Жаңа оқу жылы қарсаңында Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар күшейтілді. Мамандардың айтуынша, мектептердің дайындығы тек материалдық-техникалық жағдаймен шектелмейді. Оқу ғимараттарының санитариялық жай-күйі, медициналық пункттердің жұмысы, асханалардың талапқа сәйкестігі, сумен жабдықтау, желдету және жылыту жүйелерінің жарамдылығы да тұрақты бақылауда болуы қажет. Сонымен қатар күзгі-қысқы кезеңде жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және COVID-19 таралу ...
Читать далее »Әлеумет
ШЫМКЕНТ МЕКТЕПТЕРІ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ
Шымкент қаласында жаңа оқу жылына дайындық аясында білім беру ұйымдарының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына ерекше назар аударылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Мелесқызы мәлімдеді. 2026–2027 оқу жылына дайындық кезінде қаладағы барлық мектептер, мектеп асханалары, медициналық пункттер мен мектеп-интернаттар мониторингпен қамтылды. Негізгі мақсат – нысандардың нақты жағдайын бағалап, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕПТЕРДЕ ЖРВИ-ДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ
ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуіне байланысты білім беру ұйымдарында инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған профилактикалық шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, бір инкубациялық кезең ішінде сынып оқушыларының 20 пайызы ЖРВИ-мен ауырған жағдайда кабинеттік оқыту жүйесі тоқтатылып, күнтізбелік 10 күн ішінде сыныпқа жаңа оқушыларды қабылдауға шектеу қойылады. Ал сырқаттанған оқушылардың үлесі 30 пайызға және одан жоғары болған жағдайда білім алушылар онлайн оқыту форматына ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: 120 БАЛАҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында Түркістан қаласындағы «Түркістан инновация мектебі» жалпы білім беру мектебінде игі шара ұйымдастырылды. Қайырымдылық бастамасы аясында мектептің құрылтайшысы, Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі Исаев Ғани Исаұлы өз атынан 120 балаға мектеп формасы мен қажетті оқу құрал-жабдықтарын табыстады. Бұл – балалардың жаңа оқу жылына тың серпінмен, көтеріңкі көңіл күймен қадам басуына жасалған ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШҚЫ АУТОЛОГИЯЛЫҚ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ СӘТТІ ЖҮРГІЗІЛДІ
Шымкент медицинасы үшін маңызды тарихи оқиға орын алды. Қалада алғаш рет гемопоэздік дің жасушаларының аутологиялық трансплантациясы сәтті жүргізіліп, процедурадан өткен 56 жастағы Әміржан Әмірбекұлы бүгін үйіне шығарылды. Қазіргі жағдайы жақсы, өзін қалыпты сезінеді. Трансплантация 2026 жылғы 7 тамызда Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана базасында жасалды. Пациенттің өз дің жасушалары бұған дейін, 28–29 мамыр күндері, Ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығында арнайы сепаратор ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 500 БАЛАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістан қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында мерекелік ісшара өтті. Жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов пен Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев қатысып, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Ісшара барысында қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының атынан балаларға ізгі тілегін жеткізіп, жаңа оқу ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 7 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ
Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамту және тұрақты табыс көзін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Биыл қала бойынша 11 427 адамды бос жұмыс орындары арқылы тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған. Бүгінде аталған жоспар аясында 6 663 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасып, межелі көрсеткіштің 61,2 пайызы орындалды. Тұрақты жұмысқа орналасқан тұрғындардың бірі – Айгерім Амангелді. Ол 2026 жылғы 12 тамызда Әл-Фараби ауданының ...
Читать далее »Әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар күшейтілуде
Ана мен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Осы ретте тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға уақытылы әлеуметтік, психологиялық, медициналық және құқықтық қолдау көрсету, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың маңызы зор. Шымкент қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтарға жол ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА «КҮШ АТАСЫ – ҚАЖЫМҰҚАН» АТТЫ ТАНЫМДЫҚ ШАРА ӨТТІ
Түркістан қаласында Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың әйгілі алып күш иесі, әлемді мойындатқан даңқты балуан, елінің намысын арқалаған қайсар тұлға Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 155 жыл толуына арналған «Күш атасы – Қажымұқан» атты танымдық іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа қазақ халқының даңқты перзенті Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмір жолы мен спорттағы жетістіктерін таныстыру, оның елге деген сүйіспеншілігін, қайсарлығы мен ...
Читать далее »100 балаға – 100 қуаныш: «Мектепке жол» акциясы өтті
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтті. Ізгі шараның басты мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына жаңа оқу жылы қарсаңында көмек көрсетіп, олардың мектепке толыққанды дайындалуына қолдау білдіру. Шараны Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов жүргізіп, қайырымдылық акциясының мәні ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары