Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ШЫМКЕНТ МЕКТЕПТЕРІ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ

ШЫМКЕНТ МЕКТЕПТЕРІ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ

Шымкент қаласында жаңа оқу жылына дайындық аясында білім беру ұйымдарының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына ерекше назар аударылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Мелесқызы мәлімдеді.

2026–2027 оқу жылына дайындық кезінде қаладағы барлық мектептер, мектеп асханалары, медициналық пункттер мен мектеп-интернаттар мониторингпен қамтылды. Негізгі мақсат – нысандардың нақты жағдайын бағалап, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын тексеру және анықталған кемшіліктерді оқу жылы басталғанға дейін жою.

Қалада 2025–2026 оқу жылында барлығы 285 мектеп жұмыс істеді. Оның 151-і мемлекеттік, 134-і жекеменшік білім беру ұйымдары. Сонымен қатар, қалада үш ауысымды және апатты мектептер тіркелмеген.

Баланың денсаулығы мен оқу үлгеріміне дұрыс тамақтанудың әсері зор. Сондықтан мектептегі тамақтану мәселесі санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың маңызы үлкен. 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарындағы тамақтану «Білім беру ұйымдарындағы тамақтану стандарты» бұйрығының талаптарына сәйкес ұйымдастырылды. Жаңартылған тәсілдің негізгі мақсаты оқушыларға ұсынылатын тағамның құнарлылығын арттырып қана қоймай, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес теңгерімді әрі әртүрлі рацион қалыптастыру екен.

Ал 2026–2027 оқу жылына арналған перспективалық мәзір Денсаулық сақтау басқармасының 2026 жылғы 26 наурыздағы №112 бұйрығымен қайта бекітілген.

Жаңа мәзірде балалардың жас ерекшелігі мен энергия шығыны ескеріліп, тағам рационының құнарлылығы, әртүрлілігі және теңгерімділігіне мән берілген. Сонымен бірге бірдей тағамдарды қатарынан қайталауға жол берілмейді, дайын тағамдардағы тұз бен қант мөлшері шектеледі. Тағам дайындау барысында тек йодталған тұз қолданылады.

Тағамды дайындау кезінде өнімдердің бастапқы тағамдық құндылығын барынша сақтау, оларды технологиялық және аспаздық тұрғыдан дұрыс өңдеу де маңызды талаптардың қатарында.

Өткен оқу жылында мектептердегі тамақтанудың «желінбеу индексіне» апта сайын талдау жүргізіліп, көрсеткіштердің оң динамикасы байқалған. Есепті кезеңде білім алушылар арасында топтық тағамнан улану жағдайы тіркелмеген.

Санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары оқу жылы басталғаннан кейін де жалғасады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*