Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2022 » Август (страница 8)

Месячные архивы: Август 2022

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә.Әділбеков мекеме қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде жиын өткізді. Күн тәртібінде: «Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлықтың туындауына себептерді болдырмау және алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Бөлім басшысы жиынның күн тәртібіндегі негізгі мәселеге тоқталып, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, ...

Читать далее »

Полицейлер қарақшылық шабуыл жасап, қару қолданған туыс жас жігіттерді ұстады

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов, Келес ауданында түнгі уақытта өзгенің тұрғын үйіне кіріп, қарақшылық шабуыл жасаған туыс жігіттердің ұсталғанын жеткізді. Оқиғаны толығырақ айтар болсақ, Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, қарақшылық шабуылдың құрбаны болғаны жөнінде хабарлама түсірген. Анықталғандай, қарақшылар жәбірленушілерді қарумен қорқытып, оқиға орнынан бой тасалаған. Тексеру кезінде жәбірленушінің айтуынша, үйіне белгісіз екі ер адам ...

Читать далее »

Ойын-сауықтыру орталығынан ұялы телефон ұрлаған әйел анықталды

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, қызының «VIVO» маркалы ұялы телефонын ойын-сауықтыру орталығынан белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 80 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары жедел іске кірісті. Олар оқиға орнына бірден жетті. Қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. ...

Читать далее »

Полицейлер жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізушіні жауапқа тартты

Арыс АПБ-нің полиция қызметкерлері мас күйде көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасының кезекті жайтын анықтады. Яғни, «Opel Vectra» автокөлігі қарсы жолаққа шығып, «Ваз-21014» автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ, алайда көліктерге материалдық шығын келген. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары «Опель Вектра» жүргізушісі көлікті мас күйінде басқарғанын анықтады. Тәртіп бұзушы медициналық куәландыруға жеткізілді, ол мас болудың орташа дәрежесін көрсетті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің ...

Читать далее »

Кәсіпкерлік палатадан 1 200 000 теңге ақша алып беремін деп алаяқтық жасаған әйел анықталды

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның танысы «Бизнес бастау» кәсіпкерлік палатадан қайтарымсыз 1 200 000 теңге ақша алып беремін деп, әбден сеніміне кірген. Осылайша, жәбірленушіден ақы үшін 710 000 теңге ақша алып, алдап кеткен. Арада 1 жылдан аса уақыт өтсе де, созбалаңқылыққа салып жүрген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. ...

Читать далее »

Үйінің ауласына «сора» есірткісін еккен тұрғындар қамауға алынды

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора» жедел-профилактикалық шарасы кезінде 2 тұрғынның өз ауласына есірткі өсіргендігін анықтады. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп өсіру» бойынша тіркеуге алды. Полицейлер күдіктілердің үйіне барып, олардың ауласын тінту кезінде егістік алқаптан заңсыз есірткі затына ұқсас өсімдікті тапты. Оны айғақты зат ретінде алып, сараптамаға жолдады. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН 2 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ ӘСКЕРГЕ ЖІБЕРІЛЕДІ

Бірінші қыркүйекте әскерге шақыру науқаны басталады. Ол осы жылдың соңына дейін жалғасады. Биылғы жылдың күзінде Түркістан облысынан 2 мыңнан астам әскерге шақырылушыларды әскерге жіберу жоспарланған. Бұл шара Қазақстан Республикасының Президенті «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына сәйкес жүргізіледі. Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі ...

Читать далее »

Әскер – әлсіздердің орны емес

Соңғы кездері әскердегі сарбаздар арасында өлім-жітімнің көбейіп кетуін кімнен көреміз? Жастар арасындағы тәрбиенің осалдығынан ба, жоқ, әлде кілтипан Қарулы Күштерде ме? Меніңше, мәселеге бір жақты қарамау керек. Бұл жөнінде «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы, подполковник Бабай Алдабергенов «Оңтүстік Қазақстан» газетіне берген мақаласында кеңінен тоқталып өтті, деп жазады сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Статистикаға сүйенсек, жыл ...

Читать далее »

ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУДА ЖАҚЫПОВТАР ОТБАСЫНЫҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛДЫ

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы – бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің қаншалықты маңызды екенін түсінуге, отбасылық өмір салты, ата-аналық парыз, жауапкершілік секілді ұғымдарды ел санасына сіңіруге, әсіресе, жастарға жеткізуге мүмкіндік береді. Ұлттық байқаудың қалалық кезеңінің марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов осылай деді. –Халқымызда «Отан – отбасыдан басталады» деген ұлағатты ...

Читать далее »

Шымкентте 34 мыңнан астам тұрғын табиғи газбен қамтылады

Шымкент қаласын табиғи газбен толық қамту үшін 15 нысанда құрылыс жүргізілуде, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Шымкентте 81 елді мекен бар болса, соның 31-і табиғи газбен жартылай қамтылған. Ал 8 елді мекенге газ тартылмаған. Бүгінде халықты толықтай көгілдір отынмен қамту үшін қаладағы 15 нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды. Бұл туралы Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков брифинг ...

Читать далее »