АИТВ оң нәтижелі адамдармен тұрмыста араласу мүлдем қауіпсіз;
Тер мен көз жасы арқылы;
Жөтелгенде және түшкіргенде
Ортақ ыдыс немесе төсек жабындарын пайдаланғанда
Ортақ қауыз бен унитазды пайдаланғанда
Спортпен ортақ айналысқанда
Қоғамдық көліктерде
Қол алысу немесе құшақтау кезінде
Жануарлар арқылы немесе жәндіктер шаққан кезде
Сүйіскен кезде сілекей арқылы
АИТВ жұқтырған адам пайдаланған кітаптар, кеңсе керек-жарақтары, жиһаз, телефон арқылы АИТВ жұқтыру мүмкін емес.
АИТВ-ны қалай анықтауға болады?
Сыртқы кел бетіне қарап, адам АИТВ-ны жұқтырғанын білу мүмкін емес.
АИТВ-ны анықтаудың жалғыз әдісі – қанды лабораторияда тексеру, яғни арнайы әдіспен қоздырғышқа қарсы денелерді анықтау. Қарсы денелер дегеніміз ол организмде қоздырғышқа қарсы жауап ретінде пайда болатын белоктар.
Оң нәтижелі анализ дегеніміз ол адам қанында қоздырғышқа қарсы денелер бар дегенді білдіреді, яғни ол адам АИТВны жұқтырған.
Теріс нәтижелі анализ, яғни АИТВ-ға қарсы денелер қанында анықталмаған. Теріс нәтиже қандай жағдайларда болуы мүмкін:
Егер адам АИТВ-ны жұқтырмаған болса;
Адам АИТВ-ны жұқтырған күнде де, адам қанында АИТВ-ға қарсы денелер пайда болып үлгермейді, сол себепті қан анализінің нәтижесі теріс болады («терезе кезеңі»)
«Терезе кезеңі» деген не?
Ағзаға тест-жүйелерімен анықтауға жеткілікті мөлшерде қарсы денелер пайда болу үшін 25 күннен 3 айға дейін (сирек жағдайда – 6 ай) уақыт керек. Осы уақыт кесігін «терезе кезеңі» деп атаймыз. Бұл кезеңде тест нәтижесі теріс болады. Сондықтан 3 айлацн кеейін анализді қайталау керек. «Терезе кезеңі» қанда, шәуітте, қынап сұйықтықтарыда және ана сүтінде қоздырғыш басқа адамдарға жұқтыратын мөлшерде болады.
Тексеруді қай жерден өтуге болады?
Кез-келген ЖИТС мен күресу орталығында, АИТВ-ға тексеретін анонимді кабинеті бар емханаларда, АИТВ-ға ТЕГІН тексерілуге болады. Тексеру кезінде міндетті түрде тест алдындағы және тест соңындағы кеңес берілу керек. Онда өзіңді қызықтыратын сұрақтарға жауап алуға болады.
Адамда АИТВ бар екенін білу неге қажет?
Өз денсаулығына көбірек назар аударып, «оппортунистік» жұқпалардың алдын алып уақытында емді бастау үшін;
Дер кезін арнайы ауру дамуын басеңдететін препараттарды қолданып, аурудың дамуын тоқтату үшін;
өзіне жақын адамдарға, туыстарына, достарына жұқтырмау үшін;
АИТВ-ны жұқтырған анадан жүктілік, босану, емізу кезінде балаға берілудің алдын алу үшін.
Қандай жағдайларда АИТВ тест тапсыру қажет?
Кездейсоқ адаммен мүшекапсыз жыныстық қатынасқа түсу;
Стерилденбеген медициналык және медициналық емес құрал-жабдықтарды қолдану (денеге сурет салу, сырга тағу т.б.)
Инъекциялық жолмен есірткі тұтыну.
Жыныстық жолмен берілетін инъекциялар табылғанда;
Гепатит В және С табылғанда;
Қалай жұғудың алдын алуға болады?
Әб бір жыныстық қатынас кезінде мүшеқапты қолдану керек.
Тек өзінің таза инъекциялық құралдарыңмен қолданып және басқа адамға пайдалануға бермеу керек;
Денеге таңба салу (татуировка) және сырға салу (пирсинг) кезінде тек таза құралдармен қолдану керек;
Қанмен және қан жұққан материалдармен жұмыс жасаған кездде ақсөл (латекс) қолғаптарын кию керек;
Тек өзіңнің таза немесе жаңа жеке гигиена құралдарымен (қырыну құралдарымен, тіс жуатын щеткаларымен) пайдалану керек;
Жүкті анадан балаға АИТВ берілудің алдын алу әдістерін пайдалану (қоздырғышқа карсыпрепаратты үктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңде, емшекпен емізбеу) керек.
Көпжылдық халықаралық АИТВ-мен күресудегі тәжірибе, АИТВ жұқпасының жаңа жағдайының жұқтыруының алдын алуда басты кедергі болып адамдардың хұқықтарының бұзылуы, АИТВ/ЖИТС байланысты екенін куәландырады. Дұрыс емес ақпарат, АИТВ берілуі туралы аңыздар, таңба және кемсітушілікті тудырады, адамдардың хұқықтары бұзылуының басты негізі АИТВЖИТС контексті болып табылады.
Адамдардың хұқықтары АИТВЖИТС қатысты адамдардың абыройы мен теңдігімен шатысып жатады, әртүрлі мәдениет пен дәстүрлер мінезделген. Адамдардың хұқықтары принциптері арасында, АИТВЖИТС -ға қатысты, көбіне мынаны белгілейміз:
Кемсітушілікке құқық;
Еңбек етуге құқық;
Жеке өмірге құқық;
Тең білім, медициналық көмек алуға хұқық;
Қоғамдық және мәдениетті өмірге хұқық.
АИТВ жұқтырған адамдардың хұқықтары шектеулі (мысалы, АИТВ жұқтырған адам қанның, органдардың доноры бола алмайды).
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары