Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Білгенге - маржан » ​АШТЫҚ арқылы қандай АУРУДЫ емдеуге болады?

​АШТЫҚ арқылы қандай АУРУДЫ емдеуге болады?

Ашығу кезінде иммундық жүйе нығайтылады. Ал иммунитеті мықты адам кез келген дертті жеңе алады.

Аштық – бүгінде көпшілігімізге таныс тақырып. Тіпті кейбіріміз аштықпен дос та болып алғанбыз. Салмағымыз сәл арта бастаса, аштық «жариялаймыз». Енді біріміз денсаулығымызға байланысты ашығамыз. Әрине, әдемілік үшін болған аштық қорқынышты емес. Бірақ денсаулықты жақсарту үшін белгіленген аштыққа өте қатаң қарауымыз керек. Медицина мамандары да ашығу емінің нәтижесі орасан әрі көптеген дертке дауа болатынын айтады. Ендеше, қайсы ауруды аштықпен емдеуге болатынын біз де білейік…

Дәрігерлер аурудың түріне қарай тағайындалған аштық қауіпсіз дейді. Әсіресе, ас қорыту жолдарын емдейтін гастроэнтеролог дәрігерлер керемет «дәрі» ретінде жоғары бағалайды. Сондай-ақ, панкреатит, асқазан жарасында да белгілі бір ашығу әдісін қолдан ұсынылады. Ал бүгінде кардиолог және флеболог дәрігерлер де жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуде осы әдісті қолдануды бастаған. Оған қоса, тұмау, бронх демікпесі, қуық түбі безінің қабынуы, аллергиялық сипаттағы тері ауруларын да тап осы аштықпен емдеуге болады дегенді медицина мамандары жоққа шығармайды. Тіпті, құлақ пен көздің қабынуы, көру қабілетінің бұзылуы, суқараңғылық ауруларына да қолданыла бастады. Одан бөлек, тірек-қимыл аппаратының ауруларын (остеомиелит, остеопороз, миопатия, жарық, буындардың қозғалғыштығының бұзылуы) емдеуде де аштық әдісі керемет нәтиже көрсеткен екен.

Кейбір дәрігерлер зәр шығару жүйесінің ауруларын емдеуде емдік ашығу әдісін қолданады. Нақтырақ айтқанда, пиелонефрит, цистит, зәрді ұстау секілді дертке де аштық арқылы дауа табуға болады.

Жалпы, денсаулығымыздың өзгеруіне артық салмақтың кері әсері бар. Өздеріңіз білетіндей артық салмақ жүрекке, бүйрекке, аяққа және басқа ағзаға шамадан тыс жүктеме түсіреді. Сондықтан да қайсы бір ауруды емдеумен қатар, ашығу әдісін де қолданыңыз. Сонда сіз күткен нәтиже еселенеді.

Сонымен қандай ауруды аштықпен емдеуге болады?

Қант диабеті

Аштық емі инсулинге тәуелді емес 2 типті қант диабетімен ауратын науқастарға арналады. Науқастың негізгі проблемасы – артық салмақ. Бұл глюкоза алмасуының бұзылуына тікелей септігін тигізеді. Тамақ жемеген кезде ұйқы безі демалады. Нәтижесінде зат алмасу ісі жақсарып, қандағы қант деңгейін қалыпқа келтіреді. Ем әдетте 3-5 күнге тағайындалады.

Ұйқы безі

Ұйқы безінің қабынуы инфекциядан болмайды. Көбінесе ас қорыту жүйесінің тынымсыз жұмысынан болады. Егер дамыл таппай тамақтанатын болсақ, онда ағзаға ауыр салмақ саламыз. Егер арасында ашығатын болсақ, бүкіл ағза, соның ішінде ұйқы безі демалады. Сіз 1 немесе 3 күн ашығу емін қолдансаңыз, ұйқы безінің тіндері қалыпты жағдайға оралып, белсенді жұмыс істей алады.

Гастрит

Асқазан жүйесінде қандай да бір өзгерісті байқасаңыз, 1-2 күн тамақтан бас тартыңыз. Бұл әдіс асқазан жолдарын тазартып, жұмысын жеңілдетеді. Тіпті, қысқа мерзімді ашығудың өзі айтарлықтай оң нәтиже береді. Геморрой Қысқа мерзімді ашығу әдісі геморройды жоюы мүмкін дейді дәрігерлер. Емнің алғашқы күндерінде іштің қатуы, нәжісте қатты бөлшектердің болуы және үлкен дәреттің кешігуі байқалды. Соңынан бәрі реттеліп, геморройдан құтылғаныңызды байқайсыз.

Аллергия

Аллергияға шалдыққан науқастарға ең алдымен диета ұсынылады. Міндетті түрде сары, қызыл түсті тағамдардан, цитрусты жемістерден, газды сусындардан, майлы, ащы, қуырылған тағамдардан бас тартасыз. Өйткені бұлар аллергиялық азықтар қатарына жатады. Ал егер сіз ашығу әдісін қолдансаңыз, ағзаны токсиндерден, аллергендерден және басқа да зиянды заттардан тазартасыз. Ағзаны тазарту аллергендерді жойса, ішекті тазарту иммундық жүйенің жұмысын қалыпқа келтіреді. Нәтижесінде жедел аллергия белгілері тез жоғалады.

Артрит

Ревматоидты артритті емдеу үшін 3-5 күн ашығу әдісін қолданыңыз. Бұл кезде бүйрек үсті безінің жұмысын жақсартып, қанға қажетті гормондарды жинақтай аласыз. Яғни, ашығу арқылы ағза сырттағы күшті қабынуға қарсы әсермен өзін-өзі қамтамасыз етеді. Нәтижесінде қабыну тез басылып, ауырсыну кетеді. Жалпы, ашығу кезінде иммундық жүйе нығайтылады.

Демікпе

Емдік ашығу көбінесе аллергиялық немесе аутоиммундық сипатта болатын демікпеге тағайындалады. Өйткені осы кезде ағзада созылмалы қабыну процестері жүреді де, бронх жолдарына шабуыл жасайды. Осы кезде дәріден бұрын, ашығу емін қолдансаңыз, ауруыңызды жеңілдетесіз. Егер жұқпалы сипаттағы (бактериялық немесе вирустық) қабыну кезінде инфекцияны сусыз 2 есе тез өлтіруге болады. Ал бұл иммундық жүйенің жұмысын жеңілдетеді.

Тұмау

Тұмаумен ауырған науқас өзі-ақ тамақтан бас тартады. Десе де, аурудың алғашқы белгілері біліне басталысымен-ақ ашығып бастасаңыз, инфекцияны жойып, тезірек сауығу мүмкіндігі болады. 3-4 күннен кейін-ақ адам өзін сау және белсенді сезінеді. Аурудың алғашқы күндерінде еш ойланбай 1-3 күн бойы тамақтанудан бас тартыңыз. Бұл ағзаны әлсіретпей, керісінше жылдам қалпына келтіреді.

Варикоз

Варикозды веналардың дамуы мен асқынуына артық салмақ себеп болажы. Ал бұл проблемамен ашығу арқылы күресе аласыз. Бұл әдіс ауруды емдемейді, тек варикозды веналардың дамуын бәсеңдетеді.

Жүрек-қан тамыр жүйесі

Ашығу емі жүрек-тамыр жүйесінің басқа аурулары үшін керемет ем ретінде кеңінен танылған. Нақтырақ айтқанда, гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қан тамырларының атеросклерозы, стресстік стенокардия. Гипертония кезінде 1-3 күндік ашығу жақсы нәтиже береді. Сонымен қатар, қан қысымы 5-7 күн ішінде қалыпты деңгейге дейін төмендейді. Осы профилактикалық емді жылына 1-2 рет қабылдау керек. Бірақ жүрек ырғағы бұзылған кезде аштық емі тағайындалмайды.

Жүйке аурулары

Дәрігерлер жүйке ауруларына емдік ашығудың пайдасы мол екенін айтады. Әсіресе, невроз, неврит, невралгия, бас ауруы және мигрень, бас миының жарақаттануы кезінде тап осы емді байқап көріңіз. Десе де емдеудің түрі мен уақыты дәрігердің нұсқауымен жүреді. Ол сіздің дертіңіздің ауырлығына қарай, нақты емді ұсынады. Ашығу әдісін бұрынғы кезде дәстүрлі медицина дәрігерлері қатаң ұстанған. Мың түрлі дертке дауа болған бұл әдісті бүгінде қолданып келеді әрі нәтижесі де жаман емес.

Л.АХМЕТОВА

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*