Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2023 (страница 4)

Годовые архивы: 2023

АРЫС: ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Әлемдегі ең сұлу әйел –жүкті әйел. Жанарында – бақыт, жүрегінде –махаббат, ал ішінде – жаңа өмір. Десекте кей сәттері нәзікжандылардың зорлық-зомбылыққа ұшырап, өмірден опық жейтін сәттері тіркеліп жатады. Осыны ескерген мамандар бала мен әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылық жайттарының құрбаны болу мәселелерін болдырмау, алдын алу мақсатында маңызы зор іс-шара өткізді. Арыс аудандық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры А.Мырзахметова ...

Читать далее »

Сүт безі қатерлі ісігінің (рак) алдын алу жолдары қандай? — Маман кеңесі

Сүт безінің қатерлі ісігі — бүкіл әлем бойынша және Қазақстанда әйелдер арасында ең көп таралған қатерлі ісік түрі. Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығының мәліметінше, 13 пен 90 жас аралығындағы 100 000 әйелге шаққанда 99,4  жағдай кездеседі. Қазақстанда жыл сайын сүт безі қатерлі ісігінің 5 мыңға жуық жаңа жағдайы анықталады. Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім құрылымында сүт безі қатерлі ісігі 3-орында және жыл ...

Читать далее »

Салауатты өмір салтын ынталандыру

Салауатты өмір салтын ынталандыру – әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі, алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с. бағытталған. Н. Ә. Назарбаев Алғы сөз! Салауаттану білімі мен тәрбиенің бірлескен жүйесі оқушының денсаулығын сақтауға және нығайтуға көмектеседі. Сондықтан, оқушылардың дені сау болып, сапалы білім алуы үшін бүгінгі заман талабына сай игі дәстүрлер мен құнды әдеттерді қалыптастыра ...

Читать далее »

Өкпеден тыс туберкулездің: себептері, белгілері және емдеу

Өкпе туберкулезі немесе туберкулез — бұл бірінші кезекте өкпеде ерекше, ерекше өзгерістердің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. 1882 жылы 24 наурызда неміс бактериологы Роберт Кокс туберкулездің қоздырғышын тапты. Ол туберкулездің қоздырғышын пациенттердің қақырығында, өлілердің дене мүшелерінде тауып, оны туберкулездің микобактериялары деп атады. Әзірге бұл бактерия оны алғаш ашқаннан кейін Кокс бацили деп аталады. Туберкулез таяқшасы қозғалмалы емес және бұралған споралар ...

Читать далее »

Тұмау дегеніміз не?

Тұмау – бұл тыныс алу жүйесін зақымдайтын жедел вирустық ауру. Тұмау ЖРА – жедел респираторлы аурулардың, дәлірек айтсақ, ЖРВИ – жедел респираторлық вирустық инфекциялардың санатына кіреді. Тұмау иммунитеттің әлсіреуі мен салқын тиюден пайда болмайды, оған ерекше вирус – тұмау вирусы себепкер болып табылады. Оның ерекшелігі өзгергіштігімен сипатталады. Медицинада сипатталған тұмаудың үш түрі (А, В және С) кезектесуімен қатар, олар өз ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ҮШ АУЫЛЫНДА СПИРТТІК ІШІМДІК МҮЛДЕМ САТЫЛМАЙДЫ

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Төреарық, Жусансай, Аққойлы ауылдарының тұрғындары спирттік ішімдіктен толығымен бас тартқан. Үш ауылдың дүкендерінде мүлдем ішімдік сатылмайды. Сондай-ақ, соңғы бес жылда аталған ауылдарда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ауыл тұрғындары тек ішімдіктен бас тартып қана қоймай, жастарды тәртіп бұзбауға және ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үйрететіндерін айтады. — Балаларымызды әділ әрі тәртіпті болуға, үлкендерді құрметтеп, ұлттық салт-дәстүрлерімізді қадірлеуге үйретеміз. Барлық жамандықтың ...

Читать далее »

Тері аурулары

Қышыма қотыр (чесотка) терінің жұқпалы ауруы. Оны тарататын қоздырғыш қышыма қотыр кенесі. Ол адамның терісіне жұққан бойда, өзіне орын «қаза» бастайды. Ұрғашысы сол өзі «мекендеген» тұсқа жұмыртқа салады. Үш-төрт күннен кейін онысы құртқа (личинка) айналады. Қалай жұғады? Қышыма қотыры бар адаммен қарым-қатынас жасағанда, онымен төсек орынды, киім кешекті, орамалды сүлгіні, ысқыны (мочалка) т.б. заттарды бірге пайдаланғанда жұғады. Тиісті санитарлық тәртіп ...

Читать далее »

ДЕНСАУЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ САҚТАУ

Денсаулық – адам өміріндегі ең басты қажеттілік, бой тазалығы, дертті бойға дарытпау, яғни ағзасының дұрыс және қалыпты жұмыс жасауы, әрі сыртқы ортамен динамикалық тепе-теңдікке келіп, барлық мүшелер жүйелерінің қарым-қатынасы гармониялық түрде болуы, организмнің өзін-өзі басқара білуі. Денсаулықты қалыптастырудың негізгі алты қырлары: а) Тәндік денсаулық – жатыққан және шыныққан тәндік аурулары жоқ біздің денеміздің қалай құрылғандығы және қалай жұмыс істейтіндігі туралы ...

Читать далее »

Аса қауіпті инфекциялар

Жұқпалы аурулар ерте заманда-ақ олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды. Жұқпалы аурулар (латын сөзі infection – жұқтыру) –  бір топ патогенді қоздырғыштармен шақырылатын; жоғары жұғуымен, цикл түрінде өтуімен сипатталатын, арнайы иммунитет құратын, кең таралған аурулар. Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Адам патологиясының  ішінде үлес салмағы 60-70 % (ДДҰ жүрек ...

Читать далее »

Қан жүйесінің физиологиясы және оның жастық ерекшеліктері. Имунитет

Қан жүйесінің маңызы. Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Мұның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қ а н ...

Читать далее »