Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Спорт » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕГІ СПОРТ АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕГІ СПОРТ АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Әлімтау ауылдық округіне жасаған жұмыс сапары барысында округ аумағындағы ашық спорт алаңшасының жөндеу жұмыстарымен танысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Сапар аясында аудан басшысы нысанның қазіргі жағдайын көріп, атқарылған жұмыстардың сапасына назар аударды. Сонымен қатар алдағы уақытта спорт алаңшасын күтіп-ұстау, оны тиімді пайдалану және тұрғындар игілігіне жарату мәселелерін ауылдық округ әкіміне нақты тапсырды.

Возможно, это изображение футбол и костюм

Әлімтау ауылдық округіне қарасты Әлімтау елді мекеніндегі ашық спорт алаңшасында жеке кәсіпкер «Казыбеков» тарапынан ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары аудандық бюджет есебінен жүзеге асырылып, нысанның бұрынғы тозығы жеткен бөліктері толықтай қалпына келтірілді. Атап айтқанда, алаңша аумағына заманауи талаптарға сай жасыл төсеніш пен құм төселіп, ұзындығы 50 метр болатын қоршау торы (сетка) жаңасына ауыстырылды. Бұдан бөлек, кешкі уақыттағы жаттығуларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 4 жарық шамы орнатылып, алаңшадағы барлық металл және ағаш құрылымдар сырланып, абаттандыру жұмыстары толық көлемде атқарылды.

Бұл спорт алаңшасы ауыл жастары үшін бұрыннан маңызды орындардың бірі болған. Алайда соңғы жылдары күтімнің аздығынан пайдалануға қолайсыз болып келген. Ал жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін алаңша қайта жанданып, ауыл балалары мен жасөспірімдердің, сондай-ақ ересек тұрғындардың да бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік туып отыр.

Аудан әкімі өз сөзінде шалғай елді мекендерде бұқаралық спортты дамыту – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Мұндай спорт нысандары салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жастарды зиянды әдеттерден сақтауға және ауылдағы әлеуметтік өмірді жандандыруға ықпал ететінін жеткізді. Алдағы уақытта да ауылдық округтерде спорт инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатыны айтылды.

Возможно, это изображение футбол, американский футбол и трава

Айта кетейік, жаңартылған спорт алаңшасы ауыл тұрғындарына, әсіресе жастардың спортпен жүйелі түрде айналысуына қолайлы жағдай жасап отыр. Бұл өз кезегінде ауылдың әлеуметтік келбетін жақсартуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға оң әсерін тигізбек.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*