Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Спорт » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданына қарасты Шарбұлақ елді мекенінде заманауи ашық және жабық үлгідегі спорт кешені пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Ауыл тұрғындары үшін маңызды нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, «Үлгілі ауыл» байқауында жеңімпаз атанған ауыл тұрғындарын қуанышты сәтпен құттықтады.

Возможно, это изображение футбол и американский футбол

– Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы туралы бастама көтерген болатын. Бұл акция елімізде кең қолдау тауып, елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша ауқымды іс-шаралар атқарылуда. Осы акция аясында ауылдық аймақтарда тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында облыс әкімдігінің бастамасымен «Үлгілі ауыл» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Байқау нәтижесінде Шарбұлақ ауылы жеңімпаз болып танылып, тұрғындардың өтінішіне сәйкес осы спорт кешенін салуға қаражат бөлінді. Ашылып отырған спорт кешенінде спортшылар үшін барлық жағдай жасалған. Жаңа нысан Қазығұрт ауданының спорттық әлеуетін жаңа деңгейге көтереді деп сенемін, – деді Нұралхан Көшеров.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Қалмұрзаев та құттықтау сөз сөйлеп, жаңа кешенде бұқаралық спорттың кеңінен дамитынына сенім білдірді. Сонымен қатар Сәкен Бибосынов, Қайрат Ералиев, Шынболат Райханов сынды әлем чемпиондары спорт нысанының сапасына жоғары баға беріп, жас спортшыларға мотивация беретін маңызды орталық болатынын атап өтті.

Возможно, это изображение текст "КАЗЫ АУДАНЬ ЕШЕНИ"

Облыс әкімі мен ауыл ақсақалдары, арнайы келген қонақтар спорт кешенін ресми түрде ашқаннан кейін нысанның ішін аралап, жаттығу залдарының жабдықталуымен танысты. Әкім жас спортшылармен кездесіп, олардың болашақ жетістіктеріне тілектестік білдіріп, бұқаралық спортты дамыту өңір саясатының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Спорт кешенінің құрылысын «VERTEX BUILD» ЖШС жүргізген. Жобаға 500 млн теңгеден астам қаржы қаралған. Спорт кешенінің жалпы аумағы – 2,83 гектарды, ал ғимараттың ауданы – 1720 шаршы метрді құрайды. Нысанның ішкі бөлігінде күрес, бокс, заманауи тренажер залдары және жабық футбол манежі орналасқан. Сыртқы аумағында баскетбол, волейбол, футбол және жеңіл атлетика алаңдары, street workout құрылғылары мен балалар ойын алаңшалары орнатылған.

Қазіргі таңда спорт кешенінде бокс, еркін күрес және футбол секциялары тұрақты жұмыс істеп, 300-ге жуық жасөспірім жүйелі түрде спортпен шұғылдануда. Жаңа нысанның іске қосылуы нәтижесінде 10 тұрақты жұмыс орны ашылды. Бұл ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне және салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Айта кетейік, биыл Түркістан облысында 112 спорт нысанының құрылысы қолға алынған. Оның ішінде 102 спорт нысаны жыл соңына дейін пайдалануға берілсе, қалған 10 нысанның құрылысы 2026 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Бұл көрсеткіш өңірде спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын айғақтайды.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*