Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2024 » Май (страница 18)

Месячные архивы: Май 2024

Адам саудасына қатысты бірнеше фактілер тіркелген

Дүниежүзінде құлиеленушіліктің заңды түрде жойылғанына қарамастан, жаһанданған ХХІ ғасырда да кей елдерде заңсыз адам саудасының бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Құл иеленушілік саясатын ең соңғы рет 1981 жылы Мавритания заңсыз деп танып, адам саудасын тоқтатқан. Бүгінде дүние жүзіндегі бірде-бір мемлекет құлдықты қолдамайды. Тіпті, ғылым мен ілім, технология дамыған ХХІ ғасырда құлдықты елестету мүмкін де емес сияқты. Алайда мұның бәрі заңдық ...

Читать далее »

АРЫС ҚАЛАСЫНДА АТТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен №17 колледж бен Арыс гуманитарлы-техникалық колледінің студенттері, Арыс қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар, мәдениет саласының қызметкерлері және «Асыл жүрек» КММ-нің ұжымы арасында «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» және «Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б.Абуов, Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ...

Читать далее »

ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІМПАЗДАР ТЕГІН ОҚУ ГРАНТЫН ҰТЫП АЛДЫ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ректор кубогіне арналған 10, 11, 12 сынып оқушылары арасында екі күндік І Республикалық «AUEZOV SCHOOL CUP» пікірсайыс турнирі өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған турнирге «Ақиқат» пікірсайыс орталығынан 70, еліміздің 6 аймағынан 120-ден аса үздіктердің үздігі саналған пікірсайысшылар қатысып, бағын сынады. Қазақ және орыс тілінде америкалық парламенттік және Линкольн-Дуглас форматында өткен турнирді пікірсайысшылар қызықты әрі жоғары деңгейде ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «АНАЛАР АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

Шымкентте тағы бір жаңа гүлзар тұрғындардың пайдалануына берілді. Нысанның ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, жергілікті тұрғындармен тілдесті. «Аналар аллеясы» аталған гүлзар Желтоқсан көшесінің Бейбітшілік пен Момышұлы көшелерінің аралығында орналасқан. -Мемлекет басшысының тапсырмасымен қалада тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Міне, соның бірі – жаңа гүлзар ел игілігіне беріліп отыр. Мұның барлығы – сіздер, тұрғындар мен балалар үшін. Бүл ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ТЕННИСТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жастар арасындағы әлем чемпионатына іріктеу бойынша Дэвис кубогы кезеңінің ұлдар арасындағы сайысының ашылу рәсіміне қатысты. Ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан Junior Davis Cup Азия/Океания аймағының іріктеу жарысында 16 жасқа дейінгі кіл мықты жасөспірімдер бақ сынасуда. Әлем чемпионатына іріктеу қаламызда екінші рет өтуде. Жасөспірім ұлдар арасындағы іріктеуде Шымкент, Алматы қалалары мен Түркістан облысының спортшылары ел ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесулердегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуы және су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары баяндалды. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында атқарылған жұмыстармен қатар кенелерге қарсы санитарлық өңдеу шаралары талқыланды. Аудан әкімі Р.Мүлкеманов халықпен кездесулерде көтерілген жол, қоғамдық көлік, инфрақұрылым, көгалдандыруға қатысты мәселелердің шешімін жеткізді. Қала басшысы халықпен кері байланысты нығайтып, аталған ...

Читать далее »

Сауран ауданында «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында кездесу болып өтті

Сауран ауданы Үшқайық ауылдық округіне қарасты «А.Үсенов» атындағы жалпы білім беретін мектепте «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбы аясында жоғарғы сынып оқушылары арасында кездесу болып өтті. Кездесуге Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Д.Ажибай қатысты, деп хабарлайды jetpisbai.kz. Еліміз қай заманда да елдікке, тыныштыққа, бірлікке соның ішінде ел берекесінің тұрақты болуына үлкен назар аударған. Елімізді ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 76 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯНЫҢ ЖҮРЕГІНЕ АШЫҚ ОТА ЖАСАЛДЫ

Шымкент жүрек орталығының дәрігерлері 76 жастағы қарияның жүрегіне жасанды жүрек аппаратын қолдану арқылы ашық ота жасап, аман алып қалды. Адам өміріне аса маңызды жүрек қан тамырлары зақымдалған зейнеткер Бахадыр Исановқа құны 2 миллион 900 мың теңге тұратын күрделі ота МӘМС есебінен жасалған. Ақ желенділер мұндай ота түрлерімен жылына 500-ден астам науқастың өміріне араша болуда. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында ...

Читать далее »

Полиция ескертеді…

Түркістан облысы Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының 5 қызметтік автокөлігіне автоматты түрде жылдамдық өлшегіш «Автоураган» құрылғысы орнатылған. Аталған құрылғысы бар автокөліктер республикалық маңызы бар тас жолдарда, елдімекендерде қызмет атқарады. Сондықтан көлік басқару кезінде елдімекендерде жүру жылдамдығын 60 км/сағ, ал елдімекеннен тыс трассаларда 110 км/сағ асырмаңыздар. Егер жылдамдықты белгіленген шамадан асырсаңыз, жоғарыдағыдай көліктің камерасына түсіп, айыппұл арқалауыңыз мүмкін. Мұндай заманауи кешен ...

Читать далее »

Қараусыз қалған мал жол апатына себеп болуы мүмкін

Түркістан облысында жол бойында иесіз жүрген үй жануарларының автокөліктерге соқтығысу жайттары жиі кездеседі. Мұндай сәттерде техниканы айтпағанда, автокөлікте отырған адамдар қатты зардап шегуі мүмкін. Яғни мал иелерінің өз мүлкіне немқұрайды қарауының соңы қайғылы салдарға әкеп соғуы мүмкін. Одан бөлек бақылаусыз жайылып жүрген мал ұрылар үшін де оңай олжа болып табылады. Мал ұрлығын болдырмау, сондай-ақ өңір аумағында қараусыз жүрген малдың салдарынан ...

Читать далее »