Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ҚАУІПСІЗ ОТБАСЫ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ

ҚАУІПСІЗ ОТБАСЫ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ

Шымкент қаласында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Қауіпсіздік коды: 102, 111, 150» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Аталған іс-шара 2026 жылғы 23–25 қыркүйек аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші ауданы Полиция басқармасы мен «Отбасын қолдау орталығы» КММ мамандарының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу және қиын жағдайға тап болған азаматтарға қажетті көмек көрсету жолдарын түсіндіру.

Іс-шара аясында мамандар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар азаматтарға құқықтық кеңестер беріліп, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу және тиісті көмек көрсету қызметтеріне жүгіну тәртібі туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Отбасындағы қауіпсіздік пен өзара сыйластықты сақтау, әрбір адамның құқықтарын құрметтеу және балалардың қолайлы ортада тәрбиеленуіне жағдай жасау қоғамның тұрақтылығы үшін айрықша маңызға ие. Осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және зорлық-зомбылыққа төзбеушілік көзқарасын нығайтуға ықпал етеді.

Мамандар азаматтарды зорлық-зомбылық жағдайларына бейжай қарамауға, қауіп туындаған жағдайда тиісті қызметтерге дер кезінде хабарласуға шақырады. Көмекке жүгіну – қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құқықтарды қорғаудың маңызды қадамы.

Осы ретте азаматтар үшін жедел көмек көрсететін байланыс нөмірлерін есте сақтау маңызды: 102 – полиция, 111 – отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы, 150 – ұлттық сенім телефоны.

Осындай профилактикалық іс-шаралар қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, әрбір отбасының тыныштығы мен амандығын сақтауға бағытталған ортақ жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

Қауіпсіз отбасы – қауіпсіз қоғамның негізі. Әрбір азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасылық құндылықтарды сақтау және зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз маңызын жоғалтпайды.

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*