Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Спорт » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЕРКІН КҮРЕСТЕН ҚЫЗДАР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЕРКІН КҮРЕСТЕН ҚЫЗДАР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Тәуелсіздік мерекесіне орай Сайрам ауданында еркін күрестен жасөспірім қыздар арасында республикалық турнир өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Маңызды спорттық дода Сайрам ауданындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған игі бастамалардың біріне айналды. Бозкілем бәсекесіне еліміздің әр өңірінен келген 2010–2012, 2013–2015 және 2016–2018 жылдары туған жасөспірім қыздар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Турнир жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе алаңы болып, олардың шеберлігін шыңдауға мол мүмкіндік берді.

Республикалық деңгейде ұйымдастырылған жарысқа Жетісу, Қарағанды және Түркістан облыстарынан, сондай-ақ Шымкент пен Тараз қалаларынан келген 200-ге жуық жас балуан қыз бақ сынады. Бірнеше күнге созылған тартысты турнир барысында әр салмақ дәрежесінде қызықты әрі шиеленісті белдесулер өтті. Қатысушылар жеңіске деген жігерін, қайсар мінезін және спортқа деген шынайы сүйіспеншілігін көрсете білді.

Возможно, это изображение текст

Жарыс барысында жас спортшылардың техникалық дайындығы мен тактикалық шеберлігі айқын байқалды. Көптеген белдесулер соңғы секундтарға дейін созылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Турнирді тамашалауға келген ата-аналар мен жанкүйерлер де жас балуан қыздарға қолдау көрсетіп, спорттық рухты көтере түсті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жарыстың басты мақсаты – қыздар арасында еркін күресті кеңінен насихаттау, жасөспірім спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және болашақ чемпиондарды анықтау. Сонымен қатар, мұндай турнирлер жас спортшылардың өзіне деген сенімін нығайтып, үлкен спортқа жол ашатыны сөзсіз.

Турнир қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды. Жалпы командалық есепте Сайрам ауданының командасы топ жарып, бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Шардара ауданының балуан қыздары жайғасса, үздік үштікті Шымкент қаласының спортшылары қорытындылады.

Возможно, это изображение текст

Айта кетейік, Сайрам ауданында соңғы жылдары спорт инфрақұрылымын дамытуға, әсіресе жасөспірімдер мен қыздар спортын қолдауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар болашақта ауданнан республикалық және халықаралық деңгейде ел намысын қорғайтын спортшылардың шығуына ықпал ететіні анық.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*