Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Білгенге - маржан » Альцгеймер ауруы

Альцгеймер ауруы

Альцгеймер ауруы. Бұл патология егде жастағы адамдарда дамиды және бұл кәрілік демецияның прогрессивті түріне жатады. Салдары когнитивтік зақымдануға әкеледі.

Себептері

Альцгеймер ауруы – мидың емделмейтін ауруы. Интеллектінің төмендеуі, психикалық реакциялар мен мінездің өзгеруі байқалады. Алғаш рет ауруға 1906 жылы Алоис Альцгеймер клиникалық сипаттама жасады.

Нейродегенаративті Альцгеймер ауруы бастың самай және мидың  гиппокамп бөлігінде протеиннің жиналуынан дамиды.

Негізгі себепші факторлар – тұқымқуалаушылық, кәрілік, адамдардың ақыл-ой белсенділігінің төмендігі.

Клиникалық сипаттамасы және симптомдары:

Ауру ретімен төрт кезеңде дамиды.

кезең – деменция алды

Симптомдары

  • Қысқа мерзімді есте сақтау қабілетінің бұзылуы. Қысқа уақыт бұрынғы ақпаратты еске түсірудың қиындауы.
  • Жаңа ақпаратты қабылдаудың қиындауы
  • Назар салудың қиындауы
  • Бұрын білетін сөздің немесе сөйлемнің мағынасын түсіндіре алмау, еске түспей қалу
  • Абстрактілі ойлаудың қиындауы
  • Көңіл-күйдің түсуі, апатия

II кезең – бастапқы деменция

Бұл кезеңде есте сақтау қабілетінің бұзылуы күшейеді. Ұзақ мерзімге есте сақтау қабілеті жайында, ал қысқа мерзімді есте сақтау толықтай бұзылады. Агнозия (көру, сезу, естудің бұзылуы) пайда болады. Сөйлеу қабілеті бұзылады. Сөздік қор азаяды. Жазу қабілеті де төмендейді. Бұл кезеңде науқасты қараусыз қалдыруа болмайды.

III кезең – қалыпты деменция

Бұл кезеңде парафразия пайда болады (сөздерді шатастырып алу). Оқу және жазу мүмкіндігі жоғалады. Координацияның шұғыл бұзылыуынан,  науқас киіну, есікті кілтпен ашу және т.б. сияқты күнделікті істерді атқара алмай қалады. Науқас өз туыстарын танымайды, өйткені ұзақ мерзімге есте сақтау қабілеті бұзылады. Ол бұрын есінде жақсы сақталған жастық шағын ұмытып қалады.

Психикалық-эмоциялық өзгерістер анық байқалады. Науқас қаңғыбастылыққа салынады, эмоциялық тұрақсыздық пайда болады. Ашушаң, ренжігіш, жылауық келеді, себепсіз агрессивті күй кешеді. Науқаста сандырақтау байқалады. Кейбір науқастарда несеп ұстай алмаушылық болады, алайда бұл оларды мазаламайды. Өйткені оларда гигиена сақтау қабілеті толықтай жоғалады.

IV кезең – ауыр деменция

Альцгеймер ауруының бұл кезеңінде науқастар толықтай көмекке зәру, оларға күтім қажет етіледі. Сөйлеу қабілеті толықтай жоғалады, кейде қысқа сөйлемдер мен сөздер сақталады.

Эмоциялық өзгерістерден агрессиялық күй кейде қайталанып тұрады, бірақ әдетте апатия мен эмоциялық әлсіреу басыңқы келеді. Науқастың қимыл-қозғалысы азаяды, салдарынан бұлшықеттер атрофияға ұшырайды. Науқастар тіпті төсектен тұра алмайды. Мұның салдары басқа өмірге қауіпті аурулардың асқынуына әкеледі.

Диагностика

Неврологиялық тексеру

МРТ

Интеллектуалды қабілетті тестілеу

Қан талдауы

Емдеу

Аурудан толық сауығу мүмкін емес. Алайда аурудың асқынуын баяулатып, науқастың өмір сапасын жақсартуға болады. Ол үшін келесі емдеу тәсілдерін қолданады:

Дәрі-дәрмектер

  • Мидағы қан айналымды жақсартатын дәрі-дәрмектер
  • Ноотропты дәрі-дәрмектер
  • Нейромедиаторлар
  • Дофамин рецептрінің стимуляторлары
  • Апетилхолинэстераз ингибиторлары
  • аминоқышқылдар

Науқас күтімі

Дұрыс тамақтану. Науқасқа мына тағамдар пайдалы:

  • балық
  • бауыр
  • әртүрлі жармалар
  • жеміс-жидектер мен көкөністер
  • сапалы өсімдік майы
  • аскөктер
  • жаңғақтар

Психотерапия

Иппотерапия

Музыкатерапия

Арт-терапия

Профилактика

Альцгеймер ауруының алдын алатын нақты ережелер мен қағидалар жоқ. Бірақ ғалымдардың айтуынша, бұл ауру ми жұмысының төмендігінен болады екен. Сол себепті аурудың алдын алу үшін төмендегі ережерлерді ұстану өте маңызды:

  • ойлау қызметін жақсарту
  • салауатты өмір салты
  • диета ұстану
  • кітап оқу
  • интеллектуалды ойындар ойнау
  • кроссвордтар шешу
  • адамдармен тұрақты сөйлесіп тұру

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*