Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Спорт » ОТЫРАРДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

ОТЫРАРДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Тәуелсіздік күні қарсаңында Отырар ауданына қарасты Ш.Қалдаяқов ауылында әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған заманауи жабық спорт кешені салтанатты түрде пайдалануға берілді , – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл нысан – ауыл тұрғындарының, әсіресе өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыруына бағытталған маңызды қадам.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Ашылу рәсіміне Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай, аудандық мәслихаттың және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Уәлихан Ұзақов, меценат Әбдімәжит Сыздықбеков, еңбек ардагерлері, қоғам белсенділері мен ауыл тұрғындары қатысты. Салтанатты жиынды ашқан аудан әкімі Қайрат Жолдыбай жаңа спорт кешенінің тек ауыл балалары мен жастары үшін ғана емес, барлық тұрғындарға қолжетімді, бұқаралық спортты дамытуға арналған маңызды әлеуметтік нысан екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай жобалар ауыл өмірінің сапасын арттырып, жастарды пайдалы іспен айналысуға ынталандырады.

Іс-шара барысында аудандық мәслихаттың және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын дамыту партия жұмысының басым бағыттарының бірі екенін жеткізді. Ал меценат Әбдімәжит Сыздықбеков ауыл спортына көрсетілген қолдау болашақта ел намысын қорғайтын чемпиондардың шығуына жол ашатынын айтып, ел игілігі үшін қолға алынған бастамалардың жалғасын табуына тілектестігін білдірді. Ауыл ақсақалы Әбсаттар Сатыбалдиев жаңа нысанның бой көтеруіне үлес қосқан азаматтарға алғысын айтып, ақ батасын берді.

Жаңа спорт кешенінің жалпы аумағы 1474,6 шаршы метрді құрайды. Ғимаратта әмбебап спорт залы, жекпе-жекке арналған арнайы залдар, түрлі спорттық секциялар мен балаларға арналған оқу-жаттығу бөлмелері бар. Сонымен қатар футбол, бокс және күрес алаңдары толықтай заманауи талаптарға сай жабдықталған. Бұл кешенде ауыл жастары бос уақытын тиімді өткізіп қана қоймай, кәсіби спортқа алғашқы қадамдарын жасауға мүмкіндік алады.

Возможно, это изображение текст

Жалпы, аталған спорт нысаны Отырар өңіріндегі бұқаралық спортты дамытуға серпін беріп, ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтуға және жастардың әлеуетін арттыруға қызмет етпек.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*