Aудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Кәдиев жол бойынан мал өткелін салу, балық және тауық шаруашылығын жүргізуге жер үйлестіру, Қызылжар е/м негізгі көшесінің жиектерін реттеу мәселелерімен келген Төрткүл ауылдық округінің тұрғындарын қабылдады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тұрғындардың өтініштері тиісті сала мамандарымен қаралып, әрбір мәселенің шешу жолдары түсіндіріліп, олардың әрқайсысы бақылауға алынды. © Jetpisbai.kz
Читать далее »Әлеумет
200-ДЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯҒА ӨЗГЕРТУЛЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛГЕН ЗАҢ ТҮСІНДІРІЛДІ
ҚР ІІМ Тергеу департаментінің тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне, яғни әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы бағытта Түркістан облысының жеке құрамына сабақ өткізу бойынша кесте түзілді. Бекітілген кестеге сәйкес департамент бастығының орынбасары ...
Читать далее »Дін саласындағы мемлекеттік саясат
Тәуелсіздік жылдары еліміз әлеуметтік-экономикалық дамуда бірқатар жетістіктерге жетті. Бірақ, рухани салада қордаланып қалған мәселелер, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құндылықтар дағдарысы, дүниетанымдық ұстанымдардың дұрыс қалыптаспауы, жас ұрпақты тәрбиелеудегі формализм мен жасандылық және басқа да кемшіл тұстар үлкен қоғамдық кесірге айналып барады. Радикальды-деструктивті діни топтар аталған кемшіліктерді өз мақсаттарына пайдаланып, жастар арасында мемлекеттің зайырлы сипатын мойындамайтын, барлық мәселелердің шешімін «дұрыс діннен» іздейтін ...
Читать далее »Адам саудасы – қылмыстық іс-әрекеттің бір түрі
Адам саудасы – бұл қылмыстық іс-әрекеттің бір түрі. Адам саудасы балалардың саудасын ғана емес, әйелдер мен ерлердің саудасын да қамтиды, бұл ретте ол оларды жыныстық пайдалану мақсатында да, құлдыққа және мәжбүрлі еңбекке тарту мақсатында да жасалады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде адамдарды сексуалдық мақсатта пайдалануға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері үшін, оның ішінде заңсыз адам саудасы үшін жауапкершілікті көздейтін бірқатар нормалар бар. Сонымен, ...
Читать далее »Ішкі істер саласындағы абыройлы қызмет
Ішкі істер саласында абыройлы қызмет атқарып, зейнеткерлікке шығу – әрбір полиция қызметкерінің нәтижелі межесі. Арыс аудандық полиция бөлімінде осындай жемісті мәреге жеткен ішкі істер органдарының 11 қызметкерін салтанатты түрде зейнет демалысына шығарып салу рәсімі өтті. Полиция подполковнигі Б.Куатов: «Қай жерде, қай елде болмасын қариялар ерекше құрметке лайық. Талай жылдар тағылымы толысып, құрметті демалысқа шыққан қуанышты күндеріңіз құтты болсын! Зейнеткерлікке жетсеңіздер ...
Читать далее »Полицейлер интернет-алаяқтардан сақтануға шақырды
Облыс полицейлері киберқылмысқа қарсы іс-шараларды тұрақты түрде өткізуде. Бұл жолы қоғамдық көлік жолаушыларына қырағылық таныту қажеттігі, ешбір жағдайда және қандай да бір сылтаумен белгісіз адамдарға өзінің және банк карталарының дербес деректерін хабарламау қажеттігі туралы ескертілуде. Облыс тұрғындарына интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы түсіндірме жұмыстар ыжүргізілуде: банк қызметкерлерінің атынан шабуылдаушылар ақшаны шотқа аударуға көндіреді немесе смартфонға жәбірленушінің ақшасын жымқыратын қосымша орнатуды ...
Читать далее »«ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы барысында елде насыбай ататындарға қатысты алаңдаушылық білдіріп, насыбайдың денсаулыққа зиян және ұят әдеттердің бірі екенін атап өтті. Үстіміздегі жылдың 18 наурызынан бастап насыбайдың зардабы, оны сату мен қолдану туралы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп жазады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Осы ...
Читать далее »Есірткі қылмысына қарсы күрес жұмыстары басты назарда
Есірткі сатумен айналысатын топтар жарнама құралы ретінде әлеуметтік желіні, граффити суреттерді жиі қолданатыны мәлім. Кез келген әлеуметтік желіде жастар мен жасөспірімдер белсенді екенін ескерсек, мұндай жарнама атаулының ел болашағына айтарлықтай қауіп төндіретінін айқын сезінеміз. Мақсаты – жастарға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, оларды болдырмаудың алдын-алу шаралары мен оның залалы туралы жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру. Нашақорлық — заманымыздың ...
Читать далее »ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІ ЕСІРТКІГЕ БАСТАЙДЫ
Электронды темекі саудасы үш жылда үш жүз есе өскен. Мұндай рекордтық көрсеткіш бірде-бір нарықта жоқ. Бұл түтінге тұншығып жүргендердің саны күн санап өсіп жатқанын көрсетеді. Әсіресе, олардың арасында кәмелетке толмаған бала көп. Жаға ұстатарлық статистиканы естіген Мемлекет басшысы жауаптыларға қатаң ескерту жасады. Енді вейптерге толық тыйым салынуы мүмкін. Электронды темекі түбімізге жететін түрі бар. Құрылтайдың күн тәртібіне кіруі тегін емес. ...
Читать далее »«Айбын» орденінің иегеріне арналған «Батылдық бұрышы» ашылды
Бейбіт күні қызмет бабында қаза тапқан полицей әріптестеріміз қаншама. Соның бірі 1997 жылы 8 наурызда қызмет барысында қылмыскердің қолынан ерлікпен қаза болған Шардара аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция взводының қызметкері лауазымында қызмет атқарған полиция старшинасы Асқар Рүстембекұлы Жәрдембаевқа арналған өмірлік және кәсіби жолдары сипатталған «Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар» батылдық бұрышы ашылды. Салтанатты шараға аудан әкімдігі, полиция ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары