Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Спорт » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ФУТБОЛ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ФУТБОЛ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Созақ ауданына қарасты Құмкент ауылында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған тағы бір маңызды нысан – жабық үлгідегі кіші футбол алаңы ел игілігіне пайдалануға берілді,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Ауыл тұрғындары үшін үлкен қуанышқа айналған бұл спорттық нысан, әсіресе жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне және салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор мүмкіндік беріп отыр.

Возможно, это изображение футбол, американский футбол и текст

Салтанатты шараға Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, ауыл тұрғындары мен жас спортшыларды жаңа футбол алаңының ашылуымен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде соңғы жылдары өңірде спорт инфрақұрылымын дамытуға айрықша көңіл бөлініп жатқанын атап өтіп, мұндай нысандар ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, болашақта кәсіби спортшылардың қалыптасуына жол ашатынын жеткізді.

Жаңа спорт алаңы заманауи талаптарға толық сай жабдықталған. Онда ойыншыларға арналған киім ауыстыратын бөлмелер, түнгі уақытта да ойын өткізуге мүмкіндік беретін жарықтандыру жүйесі орнатылған. Футбол алаңы сапалы жасанды төсенішпен жабдықталып, қауіпсіздік қоршауларымен қоршалған. Сонымен қатар, нысан аумағы толықтай асфальтталып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. Бұл өз кезегінде спортшылар мен көрермендер үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасайды.

Айта кетейік, биыл Құмкент ауылдық округінде балалар мен ересектерге арналған спорттық және ойын алаңшаларын салу жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда. Атап айтқанда, округ аумағында 5 балалар ойын алаңшасы мен 1 ересектерге арналған шынығу алаңы пайдалануға берілді. Бұл нысандар ауыл тұрғындарының дене белсенділігін арттырып, отбасылық демалысты тиімді ұйымдастыруға сеп болуда.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін округке қарасты Қызылкөл елді мекенінде тағы 2 балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, ел игілігіне ұсынылады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, Шу, Тасты, Жуантөбе және Жартытөбе ауылдарында да жаңа спорт нысандары бой көтеріп жатыр. Бұл жұмыстар ауданда бұқаралық спортты дамытуға, ауыл-аймақтарда өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі болып отыр.

Нет описания фото.

Жалпы, мұндай бастамалар жастарды зиянды әдеттерден аулақ ұстап, спорт арқылы тәрбие беруге, ауыл өміріне серпін беруге ықпал ететіні сөзсіз. Құмкенттегі жаңа футбол алаңы да алдағы уақытта ауыл спортының орталығына айналып, талай жасөспірімнің арманын жүзеге асыратын орын болмақ.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*