Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Білгенге - маржан » Іш қату. Іш қатудан қалай құтылуға болады

Іш қату. Іш қатудан қалай құтылуға болады

Проктологтордың айтуы бойынша үлкен дәретке бармау – іш қатудың белгісі. Ағылшындықтар қалыпты жағдайда дәретханаға күніне үш рет немесе аптасына үш рет бару керек дейді. Ал қазақстандық дәрігерлер күн сайын таңертең үлкен дәретке отыру қажет деп санайды және бұл нормадан ауыған барлық жағдайларды іш қату деп қаьылдайды. Дамыған батыс елдерінде адамдардың 10% бұдан зардап шегеді, әйелдер еркектерге қарағанда үш есе артық ауырады.

Бұған не себеп? Ішек қабырғаларының босауына немесе жолда кедергілердің пайда болуына байланысты нәжістің жылжуы баяулайды.

загрузка…

Іш қатудың белгілерін қалай тануға болады?

Нәжістің шықпауына байланысты іш ауырады, ауырлық сезімі пайда болады. Ол тек үлкен дәретке отырханнан кейін немесе желдің шыққанынан кейін ғана басылады.

Іштің кебуі жүректің ауруымен қатар жүруі мүмкін. Тәбет азаяды, кекірік пен ауыз қуысында жағымсыз иіс пайда болады. Бас ауырып, буындар әлсірейді. Көңіл-күй құртылып, ұйқы бөлінеді. Тері өзгерістеріне оның бозаруы, сарғаюы, созылмалығының кетуі жатады.

Несімен қауіпті? Бұл өте маңызды мәселе. Себебі, дерттің асқынуы тоқ ішек ауруларына, тік ішектің түсуіне және қан кетуге әкеледі.

Бірден дәрігерге қаралу керектігінің тағы бір дәлелі – іш қату жүйке жүйесінің, эндокринді, ішекті және онкологиялық диагноздардың бір көрінісі. Дер уақытында маманға көрілу аурудың тез емдеуге көмектеседі. Дәрігер іш қатудан құтылудың ең тиімді әдісін ұсынады.

Іш қату болмау үшін не істеу керек?

Ғалымдар ағзадағы дене мүшелерінің өзара байланысын барынша зерттеуде, жаңа мақалалар, зерттеудер, еңбектер бар. Бір дене мүшесінің ауыруы қалғандарына әсер етеді: көңіл-күй мен жалпы денсаулық нашарлайды. Сондықтан ас қорыту жүйесі жақсы істеуі керек: оны үнемі қалпында сақтау үшін не істеу керектігін қазір айтамыз.

Дұрыс тамақтану

Əрине, бірінші қадам – дұрыс тамақтану. Бұл өте маңызды. Десек те үлкен қалада дұрыс тамақтанатын неше жан бар? Қала тұрғындары супермаркетте сөрелерден нені алады? Ең құрығанда алған заттарының 15% көкөніс пен жеміс-жидек пе? Ал олар ағзаға пайдалы дəрумендерге бай. Бір сәтке болсын ата-əжелеріңіздің не арғы араларыңыздың қалай тамақтанғанын ойлап көріңізші. Біздің жейтін лапшамызды көргенде олар не ойлайды? Тұқымдары əртүрлі ас ішетінін, бірақ біреуі де пайдалы емес екенін көріп таң қалатын шығар. Таза суды күніне қанша рет ішесіз? Таңғы асқа дейін бір стакан таза су ішуді əдетке айналдырыңыз. Ол ағзаңызға оянуы керек деген белгі жеткізеді.

Дұрыс ұйықтау

Адам ағзасы эволюциялық өзгеріске түсіп, күйзеліс уақытында не маңызды сəтте дəретке жүгірмеуді үйренді. Мысалға жолбарыстың артынан жүгіріп бара жатқан аңшының аяқ асты іші бұратылып, дəретке отыратын жер іздеп жүрсе ше? Ыңғайлы уақыт емес, солай ғой? Сондықтан олар шыдап үйренген. Уақыт өтті, дəуірмен дәуір алмасты, алайда ішіміз күйзеліс уақытында шыдауға үйреніп қалған. Оның демалуы қиын, сондықтан іш қату да пайда болды. Демалудың ең қарапайым мысалы – ұйықтау.

Кешке кино көріп, желіде отырудыңорнына 2-3 сағат уақытыңызды артық тынығу мен ұйықтауға бөліңіз. Себебі бұл ағза үшін керек. Əйтпесе денеңіздің шаршауы күйзеліске айналып, организм сол жағдайда өмір сүруге үйренеді: ағза мүшелерінің қызметі əлсіреп, нəжіс сыртқа шығарылмайтын болады.

Көп қимылдаңыз

Біз ақырындап іш қатудың үшінші жауына да келіп жеттік. Іш қату дене белсенділігінің төмендеуінен туады. Тынығу кезінде ағза нәжіс шығаруға қалыптаспаған. Егер өз-өзіңізге «демалыс» жарияласаңыз сыртқы дене мүшелерімен бірге ішкі мүшелер де тынығады. Сондықтан ішек жұмыс істемейді. Ауру адамдар дәретке отыруда неге қатты қиналады? Өйткені олардың әлсіреген ағзасына тыным керек. Қолымыздан келгенше денемізге салмақ түсіріп, үнемі қозғалыс үстінде жүрсек қана іш қатудан қиналмайтын боламыз. Есіңізде болын: дені сау адамға күніне 11 мың қадам жасау керек. Өз жасыңыз бен денсаулығыңызға қарай осы қағиданы ұстаныңыз. Әйтпесе іш қатудан ғана емес басқа да аурулардан ем іздейтін боласыз.

Дәртеханаға таңертең барыңыз.

Күн сайын үлкен дәретке отыру әдетіңізге айналсын. Дәрігерлер бұл әдістің дұрыс екенін растайды. Себебі түні бойы ағзамыз сыртқа шығарар нәжісті жинайды, келесі күні оны ішіңізде сақтап не қыласыз, таңертең бірден дәретке отырып, жеңілдеңіз. Осыған дағдылансаңыз ағзаңыз бен асқорыту жүйесіне қатты көмектесесіз.

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*