Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық – адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардың денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз – демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану. Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:
- шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
- оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:
- оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
- шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
- спортпен шүғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
- негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.
Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары – бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшықет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.
Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.
Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.
Туризм – оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт – оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі – табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі – балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
— денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
— қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
— қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;
— негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
— еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
— әдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
— гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.
Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумеи, қорытынды жасаумен аяқталады.
Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі.
Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шұғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді.
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері: баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу.
Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: секциялары мен үйірмелердегі сабақтар спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары.
Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін толықтыра алатындай тамаша адамдардық әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген жөн.
Оқушыларды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының бірі – олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.
Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі – таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жаттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.
Емдік дене шыныктыру (ЕДШ), емдеу және қалыпқа келтіру мақсатындағы сақтандыру денешынықтыруының құралдар кешенін пайдалану жолымен емдеу әдісі ретінде ауруханалар, емханалар, шипажайлар, жүйесінде кеңінен қолданылады. ЕДШ-ын оташылдық, дәрі-дәрмекпен емдеу секілді негізгі әдістердің қосымша емдеу шаралары есебінде қарастыру керек, ол медициналық қалыпқа келтіру әдістерінің бәрі болып табылады. ЕДШ-ның негізгі құралдары – практикалық медицинада бұрыннан белгілі дене жаттығулары. Яғни, б.д.д. ертедегі Қытай медицинасында тыныс алу жаттығуларына басты назар аударылған медициналық гимнастикасы қолданылған және жазба деректері бізге жетіп отыр. Ежелгі Грекияда Гиппократ жаттығуларды олардың сауықтыру және қалыпқа келтіру маңызын атап көрсете отырып физиологиялық процестерді жеделдетудің құралы деп есептеді. Римдік дәрігер Гален семіргенде, жалпы әлсіздікте, буындардың қозғалысы бұзылғанда спорттың белгілі бір түрлерімен шұғылдануды және гимнастиканы ұсынды. «Дәрігерлік ғылымның қағидаларында» Ибн Сина денсаулықты сақтау үшін дене жаттығуларымен шұғылданудың маңыздылығын атап көрсетті. Меркурали өзінің «Гимнастикалық өнер» ғақлиясында 1959 емдеу гимнастикасы саласындағы ежелгі және орта гасырлық авторлардың зерттеулерін талдап, жинақтады. ТИССО «Медициналық және хирургиялық гимнастика» деген кітабында (1780) дене жаттығуларына үлкен маңыз беріп, «Қозғалыс әртүрлі дәрмектің орнын жиі алмастыра алады, бірақ бірде-бір дәрі қозғалысты алмастыра алмайды» деген қағиданы ұсынды. Түрліше аурулар мен жарақаттарда ЕДШ-ның әдістерін қолданудың тиімділігі, ол адамның физиологиясы үшін табиғи және ең қолайлы болатындығымен түсіндіріледі. ЕДШ әдістерінің маңызды ерекшелігі – науқастың өзінің емдеу-қалыпқа келтіру процесіне белсенді түрде қатысуы сондықтанда ЕДШ құралдарын белгілегенде дәрігер оның дене белсенділігінің дәрежесін дәл анықтауы тиіс. ЕДШ-да ағзаның негізгі биологиялық қызметі қимыл-қозғалыс кең қолданылады, дене жаттығулары қимылдың ұйымдастырылған түрі есебінде пайдаланылады. Науқастарды емдеуді ұйымдастыруда қимыл-қозғалыс пен тыныштық жағдайда болу бір-біріне қарама-қайшы келмей, бір-бірін толықтырып отырады. ЕДШ-на тән әдіс – науқасты дене жаттығуларының көмегімен жаттықтыру, ол жалпы және арнайы жаттығу деп бөлінеді. ЕДШ-ның негізгі құралдары – дене жаттығулары, олар гимнастикалық, спорттық-қолданбалы (жүру, жүгіру, жузу, есу, шаңғымен жүру және т.б.), қозғалыс және спорттық ойындарға бөлінеді. Сондай-ақ ЕДШ-да еңбек ету сипатындағы жаттығуларда пайдаланылады. Дене жаттығуларымен шұғылданғанда күн, ауа, су секілді табиғи факторларды пайдалану олардың тиімділігін арттырады және шыны- ғуға жәрдемдеседі. ЕДШ-ны қолданудың түрлері емдік гимнастика, таңертеңгілік гимнастика, мөлшерленген жүріс пен серуендеу, терренкур, қатал мөлшерленген түрдегі спорт жаттығуларымен шұғылдану, ойындар. ЕДШ-тың әрқайсысында жоғарыда көрсетілген қағидалар – жалпы және арнайы жаттыгуды үйлестіру керек. Емдік гимнастика ЕДШ-ның негізгі түрі. Емдеу гимнастикасының жаттығулары сүйек бұлшықеттер және тыныс алу жүйесі үшін деп екі топқа бөлінеді. ЕДШ-да кинозогифтерапия деп аталатын судағы дене жаттығулары ерекше орын алады. Мөлшерленген серуендер, таза ауада жүру науқастың жүйке психикалық аясына ерекше жағымды әсер етеді.
Емдік дене шыныктыру (ЕДШ), емдеу және қалыпқа келтіру мақсатындағы сақтандыру денешынықтыруының құралдар кешенін пайдалану жолымен емдеу әдісі ретінде ауруханалар, емханалар, шипажайлар, жүйесінде кеңінен қолданылады. ЕДШ-ын оташылдық, дәрі-дәрмекпен емдеу секілді негізгі әдістердің қосымша емдеу шаралары есебінде қарастыру керек, ол медициналық қалыпқа келтіру әдістерінің бәрі болып табылады. ЕДШ-ның негізгі құралдары – практикалық медицинада бұрыннан белгілі дене жаттығулары. Яғни, б.д.д. ертедегі Қытай медицинасында тыныс алу жаттығуларына басты назар аударылған медициналық гимнастикасы қолданылған және жазба деректері бізге жетіп отыр. Ежелгі Грекияда Гиппократ жаттығуларды олардың сауықтыру және қалыпқа келтіру маңызын атап көрсете отырып физиологиялық процестерді жеделдетудің құралы деп есептеді. Римдік дәрігер Гален семіргенде, жалпы әлсіздікте, буындардың қозғалысы бұзылғанда спорттың белгілі бір түрлерімен шұғылдануды және гимнастиканы ұсынды. «Дәрігерлік ғылымның қағидаларында» Ибн Сина денсаулықты сақтау үшін дене жаттығуларымен шүғылданудың маңыздылығын атап көрсетті. Меркурали өзінің «Гимнастикалық өнер» ғақлиясында (1959) емдеу гимнастикасы саласындағы ежелгі және орта ғасырлық авторлардың зерттеулерін талдап, жинақтады. ТИССО «Медициналық және хирургиялық гимнастика» деген кітабында (1780) дене жаттығуларына үлкен маңыз беріп, «Қозғалыс әртүрлі дәрмектің орнын жиі алмастыра алады, бірақ бірде-бір дәрі қозғалысты алмастыра алмайды» деген қағиданы ұсынды. Түрліше аурулар мен жарақаттарда ЕДШ-ның әдістерін қолданудың тиімділігі, ол адамның физиологиясы үшін табиғи және ең қолайлы болатындығымен түсіндіріледі. ЕДШ әдістерінің маңызды ерекшелігі – науқастың өзінің емдеу-қалыпқа келтіру процесіне белсенді түрде қатысуы сондықтан да ЕДШ құралдарын белгілегенде дәрігер оның дене белсенділігінің дәрежесін дәл анықтауы тиіс. ЕДШ-да ағзаның негізгі биологиялық қызметі қимыл-қозғалыс кең қолданылады, дене жаттығулары қимылдың ұйымдастырылған түрі есебінде пайдаланылады. Науқастарды емдеуді ұйымдастыруда қимыл-қозғалыспен тыныштық жағдайда болу бір-біріне қарама-қайшы келмей, бір-бірін толықтырып отырады. ЕДШ-на тән әдіс – науқасты дене жаттығуларының көмегімен жаттықтыру, ол жалпы және арнайы жаттығу деп бөлінеді. ЕДШ-ның негізгі қүралдары – дене жаттығулары, олар гимнастикалық, спорттық-қолданбалы (жүру, жүгіру, жузу, есу, шаңғымен жүру және т.б.), қозғалыс және спорттық ойындарға бөлінеді. Сондай-ақ ЕДШ-да еңбек ету сипатындағы жаттығуларда пайдаланылады. Дене жаттығуларымен шұғылданғанда күн, ауа, су секілді табиғи факторларды пайдалану олардың тиімділігін арттырады және шынығуға жәрдемдеседі. ЕДШ-ды қолданудың түрлері емдік гимнастика, таңертеңгілік гимнастика, мөлшерленген жүріс пен серуендеу, терренкур, қатал мөл- шерленген түрдегі спорт жаттығуларымен шұғылдану, ойындар. ЕДШ-тың әрқайсысында жоғарыда көрсетілген қағидалар – жалпы және арнайы жаттығуды үйлестіру керек. Емдік гимнастика ЕДШ-ның негізгі түрі. Емдеу гимнастикасының жаттығулары сүйек бұлшықеттер және тыныс алу жүйесі үшін деп екі топқа бөлінеді. ЕДШ-да кинозогифтератия деп аталатын судағы дене жаттығулары ерекше орын алады. Мөлшерленген серуендер, таза ауада жүру науқастың жүйке психикалық аясына ерекше жағымды әсер етеді.
Нурадилов Канат Турганович,
Мамандандырылған «Жанұя» кешенінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі