Бүгін Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын және 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында кездесу-семинар ұйымдастырылды. Іс-шараны Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы Бекзат Абубакиров жүргізді. Семинарға құқықтанушы, «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша философия докторы Бекбосынов Ермек Төленұлы арнайы қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын ...
Читать далее »Қоғам
Кітапханада Конституцияның жаңа нормалары түсіндірілді
Түркістан қалалық орталық кітапханасында Конституцияның мазмұнын түсіндіруді мақсат еткен арнайы жиын өткізілді. Еркін форматта өткен жиында сөз сөйлеген Түркістан облыстық Медиация кеңесінің төрағасы, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев биылғы жылдың шілде айының басынан қолданысқа енгізілген жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары туралы кеңінен әңгімеледі. Ол жаңа Заңмен айқындалған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған нормаларға тоқталып, Ата Заңның елдегі қоғамдық ...
Читать далее »ЖАҢА КІТАПТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ!
Құрметті кітапсүйер қауым! Түркістан қалалық орталық балалар кітапханасының кітап қоры жаңа әдебиеттермен толықты. Жаңа түскен кітаптар қатарында балалар әдебиеті, ертегілер, танымдық басылымдар, қазақ және әлем әдебиетінің үздік шығармалары, сондай-ақ жас оқырмандардың қызығушылығын арттыратын жаңа туындылар бар. Кітап – білімнің қайнар көзі, рухани байлықтың бастауы. Жаңа кітаптармен танысып, қызықты әлемге саяхат жасауға шақырамыз! Бос уақытыңызды пайдалы өткізіп, өзіңізге ұнайтын кітапты таңдап ...
Читать далее »Түркістанда «Абайды QR-кодпен таны» танымдық шарасы өтті
Түркістан қаласында «Абай әлемі: Ойдан – өнегеге» әдеби-танымдық апталығының екінші күні «Абайды QR-кодпен таны» атты цифрлық танымдық іс-шара өтті. Іс-шара кітапхананың жылжымалы кітапхана пункттері – «Қуаныш» сауда орталығында, Қалалық Жастар ресурстық орталығында, «Ашық әкімдіктегі – ашық кітапханада» және «Khanshaiym Plaza» сауда-ойын-сауық орталығында ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын тудырды. Шара барысында қатысушылар арнайы QR-кодты сканерлеу арқылы Абай Құнанбайұлының өмірбаянымен, шығармашылығымен, ...
Читать далее »«Мөлдір өлең» ұлттық жобасы өтіп келеді
Екі айдан бері елімізде поэзияны қолдауға бағытталған республикалық «Мөлдір өлең» ұлттық жобасы өтіп келеді. Осы жобаға Оңтүстіктің намысын қорғап қатысқан ақын қыздарымыз алғашқы кезеңнен сүрінбей өтіп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финал 19 тамыз күні Шымкентте өтеді. Бұл жолы олар Ақтөбенің кіл мықты ақындарымен сынға түспек. Қазақ: «Жақсы қыз – жағадағы құндыз, жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз» дейді. Ендеше, қарындастарымызды ...
Читать далее »«Таза Қазақстан»: Шымкентте экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акциялар жалғасуда
Шымкентте Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Қаланың көркін арттыруды және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейтуді көздейтін бастамаға коммуналдық қызмет мамандары да, ерікті жастар да белсенді атсалысып келеді. Бұл жолғы акциялар жасыл желекті күтіп-баптау мен қоғамдық орындарды абаттандыру бағытында ұйымдастырылды. Қаланың Орманшы тұрғын алабында орналасқан «Тұқымбақ» аумағында ауқымды сенбілік өтті. Тазалық ...
Читать далее »«АБАЙ ӘЛЕМІ: ОЙДАН – ӨНЕГЕГЕ» АПТАЛЫҒЫ ЖЫЛЖЫМАЛЫ КІТАПХАНА ПУНКТТЕРІНДЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
Түркістан қаласында «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында бастау алған «Абай әлемі: Ойдан – өнегеге» әдеби-танымдық апталығы кітапхананың жылжымалы кітапхана пункттерінде де ашылды. Атап айтқанда, «Ашық әкімдіктегі – ашық кітапхана», «Қуаныш» сауда орталығындағы және қалалық Жастар ресурстық орталығындағы кітапхана пункттерінде Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы кітап көрмелері жасақталды. Көрмелерде ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздері, аудармалары, абайтануға арналған ғылыми-зерттеу еңбектері ...
Читать далее »Түркістанда кітап пен шығармашылық тоғысқан тағылымды шара өтті
«Астана — Тәуелсіз Қазақстанның жүрегі » атты ашық аспан астындағы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Астана күні мерекесіне орай қалалық балалар кітапханасы мен заманауи кітапханалардың бірлесіп ұйымдастыруымен ашық аспан астында тағылымды мәдени-танымдық іс-шара өткізілді. Шара барысында оқырмандар назарына Астана қаласының тарихы, көрікті орындары, сәулет нысандары мен еліміздің жетістіктері туралы кітаптар мен танымдық басылымдар ұсынылған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар көрмемен танысып, кітаптарға қызығушылық ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС БЕРІЛДІ
“Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында Шымкент қаласындағы Арбатта тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беруге бағытталған кезекті «Халық заңгері» акциясы өтті. Іс-шараны Шымкент қаласы әкімінің аппараты ұйымдастырды. Аталған акцияның негізгі мақсаты – тұрғындарға өз құқықтары мен заң талаптарын түсіндіру, азаматтардың құқықтық мәселелерін шешуге практикалық тұрғыда қолдау көрсету. Қала тұрғындары арнайы мамандарға жүгініп, өздерін толғандырған мәселелер бойынша тегін ...
Читать далее »Қаланың атмосфералық ауасының жай-күйі тұрақты бақылауда
Шымкент қаласының атмосфералық ауасының жай-күйі тұрақты бақылауда. «Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, 2026 жылы Шымкент қаласындағы ауа сапасының ластану деңгейі көтеріңкі деп бағаланған. Қаладағы негізгі ластаушы көздер ретінде өндірістік кәсіпорындар, автокөлік құралдары және жылыту маусымындағы жеке тұрғын үйлердің шығарындылары аталады. Ауа сапасына мониторинг жеті бақылау бекеті арқылы жүргізілуде. Сонымен қатар «ПКОП», «Стандартцемент», «Шымкентцемент» және «3-Энергоорталық» кәсіпорындарында автоматтандырылған экологиялық мониторинг жүйесі енгізіліп, шығарындылар ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары