Зиянды әдеттер — біз ойланбастан автоматты түрде істейтін дағдылар.
Зиянды әдеттер бүкіл бітімімізді сүйкімсіз қылып көрсетіп қана қоймай, денсаулығымызға да белгілі бір дәрежеде кері әсерін тигізіп жатады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. Зиянды әдеттермен күресу осы құбылыстың себептері белгілі болған жағдайда ғана табысты болады.
Темекі тарту, яғни, никотинизм – зиянды әдет және нашақорлықтың бір түрі. Бүгінгі күні осы зиянды әдет медициналық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік проблемаға да айналды.
Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Бұл ауа тамыр және өкпе, рак ауруларына шалдықтырады. Шылым шегетіндердің 97% өкпе рагымен ауырады. Темекі түтіні өкпе тарамдарымен тыныс жолдарын бітеп, адам ағзасына қажетті оттекті мөлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан, шылым шегу – алкогольдік ішімдік ішу, нашақорлық сияқты адам ағзасында ауру тудыратын қауіп-қатер факторларының бірі.
Ғасыр дерті болып, қазіргі таңда ең зиянды әдеттің бірі – ішімдік ішу. Ішімдік – бұл орталық жүйке жүйесіне әсер ететін есірткілік. Ішімді жүрек –қантамырлар, жүйке жүйесі, ас қорыту мүшелерінің созылмалы аурулардың және жарақаттанудың, иммундық жетіспеушіліктің, сүйек ұлпалары өзгеруінің және т.б.аурулардың пайда болу себебі болып табылады. Ішімдік ішетін адамдардың балаларында туа біткен кемістіктермен кемтарлық, дене және ақыл-ой дамуы байқалады. Ішімдік барлық өмірлік маңызы бар мүшелер мен жүйелерге зиянды әсерін тигізеді. Ішімдікті ұзақ пайдаланғанда бауыр ұлпаларының өзгеруі, асқазанның қабынуы, асқазан жарасына айналатын гастрит және басқа да аурулар пайда болады.
Кейбір адамдар есірткіні уайымдағанда, шын өмірді ұмыту үшін немесе тәжірибе ретінде пайдаланады. Есірткі өзіңді жақсы сезінуге немесе қиындықтарды ұмытуға көмектеседі. Қоғамның түсіретін қысымы да әсер етуі мүмкін.
Әртүрлі есірткілер әртүрлі әсер береді, сол үшін де оны пайдаланудың әртүрлі қауіптері бар. Стимуляторлар салмақсыздық пен белгісіздік белгілерін тудырады, көп мөлшерде пайдаланған жағдайда депрессанттар координацияға әсер етіп, жол апатының санын арттырады. Галлюциногендер мазасыздық күйін тудырып, қауіпті және ойламаған жағдайға әкеледі.
Препараттың адамға әсер етуі әртүрлі себептерден болады, олар мөлшер, жиілік және есірткіні пайдалану жолдары. Басқа себептер есебіне, препаратқа араластыру мақсатында қандай заттар қосылған, ол қалай араласқандығы жатады.
Ертең – бүгіннен басталады. Нашақорлардың өмірі өте қысқа болады. Адамдар да өмір бойы зиянды әдеттермен қатар пайдалы әдеттер де қалыптасады. Осы пайдалы әдеттер белгілі бір адамдық құндылықтарға қатысты оң әсерін тигізеді. Бұл санадан тыс, эмоциялық деңгейде іске асады. Сондықтан да, ата-аналар, оқытушылар, психологтар, дәрігерлер бірлесе отырып денсаулықты алдын-ала берген ақыл-кеңеспен, өздерінің дұрыс мінез-құлықтары арқылы сақтап қалу біздің міндет.
Яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық.