Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2022 » Январь » 14 (страница 2)

Ежедневные архивы: 14.01.2022

МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ РЕВАКЦИНАЦИЯ ЖАСАДЫ

Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның үшінші компонентін салдырды. Халық қалаулысы ревакцинацияны қалалық №5 емханада жасатты. Екпе алған соң көпшілікті денсаулығын күтуге шақырды. – Бүгін ревакцинацияға келдім. Бұған дейін «Спутник-V» вакцинасының екі компонентін салдырған едім. Қазір «QazVac» екпесін алдым. Мамандардың да кеңесі сол – егер алдыңғы екпелер басқа вакцина болса, ревакцинацияны басқа препаратпен жасау керек. Жалпы, ...

Читать далее »

ВАКЦИНА ҚАБЫЛДАУ АДАМЗАТТЫ ҚҰТҚАРҒАНМЕН БІРДЕЙ

Абдулхамид Қаттани мешітінде Шымкент қаласының бас имамы Бағдәулет Абдрахманов дін қызметкерлерімен мәжіліс өткізіп, алдағы уақытта имамдар түгел ревакцинациядан өтетінін және барша шымкенттіктерді індет қатерінен қорғану үшін қосымша екпе алуға шақырды.— Шаһарда 88 мешіт бар, онда 259 имам діни қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес мегаполистегі мешіттер бес уақыт намаз бен жұма намаздар үшін жабылды. ...

Читать далее »

ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА БОЛДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Алматы қаласында жедел штаб отырысы өтті. Онда Үкіметтік комиссияның төрағасы, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев және ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар министрлері баяндама жасады. Президентке Алматы қаласына қосымша күштер, соның ішінде ҰҚШҰ бітімгерлік контингентінің күштерін жұмылдыруға қатысты берген тапсырмасының нәтижесінде қала лаңкестерден толық тазартылғаны ...

Читать далее »

ЗАЛАЛ КЕЛГЕН НЫСАНДАР АШЫЛА БАСТАДЫ

Шымкентте болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлініп, шығындалған кәсіпкерлік нысандарының жұмысы жандана түсті. Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының өкілдері бүгін БАҚ өкілдеріне осындай нысандардың жұмысымен таныстырды. Солардың бірі – METRO сауда орталығы. Күдіктілер тонап кеткен сауда орталығының өкілдері ғимаратты қалпына келтіріп, қайта қызмет көрсетуді бастап кетті. – Жаппай тәртіпсіздік кезінде сауда орталығына едәуір шығын келді. Тонаушылар ғимараттың кіреберісін толық бұзып, ...

Читать далее »

ҚАЛАЛЫҚ №5 ЕМХАНАНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкентте эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың күрт көбеюіне байланысты емханалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Осыған орай, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан №5 қалалық емханаға барып, дәрігерлердің жұмысымен танысты. —Қазір Қазақстан бойынша эпидемиологиялық ахуал нашарлап кетті. Бір тәулікте 9 122 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде Шымкент қаласының 320 тұрғыны бар. Қалада 1 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатса, ...

Читать далее »

ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫ АРТАДЫ

Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінде берген тапсырмаларының бірі – халық табысын арттыру. Бұл мақсатта Үкіметпен арнайы бағдарлама әзірленеді. Оның ішінде, инфляция, халықты жұмыспен қамту, жекелеген топтағы азаматтардың жалақысын өсіру мәселелері қамтылмақ.Осыған байланысты Шымкент тұрғындарының әл-ауқатын көтеру бойынша маңызды ұсыныстар ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жолданды. Азаматтық қызметшілердің (білім, денсаулық сақтау, мәдениет т.б.) жалақысын жыл сайынғы 20 пайыздық өсіммен қамтамасыз етуге ...

Читать далее »

100-ГЕ ЖУЫҚ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және импорт алмастыру жөніндегі тапсырмасын орындаудың бірден бір шарты – ол өңірде өндірістің дамуына қолайлы жағдай жасау және индустриалдық аймақтарды дамыту.Бүгінде қалада жаңадан «Жұлдыз», «Бозарық», «Стандарт» индустриалды аймақтардың, өнеркәсіптік жылыжай кешендерінің құрылыс жұмыстары мен «Тассай» индустриалды аймақты кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, «Жұлдыз», «Бозарық», «Тассай» индустриалды аймақтардың инфрақұрылымына бюджеттен биыл 3,9 млрд.теңге қаржы бөлінген.Өңдеу өнеркәсібі мен ...

Читать далее »

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ БАЯНДАЛДЫ

Шымкентте қала әкімінің төрағалығымен өткен онлайн-жиналыста ҚР Президентінің 11 қаңтарда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығын сақтау бойынша берген тапсырмаларын жүзеге асыру барысы талқыланды. Қала әкімі әрбір берілген тапсырманы жүзеге асыру мақсатында жұмыс жоспары мен жүйелі индикаторлар әзірленіп, сапалы және барынша жылдам орындалу қажеттігін айтты. Еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыру бағытында өңірде атқарылатын жұмыстар туралы басқарма басшылары баяндады. Алдымен экономика ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Төтенше жағдай режимі енгізілгелі Шымкент қаласында жағдай тұрақты. Барлық кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде. Қала аумағында түнгі 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін «коменданттық сағат» жүзеге асырылуда, стратегиялық нысандарды күзету күшейтілген. Қаладағы қоғамдық саяси жағдай тұрақты бақылауда. Қалада жаппай тәртіпсіздік сәтінен бастап полицияға 3 мың 568 адам жеткізілді. Бүгінге дейін 442 құқық бұзушылық анықталды. Оның 298-і бойынша қамауға алу, ...

Читать далее »

АРДАГЕРЛЕР ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Елімізде орын алған қиын жағдайдан соң Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен жүргізілген жүйелі жұмыстар нәтижесінде еліміздің барлық өңірлерінде тұрақты жағдай қалыптасып келеді.Осы орайда Қаратау ауданының ардагерлер кеңесі мүшелері, белсенді ардагерлері аудан аумағындағы саябақтар мен алаңдарға «халық сақшысы» ретінде шығып, аудан жастарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Ардагерлер жастарға халқымызды арандатуға және тұғырлы Тәуелсіздігімізге жасалған мұндай шабуыл кезеңінде біздің басты мақсатымыз – бірлік екенін атап ...

Читать далее »