Естуімше, бұл сонау көне заманнан, дұрысы – Өтейбойдақ дәуірінен келе жатқан ем түрі. Оған аса көп нәрсе керек емес, кептірілген інжір мен зәйтүн майы болса жеткілікті. Бұл екеуінен ағзаны нығайтатын, физикалық қуатты арттыратын, зейінді жақсартатын тамаша табиғи қоспа дайындауға болады. Інжір-зәйтүн қоспасының өте пайдалы емдік құрамы қазіргі ең мақтаулы БАД витаминдерінен де мықты. Сондықтан бүкіл ағзаның сауығуына септігі тиеді.
Қазір кептірілген інжір табу қиын емес. Ем үшін 20 дана жеткілікті. Інжірді суға бір шайып алған соң екіге бөліп, шыны ыдысқа салыңыз. Үстінен інжірді толық жауып тұратын етіп зәйтүн майын құяды. Бетін жауып, тоңазытқышқа қойыңыз. Қырық күн тұру керек. Күнара ыдысты әлсіз ғана шайқап қоюға болады.
Тиісті мерзім өткен соң күнделікті таңертең астан 10 минут бұрын інжірдің бір бөлігін жеп, жарты шай қасық майды ішеді. Асқазан-ішек жолы сау, өті таза адам зәйтүн сіңген інжірдің шипасын сол күні сезінуі тиіс. Ал ағзасы түрлі қалдыққа, токсинге толы, өт жолдары, асқазан-ішекте өзгеріс бар адам мұны бір апта өткенде ғана сезіне бастайды. Ағзаңыздың жай-күйін осыған қарап шамалай беріңіз деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Дегенмен інжір-зәйтүн қоспасының ағзаға пайдасы бұл емес. Қоспа қайта іш қату, ішектердің дұрыс жұмыс істемеуі, өттің толуы мен онда құм жиналуы, асты дұрыс қорытпау, әлсіздік сынды жайлардан құтқарады. Араға уақыт сала отырып жылына 2-3 рет қайталаған жағдайда ішектер ғана емес, бауыр, бүйрек, қан тамырлары да тазарып, ол көз жанары, тері түсі, шаш беріктігінен аңғарыла бастайды. Жыл ішінде адам реңі жақсарып, әл-қуаты артқанын, өзін жір сезінетінін байқайды.
Інжір-зәйтүн қоспасы калий мен кальцийге бай. Және ол БАД өнімдері сияқты жасанды емес, табиғи элемент, Осы себепті ағзаға толыңымен және сіңіріледі. Бұл элементтер сүйек, шаш, тіс, тырнақтың беріктігін қамтамасыз етеді, жүрек ауруларына қарсы күресу мүмкіндігін арттырады, иммунитетті нығайтатыны түсінікті. Басқа да пайдалы қасиеті көп, бастысы қарсы көрсетілімі жоқ.