«AMANAT» партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айқындалған міндеттер шеңберінде «Daryn Ustaz» орталығымен бірлесіп, «Ustazga AI»: жасанды интеллект педагог көмекшісі ретінде» жобасын бастады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл бастама Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының ...
Читать далее »Қоғам
ЖҮСІП АТА КЕСЕНЕСІНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРЕСС-ТУР
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының бастамасымен музей-қорыққа қарасты Жүсіп ата кесенесіне баспасөз туры ұйымдастырылды. Тарихшылардың айтуынша, халық арасында «Ғашық Жүсіп» атанған әулие – Қожа Ахмет Ясауидің замандасы, тіпті жиені болуы мүмкін деген ақпараттар бар. Бұл деректерді мамандар да толық жоққа шығармайды. Жүсіп ата кесенесі Ұлы Жібек жолының бойындағы маңызды рухани нысандардың бірі саналады. «Әзірет Сұлтан» музей-қорығына қарасты бұл кесене республикалық ...
Читать далее »ОТЫРЫСТА ТАБИҒАТ АПАТТАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖАЙЫ ҚАРАЛДЫ
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі сілтеп. Жиында партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасы аясындағы төтенше жағдайлардың алдын алу көрсеткіштерінің орындалуы және облыстағы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық мәселелері жан-жақты талқыланды. Отырысқа «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер клубы 2025 жылғы жұмысын қорытындылап, жаңа жылға арналған ақпараттық жоспарларымен бөлісті. Жиынға өңірдің жетекші журналистері, блогерлері, медиасаланың жас мамандары және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Клуб төрағасы Әбдез Иманқұлов өз сөзінде Ассамблеяның 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған іс-шараларды ақпараттық қолдау барысында жасалған жұмыстардың нәтижесін атап өтті. «2025 жыл біздің клуб үшін қарқынды әрі мазмұнды болды. ...
Читать далее »ТҮЛКІБАС: ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ХАЛЫҚ ҚАМЫН ОЙЛАҒАН ҚАДАМДАР
Түлкібас аудандық мәслихатының төрағасы Серғали Сәрсенбаевтың баяндамасын тыңдаудың сәті түсті. Бірден айтайын: аудан бойынша атқарылған жұмыс аз емес екен. Серғали Шыныбекұлы алдымен мәслихаттардың ел алдындағы міндеттерді орындаудағы орнына тоқталды. Түлкібас ауданында 17 депутат болса, соның 13-і – «AMANAT» партиясының мүшелері. Ал 3 тұрақты комиссияның төрағалары да осы фракциядан екенін айтты. Жыл басынан бері 3 кезекті, 4 кезектен тыс сессия өтіп, ...
Читать далее »САУРАНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР
«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы өткізген брифингтердің біріне қатысып, Сауран ауданы мәслихатының төрағасы Сержан Байсбаевтың атқарған жұмыстары туралы кеңінен айтып өтейін. Шыны керек, Сауран – жас аудан, бірақ даму қарқыны жасына қарамай жақсы байқалып тұр. Сержан Ермекбайұлы әңгімені ауданның құрылу тарихынан бастады. 2021 жылы Түркістан облысының құрамында қайта құрылған бұл аудан бүгінде 12 ауылдық округ, 33 елді мекеннен тұрады. Халық ...
Читать далее »Түркістан облысындағы фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жұмыс барысымен танысты
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасына сәйкес, Агорөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы С.А. Қаныбеков «Өсімдіктер карантинінің республикалық орталығы» мемлекеттік мекемесінің және «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшыларымен бірге Түркістан облысындағы фитосанитариялық бақылау бекеттерінің қызметімен танысты. Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі бірқатар фитосанитариялық бақылау бекеттерін аралау жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған сәйкес жақында Солтүстік Қазақстан облысындағы фитосанитариялық бақылау ...
Читать далее »ЕЛДІК ПЕН БІРЛІКТІ АЙҚЫНДАҒАН КҮН
Бүгін, 25 қазан ел тарихындағы ең маңызды күндердің бірі. Осыдан тура 35 жыл бұрын, яғни 1990 жылдың 25 қазанында, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік егемендік туралы декларацияны қабылдады. Бұл құжат – Тәуелсіз Қазақстанның іргетасы, ел тағдырын жаңа арнаға бұрған тарихи шешім болды.Осы күні Алматыда өткен Жоғарғы Кеңестің мәжілісінде 360 депутаттың 281-і дауыс беріп, 18-і қарсы, 2 депутат қалыс қалған болатын. ...
Читать далее »КІШІ ФУТБОЛДАН ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласында пробация қызметі есебінде тұрған жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында кіші футболдан турнир өтті. Іс-шара Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Жалын» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асты. Турнирге қаланың бес ауданынан жасақталған 10 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Доданың басталуы алдында төрешілер қатысушыларға ойын ережелерін түсіндіріп, жеребе ...
Читать далее »МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРАЛДЫ
Бүгін «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті жұмыс жиыны өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиевтің жетекшілігімен өткен мәжіліске облыстық партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Еркебұлан Хандиллаев, комиссия мүшелері, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Еркін Забиров, ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары