Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Спорт » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЕМЕС ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН 200 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЕМЕС ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН 200 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

Биыл Түркістан облысының спортшылары олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен 200 медаль қоржынға салды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение текст

Жыл қорытындысы бойынша облыстық Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары 78 алтын, 56 күміс және 66 қола медаль жеңіп алып, өңір абыройын республикалық және халықаралық ареналарда асқақтатты. Бұл көрсеткіш Түркістан облысында спорт саласына көрсетіліп отырған жүйелі қолдаудың, сондай-ақ бапкерлер мен спортшылардың тынымсыз еңбегінің нақты нәтижесі екені сөзсіз.

Нақтырақ айтқанда, жыл барысында облыс спортшылары Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 84 жүлдеге ие болды. Сонымен қатар Қазақстан Кубогында 9 медаль олжалап, «Ақ бидай» республикалық ауыл ойындарынан 8 жүлдемен оралды. Азия кубогында 10 медаль еншілесе, Азия чемпионатында түркістандық спортшылар 22 жүлдені жеңіп алып, өз шеберліктерін айқын көрсетті.

Халықаралық деңгейдегі нәтижелер де көңіл қуантады. Атап айтқанда, Әлем чемпионатында 10, Әлем кубогында 33 медаль облыс қоржынына түсті. Бұдан бөлек, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 3 медаль иеленіп, республикалық және халықаралық түрлі турнирлерде 21 жүлде өңір спортшыларына бұйырды. Бұл – Түркістан облысының ұлттық және дәстүрлі спорт түрлерін дамытудағы әлеуетінің жоғары екенін аңғартатын маңызды көрсеткіш.

Айта кету керек, биыл облыс орталығында күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы Әлем кубогы мен Азия чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Аталған дүбірлі додаға шетелдерден келген мықты балуандар қатысып, жарыс тартысты әрі кәсіби талаптарға сай өтті. Бұл жарыстар Түркістанның ірі спорттық іс-шараларды қабылдай алатын орталыққа айналып келе жатқанын көрсетті.

Сонымен қатар қазақ күресінен жастар арасында өткен «Дала қырандары» республикалық турнирі де жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен сала мамандары тарапынан оң бағаға ие болды. Турнир жас спортшылардың тәжірибе жинақтауына, болашақ чемпиондардың қалыптасуына үлкен мүмкіндік берді.

Возможно, это изображение текст

Жалпы, Түркістан облысының спортшылары көрсеткен бұл нәтижелер – ұлттық спортты дәріптеу мен олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту бағытындағы жұмыстардың жемісі. Алдағы уақытта да өңір спортшылары халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғайтынына сенім мол.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*