Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Спорт » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖІГЕР МЕН НАМЫСТЫҢ ДОДАСЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖІГЕР МЕН НАМЫСТЫҢ ДОДАСЫ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Төлеби ауданында ұлттық спортты дәріптеуге бағытталған маңызды шара – облыстық «AMANAT BARYSY» қазақ күресі турнирі алғаш рет ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Дода «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы мен «Жастар рухы» жастар қанатының бастамасымен Леңгір қаласындағы «Тағай» спорт кешенінде өтті.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының басшысы Алтынсары Үмбеталиев, аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі Ғалымжан Худияров, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, сондай-ақ мәслихат депутаттары мен спорт жанкүйерлері қатысты. Турнирге жиналған көпшілік ұлттық спортқа деген ерекше құрметін білдіріп, балуандарға қызу қолдау көрсетті.

Ашылу салтанатында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, турнирдің маңызын атап өтті.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

«Бүгін алғаш рет ұйымдастырылып отырған облыстық “AMANAT BARYSY” қазақ күресі турнирі – ұлттық спортымызды дәріптейтін, жастарымыздың жігерін жанитын және отансүйгіштік сезімін арттыратын маңызды дода. Осы іс-шараны Төлеби ауданында өткізуге қолдау көрсеткен “AMANAT” партиясының Түркістан облыстық филиалына, аудандық мәслихат депутаттарына, ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін», – деді аудан әкімі.

Турнирге өңірдің ең мықты 25 балуаны қатысып, қазақ күресінің абыройын асқақтатуға өз үлесін қосты. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әр белдесуде спортшылардың шеберлігі мен қайсар мінезі айқын көрініс тапты. Тартысты өткен бәсекелер көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Возможно, это изображение боевые искусства, баскетбол и текст

«AMANAT BARYSY» турнирі жас спортшыларға рух беріп қана қоймай, ұлттық спорттың дамуына, қазақ күресін кеңінен насихаттауға және салауатты өмір салтын дәріптеуге серпін беретін маңызды дода ретінде бағаланды.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*