Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Балалар әлемі » ОТЫРАР кітапханасындағы арулар сайысы

ОТЫРАР кітапханасындағы арулар сайысы

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Ақерке» балалар залында «Ақерке аруы» атты оқырмандар арасындағы өнер және білім сайысы өтті. Сайысты ұйымдастырудағы басты мақсат – жас оқырмандарға ұлттық дәстүрді дәріптеу, кітап оқуға деген зейінін арттыру, ұлттық құндылықтарымызды бағалау, ұлтжандылық сезімін ояту, бүлдіршін қыздарға инабаттылық, ізеттілік, әдептілік, қазақи тәрбиені үйрету.
Сайыс барысында көпшілікке «Ойнаймын, ойлаймын, оқимын» атты кітап көрмесі таныстырылып қана қоймай, қыз тәрбиесіне байланысты да кітапхана қорынан «Қыз еркем – қылығымен көркем» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Іс-шара соңынан Оңтүстікфильм шығарған «Тау көтерген Толағай» атты мультфильмі көрсетілді.
«Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының орынбасары Қ.Жантөреева, ф.ғ.к., доцент З.Жантасова және де ұлағатты ұстаз К.Мырзақұлова кешіміздің төрінен орын алып, сайысқа қатысушыларға әділ бағасын берді.
Кеш соңында «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының орынбасары Қ.Жантөреева ханым қатысушыларға арнайы сыйлықтарын табыстады.

© JETPISBAI.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*