Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2024 » Июль (страница 17)

Месячные архивы: Июль 2024

КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСІП, ИНВЕСТ ЖОБАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік саласын дамыту үшін инвестиция тартуды көздеген кәсіпкерлермен кездесіп, инвест жобаларымен танысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы жұмыс сапарын Зертас ауылдық округінен бастап, жеке кәсіпкердің «AZIA MILK» маркасымен іске қосылатын сүт-тауарлы фермасының жобасына көңіл бөлді. Кәсіпкер берген мәліметке сүйенсек, елді мекен ...

Читать далее »

МӘДЕНИ-СПОРТТЫҚ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН БАҚЫЛАП КӨРДІ

Aудан әкімі Азат Оралбаев Қажымұқан ауылдық округінде (Батыс Қытай-Батыс Еуропа автодәлізінің бойында) салынып жатқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мәдени-спорттық кешеннің құрылысын бақылап көрді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған нысанның құрылысы 2021 жылдың І-тоқсанында басталған. Аумағы 5 Га құрайды. Жобаға сәйкес нысанда кітапхана, көрме залы, қонақ үй, асхана, конференц залы, спорт залы, спортшылардың киім ...

Читать далее »

ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ БАСТЫ НАЗАРДА

Аудан әкімі Шәкір Асылханұлы Қайнарбұлақ тұрғын алабына барып, тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиынға тиісті басқарма мамандары, бөлім басшылары қатысты. Кездесуде тұрғындар тарапынан шағал тас төсеу жұмыстары, автобус, газ мәселесі көтерілді. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі тұрғындардың талап-тілектері ескерілетінін, ұсыныстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын айтты. © Jetpisbai.kz

Читать далее »

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ 2024 ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

2024 жылдың 17 шілдесінде Еңбекші аудандық Полиция басқармасында Шымкент ҚПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Попов Александр Викторович төрағалығымен осы ағымдағы жылдың 6 айында атқарған жұмысты қорытындылау жөнінде жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Еңбекші Аудандық Полиция Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жедел кеңес барысында басқарма бастығының орынбасарларының баяндамалары тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланып, Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ...

Читать далее »

АЛҒАШ РЕТ НЕЙРОНАВИГАЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫ КӨМЕГІМЕН БАС МИ ІСІГІНЕ СӘТТІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қалалық №2 ауруханасында алғаш рет нейронавигациялық құрылғы көмегімен бас ми ісігіне сәтті операция жасалды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қалалық №2 ауруханасының бас дәрігері, қалалық мәслихаттың депутаты Бакытжан Позиловтің фейсбук парақшасына сілтеме жасап. Науқас 72 жаста, соңғы 2-3 айда сол жақ аяғының күн өткен сайын әлсіреуін байқаған. Тіпті жүруі нашарлаған. Дәрігерлердің нұсқауымен бастың магнитты-резонансты томографиясын жасаған. Диагноз мидың ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОН БІРІНШІ СЕССИЯСЫ

​​2024 жылғы 17 шілдеде сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он бірінші сессиясы өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Гани Раймбековтің фейсбук парақшасына сілтеме жасап. Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс он бірінші сессиясының жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов, облыс әкімдігінің мүшелері, басқарма басшылары, облыстық тексеру комиссиясының төрағасы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. ...

Читать далее »

Басты мақсат — жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу және діни сауаттылықты арттыру

«Діни экстремизмнің алдын-алу және жастарды патриоттыққа тәрбиелеу» тақырыбында Сауран аудандық кірістер басқармасындақызметкерлерімен кездесу болып өтті. Кездесудің басты мақсаты жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу және діни сауаттылықты арттыру болып табылады. Кездесуді Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Қалеке Марат ашып, бұл кездесудің маңыздылығын және қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе қатарында екенін айтып, келген қонақтарды таныстырды. Кездесу барысында сөз кезегін алған ...

Читать далее »

Полиция құжатсыз мал тасымалдаудың 8 жайтын анықтады

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламасы аясында, Бәйдібек ауданында рейд өтті. Іс-шараға аудандық полиция, ветеринария және ветеринарлық бақылау бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Тиісті сала мамандары құжатсыз мал тасымалдаған автокөлік жүргізушілері мен мал иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ 2 тәулікте ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабымен (құжатсыз мал тасымалдау) 8 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Мұндай іс-шаралар алдағы ...

Читать далее »

Түркістан облысында «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы жалғасуда

Түркістан облысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, түнгі уақытта көшелерде немесе ойын-сауық орындарында ата-аналарының қарауынсыз жүрген жасөспірімдерді анықтауға бағытталған «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Полицейлер қоғамдық көмекшілермен бірге саябақтарды, скверлерді, компьютерлік клубтарды, қараусыз қалған ғимараттарды, ойын-сауық орталықтарын және кәмелетке толмағандар баруы мүмкін басқа да орындарды тексеруде. Рейд барысында құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдер анықталып, полицияға жеткізілді. ...

Читать далее »

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АРҚЫЛЫ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ

Елімізде ісін жаңадан бастап, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз ету үшін қайтарымсыз гранттар беріледі. Бүгінде дәл осы өтеусіз гранттар халықты жұмыспен қамтудың тиімді тетіктерінің біріне айналып отыр. Шымкент қаласында өткен жылы бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін 452 азаматқа қайтарымсыз грант берілген. Олардың қатарында – мүгедектігі бар азаматтар, аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшесі, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар бар. ...

Читать далее »