Денсаулыққа пайдасы тиетін кеңестерімізді ұсынамыз:
- Дүкеннен күнделікті алып ішіп жүрген газдалған сусындардан бас тартып, орнына таза ауыз суды ішуді бастаңыз.
- Екі апта бойы аш қарынға ұйықтауға тырысыңыз. Жағымды түстер көріп, таңертең жақсы көңіл-күйде оянатын боласыз.
- Екі апта бойы кофе мен шай ішпесеңіз, тыныш әрі терең ұйықтайтын боласыз. Бетіңіздегі әжімдер де азаяды.
- Бір апта бойы жүргенде де, отырғанда да денеңізді тік ұстаңыз, есте сақтау қабілетіңіз жақсарып, тез ойлай бастайсыз.
- Ұйықтауға 1-2 сағат қалғанда компьютер, теледидарды өшіріңіз. Армандарыңыз бен ойларыңыз айқындала бастайды.
- Көліктер қозғалысы мен қала шуынан алысырақ жерге барып, ағаштардың арасында, шөп үстінде жатып, біраз демалыңыз.