Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Білгенге - маржан » Ауру атаулының жақ­сы­сы жоқ

Ауру атаулының жақ­сы­сы жоқ

Жалпы, ауру атаулының жақ­сы­сы жоқ. Сырт­қы және ішкі се­беп­тердің әсерінен ағ­за­ның құрылысы мен функциясы бұзылуы – ауру туды­ратын басты себеп. Ауру түрі де көп. 2022 жылғы аурулардың халық­ара­­лық клас­сификациясы 17 мыңға жуық жара­қатты, ауруды және өлім себептерін қам­ти­ды, бірақ бұл сан түпкілікті емес. Кей­де ұқсас клини­калық көріністің артында мүл­дем бас­­­қа жағдайлардың тұруы және бо­­­ла­шақта олар жеке аурулар ре­тінде қарас­тырылуы мүм­кін.

Денсаулыққа зардабын тигізіп, соның себе­бі­нен адамдардың жұмысқа деген қабілетін шек­тейтін аурулардың түрлерінен басқа өлім қаупін тудыратындары да аз емес. Ал урологиялық ауру­лар жоғарыда көрсетілген себептерден басқа ха­лық­тың өсіп-өнуін де тежейді. Себебі урологиялық аурулардың ішінде адамды ұрпақ таратудан ма­құрым қалдыратындары да көп. Бұл демогра­фия­лық өсім өте-мөте қажетті біздің ел үшін үнемі назар­дан түспеуі тиіс мәселенің бірі. Сондықтан кез келген азамат бұған бейжай қарамай, өзінің ден­саулығына аса сергек қарауы тиіс. Басы 1-бетте Медицинада несеп шығару жүйесінің кез келген компоненттерінің қыз­ме­тін бұзатын аурудың түрлерін (бүйрек, не­­сепағар, қуық және уретра) урологиялық ау­рулар деп атайды. Әдетте, адамдар уролог-дәрігерге барып кө­рінуден, кеңес алудан қашқақтайды. Оны тек жыныстық жұқпалы ауруларға шал­дық­қан­дардың ауруы деп түсінеді. Ал шынына кел­генде, урологиялық аурулардың түрі көп. Ме­дицина оларды былай жіктейді: цистит, прос­татит, уретрит, бүйрек тастары, зәрді ұста­мау, ноктурия, пиелонефрит, бүйрек жет­­­­кіліксіздігі, нефротикалық синдром, қуық ісігі. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, әдет­те урологиялық аурулар ерлерге қара­ған­д­а әйелдерге көбірек әсер етеді екен, де­ге­н­мен ер адамдардың арасында да бұл ауру тү­рінен зардап шегетіндер аз емес. Зәр шы­ғару кезінде ауырсынуды сездіретін не­месе зәр­дің өте аз мөлшерде шығуымен қи­­най­тын циститпен әйелдер көбірек ауыр­са, прос­татит – еркектердің эксклюзивті уроло­гиялық ауруы. Простатитпен ауырған ер адамдар эякуляция кезінде, зәр шығару кезінде ауырсынуды сезеді, сондай-ақ ата­­лық безде ыңғайсыздықты сезінеді. Урологиялық аурулардың ішінде ең қауіп­­­­тісі – қуықасты безінің ісігі. Жыл сайын әлемде 549 000 қуықасты безі­нің ісігі диагнозы қойылады, ол қазірде он­ко­логиялық аурулардың ішінде он бірінші орын­ға шыққан… Аурудың алдын алу мен оны емдеу үшін аурудың неден пайда болатынын ескеру маңызды. Мәселен урологиялық аурулардың ішінде зәрді ұстамау – өз-өзінен бола қала­тын ауру емес. Оған қант диабетімен ауру, қуық­тың шамадан тыс белсенділігі, қуық бұл­шық еттерінің әлсіздігі, зәр шығару жол­дарының инфекциясы, жұлынның зақым­дануы, іш қатуы әсер етеді екен. АҚШ-тың медицина зерттеулері сол елде 15 миллион адам­ның зәр ұстамау бойынша ауыратынын анықтаған. Жасыратын несі бар, ел арасында уроло­гиялық аурулар жыныстық жолмен жұғады, оны тарататындар – жыныстық қатынаспен бейберекет айналысатындар деген түсінік бар. Әрине, жыныстық қатынас арқылы түрлі ауруларды (мысалы, мерез сияқты) жұқ­тырып алатындар бар, бірақ бұл уроло­гиялық аурулардың көбеюіне бірден-бір себеп болатын жағдай деуге де болмайды. Сол сияқты жоғарыда көрсетіп өткеніміздей, уро­логиялық аурулардың түрлері көп. Мә­селен, аталған аурудың ішінде кейінгі кезде жиі кездесетін дерттің бірі – қуық безі. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, қуық бездерінің дамуына не әсер ететіні жет­кілікті зерттелмеген. Әзірге қатердің үш мә­селеге байланысты екен. Олар – жас мөлшері, ұрпақ қуалаушылық, ұлттық негіз. Негізі қуық безі алпыс жастан асқан ер адам­­дарда жиі кездеседі. Оған үлкен кісі­лер­дің ағзасындағы ішкі және сыртқы фак­тор­лардан болатын гормоналдық тепе-теңдіктің бұзылуы себеп болады екен. Ішкі фактор­лар­ға генетикалық – ұрпақ қуалаушылық жа­та­ды. Азаматтардың әкесінде немесе аталары­ның бірін қуықасты безі ауруымен ауырса, бұл дерт­ке шалдығу қаупі кем дегенде екі есеге арта­ды. Егер екі немесе одан да көп туысы ауыр­ған болса, қауіп деңгейі он есеге дейін кө­те­ріледі. Ал сыртқы факторларға шамадан тыс семіру, темекі тарту, дұрыс тамақтанбау, радиация әсері жатады. Сон­дықтан ма­ман­дар егде тартқан азаматтарға май мен холес­терині көп тағамды ішпеуге, есесіне көкөніс пен жеміс-жидекті, А, Е, D дәрумендеріне бай тағамды көбірек жеуге, темекі шегуден бас тар­тып, спортпен шұғыл­дануға кеңес береді. Бұл да біздің есімізден шықпауға тиіс кеңес­тер. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының мәліметтері бойынша эконо­ми­ка­лық дамыған елдердегі тұрғындарының өлім-жітім құрылымындағы негізгі бір себеп: не­сеп-жыныс жүйесінің аурулары. Бұл ауру барлық ауру арасынан 7-орынды алады. Және де өлімнің барлық себептерінің 2,5-3 пайызын құрап отыр. Бұл ауру барлық жас аралығындағы адамдар тобында, әсіресе жас­тар арасында жоғары болып отыр (бұл науқастардың орташа жасы 40 жастан аспай­ды). Сонымен қатар, еңбекке қабілетті халықтың едәуір бөлігінің уақытша еңбекке жарамсыздығы мен мүгедектігін тудырады және осылайша елге орасан зор эконо­ми­ка­лық зиян келтіреді», – дей­ді урологиялық ауруларды зерттеушілер. М.К.Алшынбаевтың деректері бойынша, елі­мізде әйелдердің денсаулығын қорғауға бағытталған көптеген бағдарлама, жо­ба­лар әзір­ленген, бірақ бұл ретте ерлерге қа­тыс­ты ұқсас шаралар жүйесі іс жүзінде жоқ және қаралмайды екен. Сондай-ақ ерлі-зайып­ты­лардың бедеулігі проблемасымен айна­лыса­тын білікті кадрлардың болмауы, емдеу ме­кемелері арасындағы сабақтас­тық­тың бол­мауы, емдеудің заманауи әдістері тура­лы бағ­дарламалардан хабардар болмауы өте өзек­ті мәселеге айналып отыр. Ендігі бір мәселе – белсіздіктің кесірінен ер-азаматтардың ұрпақ сүю мүмкіндігінен айы­рылуы. Танымал дәрігер, белгілі уролог Мырзакәрім Алшынбаевтың айтуынша, Қа­зақстанда белсіздікке шалдыққан ер-аза­маттар аз емес. «Бүкіл Қазақстан бойынша 16 пайыз еркек белсіз. Не деген сұмдық?! Бел­­сіздік ауруы неліктен өршіп кетті? Мұ­ның себебі арыда жатыр. 90-жылдары елі­мізде қиындықтар болып, халық өз ден­сау­лығына қарамақ түгілі, бір тілім нан­ды зорға тауып жеді. Сол кезде дүниеге келген балалар суық үйде өсті. Қарны тойып тамақ жемеді. Бұл да өз әсерін тигізді. Жалпы, белсіздікке адам 4 жағдай бойынша душар болады. 10 пайы­зы сапасыз медициналық көмек, 15 пайы­зы ген арқылы, 50 пайызы өз-өзіне дұрыс қарамау және қалғаны қоршаған ортаға байланысты. Расында, ер-азаматтар өз денсаулықтарына немқұрайлы қарайды. Жай ғана өмірден бір мысал алайықшы. Әйел адам маникюр, педикюр жасап, боя­нып-сыланып, денсаулығы сыр берсе бірден гинекологқа жүгіреді. Ал, ер адамдар қалай болса солай олпы-солпы жүреді. Урологқа ауруы әбден асқынғанша бармайды. Бізде мы­надай психология бар: егер ер адам уро­логқа барса, онда ол импотент! Міне, ер­кек­тер осыған намыстанып, урологқа дер кезін­де бармайды. Осының салдарынан ауруы асқы­нып кетеді, – дейді ол. Б.Жарбосынов атындағы Урология ғы­лыми орталығы еліміздегі бірнеше облыста жә­не ірі қалаларда отыз мыңға жуық ер адам­дардың скринингтік зерттеу жүргіз­ген­де, олардың 56,3 пайызында түрлі дәрежедегі эректильдік дисфункция белгілері, 30,4 пайы­зында ұрықтың бұзылу белгілері, 42,4 пайы­зында жыныстық жолмен берілетін жұқ­палы аурулар анықталған. Техногендік аймақтарында еңбек ететін 28 мыңнан ас­там ер-азаматты тексеру кезінде мұнай өн­діру саласында еңбек ететін ерлердің 63,5 пайы­зында түсті металлургия кәсіпорын­дарында жұмыс істейтіндердің 53,2 пайы­зында репродуктивтік қызметтің бұзылғаны байқалған. Мұның бәрі ер адамдарда уроло­гия­лық ауруларға шалдығудың артып бара жатқанын байқатса керек. Тағы бір айта ке­тетін нәрсе, елімізде әйелдерді тексеріп емдейтін гинеколог мамандардың саны 5 мыңнан асатын болса, урологтардың саны одан он есе аз екен! Ұлттық менталитетіміз сондай ма, әлде бізде ер адамдар шынымен ау­руын мойындағысы келмей ме, әйтеуір әбден қарттыққа бой алдырғанша көбісі дәрігерге урологиялық мәселе бойынша бара бермейді, барса да тым сирек жағдайда барады. Бұл жайын­да белгілі уролог-дәрігер Бәтеш Ома­ров былай дейді: «Белсіздік ауруы қазақ қо­ға­мын тек бүгін ғана мазалай бастаған жоқ. Соңғы он жылдан астам уақыттан бері урологиялық ауруларға шалдыққан ер-аза­мат­тардың саны үнемі өсіп отырды. Ал соңғы 3-4 жылдан бері еліміздің дәрігерлері онымен күресті барынша күшейтіп отыр. Күшейткенде қалай, ең алдымен түсіндіру шараларын жүргіздік. Ер-азаматтар намыс­шыл ғой, ауруын мойындағысы келмейді. Содан да осындай адам шошитын статистика пай­да болып отыр. Сол түсіндіру шаралары­нан кейін дәрігерлерге қаралып, кеселдің ал­дын алып жатқан ер-азаматтар саны ар­тып келеді. Намыстанудың, қорқудың еш реті жоқ. Қайта қазір осы бастан қаралып, ем­деліп алмаса, үйленгеннен кейін бәрі кеш болуы әбден мүмкін. Бала сүйе алмай ажырасып кетіп жатқан отбасылардың көп екенін бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан «ауы­рып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп барша тұрғындарға түсіндіріп келеміз. Ең бастысы, ер-азамат жауапкершілікті се­зініп, өз денсаулығын күтінсе, дәрігерге уа­қытылы қаралып жүрсе, белсіздік індетін жеңуімізге болады». Шын мәнінде урологиялық ауруларға шалдықтырмау үшін баланы жас кезінен сақтандыру керек. Ал біз соған өзіміз жол беріп отырған сияқтымыз. Кейінгі дәуірде жаңа туған сәбилерге арналған пам­перс – жаялықтар пайда болды. Баланы уа­қы­тында дәретке шығарып, астын тазалауға ерінетін әйелдерге осы бір нәрсе қол болған сияқты. Бала төсегін былғамайды, сол пам­перске тышып-сиіп жата береді. Осы жылдың 16 сәуірінде белгілі ақтө­белік өнерпаз Орал-Қосай Байсеңгір өзінің facebook әлеуметтік желісінде дәрігер Қай­рат Көшекбаевтың памперс туралы айтқа­нын бейнежазбаға түсіріп жариялады. Сонда дәрігер былай дейді: – Ана памперс дегеннің… мүлде айтаты­ны жоқ. Памперс киген қазір 25-дегі балалар үйленгенмен бөпе жоқ. Екі жыл, үш жыл жүреді солай. Неге олай деп сұрасаң, «өзіміз ғой, жоспарлап жүрміз» дейді. Сосын жайлап экоға барады. Қазір өздеріңіз білесіздер, пәлен мил­лиард ақшаға ана қаладан эко ашылып жа­тыр, мына қаладан эко ашылып жатыр. Қазір табиғи жолмен ұрпақ өрбіту қиындап жат­қа­нының себебі, Құдай тағала ер-азаматтың екі жұмыртқасын жалпы денеден тыс, сырт­қа жаратқан екен. Оны медицинада оқыт­қан­да да айтады. Оның себебі, ұма сыртта, екі қалтада болады. Оның ішіндегі жұмырт­қа­ның өмір сүру температурасы 34-35 градус болады. Одан жоғары қызбау керек. Ал адам­ның денесінің температурасы 36 градус не­месе одан жоғары. Кейбір балалар туған кезде іштен бір жұмыртқасы түспей туады. Соны 3 жасқа толмай тұрып, ота жасап қалтаға түсіруге тырысамыз. Әдемілігі үшін емес, 36 градуста жатқан жұмыртқа ертеңгі күні ішіндегі нәрсенің бәрі қатып, пісіп, жаман ауруға айналатын болғасын, ұрпақсыз болып қалатын болған соң түсіреміз. Ал жұмырт­қа­ның сыртындағы ұма жеті қабаттан тұра­ды. Оның ішкі екі, сыртқы екі қабаты тем­ператураны реттейді. Егер ұманың ыстығы 34 градустан төмендеп тоңып бара жатса, өзінен-өзі жиырылып, денеге жақындап жұ­мыртқаны жылытады. Ал температурасы жоғарылап бара жатса қалта салбырап суы­тады. Яғни, машинаның термостаты сияқты жұмыс істейді. Бұрын адамдар кең дамбал киген бұтты қыс­пауы үшін. Ал қазіргі синтетикалық бұт­ты қысып тұратын іш киімнің кесірінен ер­кек­тің көбі жасы қырықтан асқан соң бала тудыруға қабілетсіз. Ал оның бержағындағы памперстің ішінде температура 36-37 градус болады. Памперске баланың зәрі түскеннен кейін ол қызады. Сосын памперске қызып кеткен баланың жұмыртқасынан не қалады?! Бұрын ұйықтап жатқан бала кіш еткісі келсе шар ете қалатын еді ғой, қазіргі бала­лар астына жіберіп жата береді. Шартты реф­лекс жоғалады, сүйтіп астына жіберіп қойғанын сезбей де қалады. Мен қазір әскери комиссариатта әскерге алынуға дайындалатын 16-17 жастағы бала­ларды тексеруден өткізуге қатысамын, ал­дыңа бәрі жалаңбұт келеді. Бір-бірлеп кіреді. Сонда оларға «ертең ана жаққа барғанда масқара болып қалма, проблемаң болса қазір айт» деймін. Сонда ол балалардың кейбіреуі «сыра ішсем, қатты шаршап келсем, астыма жіберіп қойғанымды сезбей қалам» дейді. Өйткені памперсте жатып, шартты реф­лексті жоғалтып қойған балалар ғой. Былай қарағанда дәрігердің айтып отыр­ғаны біраздан белгілі болған жағдай ғой, ай­тылып та, жазылып та жатыр. Өкініштісі сол, оны тыңдап, балаларына памперс ки­гізу­ді қойып жатқан ата-ана аз… Жалпы, еліміздегі ер-азаматтар арасында уро­логиялық аурулардың өршуі жақсы емес. Біреу уролог-дәрігерге көрінуге ұялады, біреу арланады, сөйтіп жүріп ауруын асқындырып алады. Тағы біреулер баласын кішкене кезден сол дерттен сақтандырудың орнына бұтына жасанды жаялық кигізіп, болашағына қауіп төндіріп жатқанын сезбейді. Ал мұн­дайдың соңы түрлі өкінішті жағдайларға ұрындырып жатады. Сондықтан білімсіз­діктің құрсауында жүре бермей, надандықтан тиылып, өзіміздің де, ұрпағымыздың да денсаулығына жауапкершілікпен қарауды үйренген дұрыс. Кең байтақ отанымыз бар, ал халқымыз аз. Демографиямыздың маңдымай жатқа­нына түрлі себептер бар, соның бірі – осы урологиялық дерттің күшейіп, кең таралып кетуі.

А.ӨМІРЗАҚ

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*