Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Спорт » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖЕҢІМПАЗ БОКСШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ҚҰТТЫҚТАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖЕҢІМПАЗ БОКСШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов аудан мерейін асқақтатып жүрген жас спортшыларымызды қабылдап, олардың жарқын жетістіктерімен құттықтады,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение текст

Аудан басшысы бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты мен Азия чемпионатының алтын жүлдегері Даниял Шалқарбай Нұрланұлын, бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатының екі дүркін жеңімпазы, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты мен Азия ойындарының алтын жүлдегері Нұрмахан Жұмағали Нұржанұлын, сондай-ақ бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатының жеңімпазы, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты мен Азия ойындарының күміс жүлдегері Мырсабит Арман Болатбекұлын қабылдап, олардың халықаралық және республикалық деңгейдегі жеңістерін жоғары бағалады.

Кездесу барысында аудан әкімі жас спортшылардың табандылығы мен қажырлы еңбегін ерекше атап өтіп, олардың жетістіктері өскелең ұрпаққа үлгі екенін жеткізді. Сонымен қатар, спорттағы биік нәтижелер үздіксіз дайындық пен тәртіптің, мақсатқа деген сенімнің жемісі екенін айта келе, чемпион спортшыларды тәрбиелеп отырған бапкерлерге де шынайы алғысын білдірді.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Айта кетейік, биылғы жылы Қазығұрт ауданының спортшылары түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жалпы саны 67 алтын, 74 күміс және 86 қола медаль еншіледі. Бұл көрсеткіш аудан спортындағы жүйелі жұмыстың, мемлекеттік қолдаудың және жастар арасында салауатты өмір салтын дамытуға бағытталған нақты қадамдардың нәтижесі екені сөзсіз.

Возможно, это изображение текст

Кездесу соңында аудан әкімі спортшыларға алдағы додаларда ел намысын абыроймен қорғап, жаңа белестерді бағындыруларына тілектестік білдіріп, әрдайым жеңіс тұғырынан көріне берулеріне ниет білдірді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*