Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет (страница 89)

Әлеумет

БАРЛЫҒЫ ТҰРҒЫНДАР ҮШІН

Aудан әкімі Азат Оралбаев аудан орталығындағы Құртай каналының жағалауынан бой көтеріп жатқан гүлзарды барып көрді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Азаматтардың серуендеп, тынығуына арналған гүлзарда заманауи балалар ойын алаңшасы, тынығып отыратын орындықтар орнатылып, түрлі сәндік жасыл желектер отырғызылған. Одан бөлек каналдың екі бетін жалғайтын, ұзындығы 10 метрге жуық көпір салынып жатыр. Сонымен қатар, ...

Читать далее »

«АСАР» ГҮЛЗАРЫ АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ауданда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасуда. «Киелі мекен» апталығы аясында аудан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен өлкетану мұражайларының аумағы абаттандырылып, тазалық жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Абай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде қазақтың үш биі — Төле би, Қазыбек би Әйтеке би ескерткіштері орналасқан гүлзары аумағында ағаштарды санитарлық қырқу, кіреберіс алаңдарының маңайындағы жасыл желектерді ретке келтіру, ағаштардың ...

Читать далее »

ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ АУДАНДАҒЫ ПОЛИЦИЯ БАСШЫЛАРЫНЫҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Полиция департаментінің мәжіліс залында 2024 жылдың 3 айында облыс аумағында атқарылған қылмыстың алдын-алу, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жеке құрам арасындағы тәртіппен заңдылықтың сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытындағы атқарылған жұмыстарды қорытындылау мақсатында жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиынға департамент бастығы Мұрат Қабденов төрағалық етті. Шараға ...

Читать далее »

ҚАЗАҚСТАНДА АЭС САЛУ НЕМЕСE САЛМАУ МӘСЕЛЕСІ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ АРҚЫЛЫ ШЕШІЛЕДІ

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесін талқылау мақсатында Шымкентте қоғамдық талқылаулар өтті. Талқылауларға өңір тұрғындары, қоғамдық кеңес мүшелері, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС, «Ядролық физика институты» РМК, БАҚ, Қазақстанның Азаматтық альянс өкілдері және т.б. қатысты. Жалпы, Қазақстанда атом электр стансасын салу туралы жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама Мемлекет басшысының «Әділетті ...

Читать далее »

АСАРЛЫҚТАР АЛЛЕЯНЫ КӨРІКТЕНДІРУГЕ ШЫҚТЫ

«Таза Қазақстан» акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Абай ауданы аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен өлкетану мұражайларының аумағы тазалық және көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар бүгін Асар шағынауданындағы Асар гүлзарын тазалауға шықты. —Асар шағынауданының азаматтары акцияға дейін де абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын бір кісідей атқарып келген. Ал, Мемлекет басшының тапсырмасынан кейін атқаратын шаруалар еселене түсті. Көктем мезгілі басталғалы барлық көшелер тазаланды. Әр көшеде, участокта ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚАЖЫМҰҚАН СТАДИОНЫНЫҢ МАҢЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

Республикалық “Таза Қазақстан” акциясының «Киелі мекен» апталығында Тұран ауданында Қажымұқан стадионы мен сол маңдағы спортшылар аллеясында, балалар темір жолы бойында тазалық шаралары өтті. Науқанға қатысушылар стадион айналасындағы арамшөптерді орып, реттеп, Қажымұқан ескерткіші мен спортшылар аллеясындағы даңқты спортышыларға арналған тақтайшаларды жуып-тазалап, балалар темір жолы бойын қоқыстан тазартты. —Қажымұқан стадионына еліміз ғана емес, шетелдік азаматтар көп келеді. Түрлі жарыстар мен жиындар өтеді. ...

Читать далее »

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ КӨМЕК КЕРУЕНІН ЖӨНЕЛТТІ

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек түрлері әлі де жолданып жатыр. Еліміздің әр өңірі шама-шарқынша керек-жарақты түгендеп, батыстықтарға жөнелтуде. Ол үшін қалада арнайы қабылдау пункттері де ашылған. Ел басына күн туғанда көмек қолын созудан қаладағы жоғарғы оқу орындары да қапы қалмады. Шымкенттегі Тәшенов университетінің ұйымдастыруымен бес университеттің оқытушы пофессорлары бірігіп бес жүк көлігімен батыс өңіріне гуманитарлық көмек жолдады. –Қазақстандағы ...

Читать далее »

«ШЫМ ҚАЛА» АУМАҒЫН ӘРЛЕДІ

Әл-Фараби ауданының әкімі бастаған тазалық жұмыстарына зейнеткерлер де, жастар да қатысты. Аудан тұрғындары «Шым қала» тарихи-мәдени кешені аумағындағы орындықтарды әрлеп, шөп орып, ағаштарды қырқып, әктеп, иригациялық жүйелер мен аумақты тазалады. —Әрбір тұрғын қоршаған ортада жүріп-тұру мәдениетін сақтауды бойларына қалыптастыруы керек. Қоқысты қоқыс жәшігіне салудың өзі үлкен мәдениеттілікті білдіреді. Сондықтан сүйікті Шымкентіміздің гүлденуі үшін барлығыңызды осы акцияға қатысуға шақырамын, — деді ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРМЕН КҮРЕСТІ КҮШЕЙТТІ

  2024 жылдың бірінші тоқсанында Мемлекеттік корпорация өз күшімен мемлекеттік қызмет көрсету барысында тіркелген 1319 бұзушылықты анықтады. Салыстырмалы түрде, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 249 бұзушылықты құраған. — Мемлекеттік корпорация анықталған фактілерді құқық қорғау органдарына беріп, нәтижесінде 12 қылмыстық іс қозғалды. — «Азаматтарға арналған үкіметтің» 90 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 2 қызметкердің лауазымы төмендетілді, 9 қызметкермен еңбек шарты бұзылды. ...

Читать далее »

КОРПОРАЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

«Азаматтарға арналған үкімет » мемлекеттік корпорациясы «Таза Қазақстан» экологиялық  акциясын қолдайды. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық  акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Түркістан облысының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлері сенбілік ұйымдастырды.  Акцияға облыс бойынша Барлық аудан қызметкерлері жұмылдырылды. Мекемеге қарасты территорияларды тазалап көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен  елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Аталмыш науқан 5 аптаға ...

Читать далее »