Шымкентте қала әкімінің төрағалығымен өткен онлайн-жиналыста ҚР Президентінің 11 қаңтарда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығын сақтау бойынша берген тапсырмаларын жүзеге асыру барысы талқыланды. Қала әкімі әрбір берілген тапсырманы жүзеге асыру мақсатында жұмыс жоспары мен жүйелі индикаторлар әзірленіп, сапалы және барынша жылдам орындалу қажеттігін айтты. Еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыру бағытында өңірде атқарылатын жұмыстар туралы басқарма басшылары баяндады. Алдымен экономика ...
Читать далее »Көкейтесті
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Төтенше жағдай режимі енгізілгелі Шымкент қаласында жағдай тұрақты. Барлық кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде. Қала аумағында түнгі 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін «коменданттық сағат» жүзеге асырылуда, стратегиялық нысандарды күзету күшейтілген. Қаладағы қоғамдық саяси жағдай тұрақты бақылауда. Қалада жаппай тәртіпсіздік сәтінен бастап полицияға 3 мың 568 адам жеткізілді. Бүгінге дейін 442 құқық бұзушылық анықталды. Оның 298-і бойынша қамауға алу, ...
Читать далее »АРДАГЕРЛЕР ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ
Елімізде орын алған қиын жағдайдан соң Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен жүргізілген жүйелі жұмыстар нәтижесінде еліміздің барлық өңірлерінде тұрақты жағдай қалыптасып келеді.Осы орайда Қаратау ауданының ардагерлер кеңесі мүшелері, белсенді ардагерлері аудан аумағындағы саябақтар мен алаңдарға «халық сақшысы» ретінде шығып, аудан жастарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Ардагерлер жастарға халқымызды арандатуға және тұғырлы Тәуелсіздігімізге жасалған мұндай шабуыл кезеңінде біздің басты мақсатымыз – бірлік екенін атап ...
Читать далее »366 АЗАМАТ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Мемлекет басшысының дер кезінде қабылдаған шешімдері арқасында өңірлердегі ахуал тұрақталып келеді. Оның ішінде бүгінде Шымкентте жағдай тұрақты және қауіпсіздік толығымен бақылауда. Барлық кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде.Дегенмен, республикада контртеррор іс-шарасы әлі де жалғасуда. 19 қаңтарға дейін республика көлемінде төтенше жағдай режимі енгізілді. Түнгі 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін комменданттық сағат орнауда. Шымкентте жаппай тәртіпсіздік сәтінен бастап полицияға 3 ...
Читать далее »МОБИЛЬДІ ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Шымкент қаласы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша қызыл аймаққа өтуіне байланысты қаладағы мобильді топтардың жұмысы күшейтілді. Абай ауданының әкімі Б.Парманов аудандағы адамдар көп шоғырланатын базарларға мобильдік топпен бірге мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг кезінде санитарлық талаптардың сақталуын қадағалап, азаматтарды ревакцинация алуға шақырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес базардағы бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу керек екенін жеткізді. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, ...
Читать далее »ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ТЕКСЕРДІ
Шымкент қаласындағы Тұран шағын ауданында былтырғы жылдан құрылысы өтпелі 41 тұрғын үйдіңқұрылысы жалғасуда. Пәтер саны 2432 болатын үй жыл қорытындысымен пайдалануға берілмек.«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысын бүгінқала әкімі Мұрат Әйтенов аралап көрді.Өз баяндамасында, қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ә.Рабаев құрылыс материалдардыңотандық өнім үлесі 91 пайызды құрайтынын мәлімдеді. Мердігерлермен кездескен шаһар басшысы тұрғындар үшін баспана сапасы маңызды ...
Читать далее »12 ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС АЛДЫ
Бұл туралы Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан ҚАБЫШТАЕВ мәлімдеді. Қазіргі уақытта Шымкент қаласында жалпы 82 оқу орталығы жұмыс істейді. Бағдарлама аясында 2480 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолдама алса, кәсіпорындар мен қауымдастықтар жанындағы 12 оқу орталығы мемлекеттік тапсырыс алған.– «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қатысуға мүмкіндік беретін оқу орталықтарының тізілімін ...
Читать далее »КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ТӨЛЕМІ БОЙЫНША БІРЫҢҒАЙ ОПЕРАТОР ҚҰРЫЛАДЫ
Қазақстанда кәдеге жарату төлемінің коэффициенттері қайта қаралады. Осылайша Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру басталды. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.– Министрлік қоғам, бизнес және мемлекеттік орган өкілдерімен бірлесіп, жеке мемлекеттік оператор құру, кәдеге жарату коэффициенттерін қайта қарау бойынша мәселені пысықтайды, – деді министр Үкімет отырысында.Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке кәдеге жарату төлемін әкімшіліктендіру ...
Читать далее »БАЗАРДА БАҒА ТҰРАҚТЫ, САНИТАРЛЫҚ ТАЛАП ҚАТАҢ
Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов СЭС мамандарымен бірге қаланың бірқатар базарын аралап, азық-түлік бағасын негізсіз өсірмеуге, ковид індетінің алдын алуға және елде орын алған ахуалға байланысты халық ішінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.– Елде болған күрделі жағдай экономикаға кері әсерін тигізді. Бірақ бұл азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне себеп болмау керек. Өйткені қалада азық-түлік қоры жеткілікті. Екінші мәселе, ковид індеті жылдам таралып жатыр. ...
Читать далее »Мұрат Әйтенов: «КҮРДЕЛІ НЫСАН ҚҰРЫЛЫСЫНДА ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ КЕРЕК!»
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов автоматтандырылған газ тарату стансасының іске қосу жұмыстары бойынша жүргізіліп жатқан техникалық дайындық жұмыстарымен танысты.Қала әкімі АГРС-З — стратегиялық нысан болғандықтан іске қосу жұмысында қателікке жол берілмеуін ескертті. Сонымен бірге, газбен қамтудың қала тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасаудағы маңыздылығын атап өтті.Өткен жылы АГРС-3 нысанының газ құбырына гидравликалық сығымдау жұмыстары жүргізу барысында орнатылған құрал-жабдықтар гидроқысымды көтермей, ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары